ІІІ. Жаңа материалды оқыту.
Миға шабуыл.
Неге тағамдық заттарды қанға тікелей жіберсе адам өліп кетеді, мысалы сорпаны немесе сүтті?
(Себебі тағамдық заттар организмге қажетті құрылыс материалы және энергия көзі заттары болуы үшін, олар асқорыту мүшелерінде әртүрлі қортылу процестерінен өтіп, қарапайым құрылымды заттарға дейін ыдыраулары және қан арқылы барып ағза зертханасы болып табылатын бауырда улы заттардан тазартылуы міндетті.)
«Ат адамның қанаты,
ас адамның қуаты»
-демекші, бүгін біз адамның тіршілігі үшін аса маңызды процесстердің бірі - астың қортылуын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесінің құрылысына тоқталамыз. Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз:
« Асқорыту мүшелерінің құрылысы»
Слайдта оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты және жоспары көрсетіліп, назарлары бағытталады.
Тақырып жоспары:
1. Асқорыту мүшелеріне жалпы сипаттама.
2. Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
3. Өңеш
4. Асқазан
5. Аш ішек
6. Тоқ ішек
7. Сілекей бездері
8. Ұйқы безі
9. Бауыр
Адам организмінің дұрыс қалыптасып, өсіп –дамуы мен тіршілік
әрекетіне қажетті ең негізгі жағдайлардың бірі – дұрыс тамақтану.
«Ой қозғау»
Адам мен сүтқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі өте ұқсас болып келетіндігі неліктен? (себебі адамдар да сүтқоректілер класына жатады)
6-сыныпта алған білімдерің бойынша сүтқоректілердің күйіс қайтаратын жануарлардың бірі – сиырдың асқорыту мүшелерін еске түсіріп, атап көріңдер.
(Сүтқоретілірде ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі және аш ішек пен тоқ ішек).
Кез келген тіршілік иесі сияқты адам организмі де үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жойып жатады. Олардың орнын жаңа жасушалар басып, қалпына келтіріп отырады. Бүкіл тіршілік процестерінің үздіксіз жүруіне куат, яғни энергия пайдаланылады. Міне, организмге қажетті осы «құрылыс матералдары» мен энергия көзі – астан алынады. « Ас адамның арқауы» дейді халқымыз, ал астың қорытылуы өте күрделі процесс және ол асқорыту жүйесі деп аталатын мүшелер тобында жүзеге асады.
Асқорыту жүйесі
Асқорыту жолы Асқорыту бездері
* ауыз қуысы * 3 жұп сілекей бездері
* жұтқыншақ * ұйқы безі
* өңеш * бауыр
* асқазан
* аш ішек
* тоқ ішек
Асқорыту жолының ұзындығы, шамамен 8-10м. (Сурет бойынша жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |