Назар аударыңыз. Басқа қосымшадан импорттау кезінде кестенің ені бет енінен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сәйкес келетін маркердің көмегі арқылы кестенің бағандарының енін қолмен орнатыңыз
Кестедегі деректерді сұрыптау Деректерді сұрыптау- бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі. Егер кестедегі деректер біртіндеп терілген болса және әрбір жазба бір жол төмен жасалған болса онда көбінесе сұрыптау қолданылады. Бұндай кестеде ақпаратты табу өте қиын. Сұрыптауды қолдану деректерді реттеуге көмектеседі.
Кестедегі деректерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Сұрыптау диалогтық терезесінде ... бойынша басынан тізімінен кестенің сұрыптауын жүргізу қажет бағанды таңдаңыз. Бұл жерде бағандар солдан оңға нөмір бойынша түгенделіп шығарылған.
Егер әріптердің регистрі ескерілетін сұрыптауды қолдану қажет болса, онда Параметрлер батырмасын басыңыз және Сұрыптау параметрлері аймағында Регистрді ескеру жалаушасын орнатыңыз (5.24. Сурет)