Сол кезде даңқы шығып тұрған Н.Құлжановаға ұлт зиялылары
А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Сейфуллиндер өлең арнап жазған. Қайраткер, журналист Нәзипа Құлжановаға таза көңілмен, ағалық мейіріммен арнап Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Ардақты, бар Нәзипа деген ханым, Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін,
Неше күн қыдырсаң да таба алмассың Семейдің одан өтер адам жанын.
Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын, Ынтасы жеткізбекке әйел халқын-деген шумақтары бар арнау өлең жазған.
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова өнерпаз адам болған. Ыбырай мен Абайдың шығармашылығына байланысты ойын-сауық кештерін өткізіп, Семей облыстық театрынының негізін салған. Әнші болмаса да, қазақ әндерін домбырамен нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы ол кісінің әншілігі ғана емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі еді.
Нәзипа Сегізбайқызы Александр Затаевичке «Ғайни-ай, сәулем», «Қыздардың зары», «Жылқылы бай» әндерін жаздырған. Бұл әндер кейін А.Затаевичтің «1000 песен казахского народа» атты кітабына еніп, қазақ өнерінің алтын қазынасына айналды.
Нәзипа Құлжанованың өмірі қысқа болды. Нәзипаның күйеуі колчактардың қолынан қаза тапқаннан кейін, арада он жылдай уақыт өткенде ол «халық жауы» деп танылып, ал оның адал жары, ел зиялысы Нәзипа Сегізбайқызына «халық жауының әйелі» деген айып тағылып, әуелі өзінің атқарып жүрген жұмысынан қуылып, баспалардан шыққалы жатқан бірқатар кітаптары мен мақалалары тоқтатылып тасталып, кейін мүлдем қорғансыз-панасыз болып қалады
Көрінгеннің
көзтүрткісіне
айналып,
ақыры
жазылмас
дертке
ұшырап,
денсаулығынан
айырылып,
1934
жылы
47
жасында
Алматыда
қайтыс
болған
.
Өз
халқы
үшін
барлық
күш
-
жігерін
сарқа
жұмсаған
Нәзипа
Құлжанованың
тағдыры
осындай
болды
.
Нәзипа
Құлжанованың
Гүлжиһан
деген
жалғыз
қызы
қалған
.
Гүлжиһанның
жолдасы
Ұлы
Отан
соғысында
қаза
болып,
одан
қалған
ұлы
мен
қызы
жоғары
білімді
азамат
болып
олардан
немере,
шөберелері
тарап
отыр
.
Көрнекті педагог-оқымысты,журналист,көсем,сөзші, жазушы әрі аудармашы Нәзипа Құлжанованың қаламынан туған түрлі сипаттағы шығармалар жинағы профессор Серік Негимовтың құрастыруымен 2014 жылы Ана тілі баспасынан жарық көрді.
Сонымен бірге Г.А.Кәрібжанованың ағартушы-педагог Н.С.Құлжанова туралы «Нәзипа Құлжанова» атты кітабы жарық көрді.
Торғай қаласында Арқалық колледжіне Нәзипа Құлжанованың есімі берілген.
Ұлт руханияты тарихындағы әйгілі қайраткер Нәзипа Құлжанованың Ұстаздық,қоғамдық еңбегі,ой толғаулары,өмірде атқарған ісі,өлшеусіз өнегесі мәңгі жасай берсін деп сенеміз.
Нәзипа Құлжанованың еңбектері күні бүгінге дейін өзінің құндылығына қылау түсірмес аса құнды еңбек екені даусыз. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салуда қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш көрнекті педагог-ғалым Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованы мәңгі есте қалдыруда Қазақстан үкіметі арнаулы қаулы қабылдап, оның туған жері Қостанай облысы Рудный қаласындағы педколледжге ғалымның атын берсе, сондай-ақ, Қостанай қаласында Н.Құлжанованың атына бір көше берілсе, 1914-1920 жылдарда өзі жұмыс істеген Семей педколледжінде Нәзипа атындағы стипендия тағайындалса, класс-лаборатория белгіленсе ағартушы, қайраткер, педагог ғалымға жасалған зор құрмет болар еді. Бұл мәселе бұдан он жыл бұрын 2007 жылы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, педагог ғалым Нәзипа Құлжанованың туғанына 120 жыл толуымен байланысты газет беттерінде көтерілген болатын. Алайда, жергілікті атқарушы органдар мен үкімет басшыларының бұл мәселеге самарқау қарауынан ескерілмей, аяқсыз қалып келді. «Ештен кеш жақсы» дегендей, ел басқарушы әкімдер әлде де болса халық үніне құлақ асар деген үкілі үміттеміз.
Ахметова Л. Қарлығаш қаламдастар [Мәтін] / Ахметова Л. - Алматы : Қазақ университеті, 1993. - 112 б. Жарықбаев Қ Жантану оқулығы [Мәтін] / Жарықбаев Қ. - Алматы : Дарын, 2008. - 630 б. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім-тәрбиесі [Мәтін] : Қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық психологиясының тарихы. Оқу құралы / Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.К. - Алматы : Санат, 1995. - 352 б. Кәрібжанова Г.А. Н.С.Құлжанованың өмірі және қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-1934) [Мәтін] : Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Кәрібжанова Г.А. - Алматы : Б.ж., 2003. - 36 б. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы (Кеңестік дәуір-1920-1990) [Мәтін] : Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / Қалиев С. - Алматы : Білім, 1999. - 160 б.
Назар аударғаныңызға үлкен рахмет!!!🥰❤
Достарыңызбен бөлісу: |