Нәзипа Құлжанова


Рафиқа Бекенқызы Нұртазина



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі38,9 Kb.
#107307
1   2   3
Байланысты:
3апта

Рафиқа Бекенқызы Нұртазина (8.3.1921 жылы туған, Павлодар облысы Павлодар ауданы 6-ауылы) – педагог-әдістемеші, ғалым, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социолистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылым кандидаты (1974). Қазақтың мемлекеттік қыздар педигогика институтының филология факультетін бітірген (1951). 1951 – 71 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан сол мектептің директоры болды. 1972 жылы республикалық педагогика қоғамның төрағасы болып сайланды. Нұртазина – 40-тан астам ғылыми әдістемелік еңбектің (орыс тілінде) авторы, ол қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Ленин (1968), “Құрмет белгісі” (1966) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Діни көзқарасы - ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - В.И. Ленин.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өз балаларымның, немерелер мен шеберелерімнің жарқын болашағына сенемін».

Хоббиі - қазақ балалар әдебиеті.

Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин.

Жұбайы - Сүлейменов Дүйсен Әлібайұлы (1914-2000), мал дәрігері болған, ҰОС ардагері (49-шы кавалериялық дивизияның капитаны), Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері мен, көптеген медальдар және құрмет грамоталары мен марапатталған. Қыздары - Сүлейменова Гүлнұр Дүйсенқызы (1943 жылы туған) дәрігер, Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы (1945 жылы туған), ЖМ ХГА академигі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, Сүлейменова Баян Дүйсенқызы (1949 жылы туған), орыс тілінің оқытушысы, дефектолог-логопед, Алматы қаласы №9 мектеп-интернаттың директоры; ұлы - Сүлейменои Нұрлан Дүйсенұлы (1952 жылы туған), биолог.[1]

Шығармашылығы[өңдеу]



  • Занимательнай грамматика, А., 1973

  • Книга для чтения для 5 класса казахской школы, А., 1974

  • Сабақ жалғасы, А., 1996

  • Мирастың кітабы (телавтор), А., 1998.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет