Нысандарды кірістіру: кесте және олармен жұмыс. «Емдеу ісі» топтарына арналған



бет4/8
Дата03.11.2023
өлшемі483,5 Kb.
#189247
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Нысандарды кірістіру кесте және олармен жұмыс
26. Производство пищеконцентратов на основе зерновых продуктов, оценки ТП 25, граната, Мәтіндік редактор, инвентарный список, 1 жұмыс 26.09, Урок литературы 10 класс на тему А.Островский Бесприданница , Практикум комп мод электрон схем, ФЕРМЕНТТЕР, РУС БМ02 для ПО 06 РУП, Хлоропластардың құрылысы оку материалы (1), 162409, Практические-работы, Практические-работы
Кесте элементтерін қосу
Кестелерді редактілеу кезінде оған қосымша элементтерді, мысалы, жолдар немесе бағандар қосу қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Қанша қосу қажет сонша жолды немесе бағанды ерекшелеңіз;

  • Макет қосымшасына өтіңіз және Жолдар және бағандар тобында қажетті батырманы басыңыз:

  • Сол жағына қою;

  • Оң жағына қою;

  • Төбесіне қою;

  • Астына қою (5.12. Сурет)

5.12. Сурет. Макет қосымшасындағы Жолдар және бағандар тобы

Кестеге элементтер қосудың тағы бір тәсілі- Ұяшықтар командасы. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:





5.13. Сурет. Кестеге ұяшықтар қою батырмасы


Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесінде қоюды қалай жүргізу керек екенін көрсетіңіз (5.14. Сурет):

  • Оңға жылжумен;

  • Солға жылжумен;

  • Тұтас жолды қою;

  • Тұтас бағанды қою.




5.12.сурет Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесі


Кестелердің элементтерінің өлшемін өзгерту
Кестенің енін және жолдың биіктігін бірнеше тәсілмен өзгеруге болады. Ең қарапайым тәсіл- тышқанның көмегімен. Ол үшін нұсқағышты бағанның оң жақ шекарасына немесе жолдың төменгі шекарасына орналастырыңыз. Нұсқағыш қарама- қарсы жаққа бағытталған бағыттауышы бар қос сызық пішініне айналған кезде, тышқанның батырмасын жібермей бағанның шекарасын немесе жолдың шекарасын қажетті орынға жылжытыңыз. (Осы кезде пунктир сызығы жаңа шекара қайда орнатылатынын көрсетеді).

5.13.Сурет. Кесте шекараларын орнату 


Сонымен қатар кестенің элементтерінің өлшемін өзгерту үшін Макет қосымшасында Ұяшықтар өлшемі тобындағы командаларды қолдануға болады. Өлшемін өзгерту қажет ұяшыққа курсорды орнату немесе ұяшықтар тобын ерекшелеу қажет, одан кейін Кестенің бағандарының ені және Кестенің жолдарының биіктігі өрістерінде сандық мәндерді енгіземіз ( 5.15. Сурет).
5 .14. Сурет. Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобы

Кестелермен жұмыс істеу кезінде сіздер мынаған назар аударыңыздар: мәтін енгізу кезінде бағанның ені өте қолайсыз өзгереді. Осы жағдай үшін Бағандардың енін автотаңдау  командасы қызмет етеді. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді қолданыңыз:



  • Кестені ерекшелеңіз;

  • Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобында Автотаңдау батырмасын басыңыз (5.17. Сурет);




    1. Сурет. Автотаңдау батырмасының менюі




  • Үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрден өзгеше параметрді таңдаңыз (ішіндегілері бойынша автотаңдау)

  • Бағанның бекітілген ені;

Терезенің ені бойынша автотаңдау- кестені веб- құжатқа орналастыру қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Егер осы нұсқа таңдалса, онда кестелердің ені браузердің терезесі енінің өзгеруіне сәйкес қайта өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет