ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР- қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті. Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттаға адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, рухани-мәдени және т.б. Көбіне бұл мақсаттар құбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады.