кісілік һәм имандылық қасиеттер
адамды
тәрбиелеудің алтын діңгегі деген тәлімдік-танымдық идеяларды алға тартып,
өзінің далалық данышпандық өрнегімен ерекшелеп, адамгершілік
құндылықтарды әлемдік деңгейге көтере білді [69, 561б.].
Философияда
аксиологиялық
кезеңнің
басталуы
Р.Г.Лотценің
«Микрокосм» еңбегінің пайда болуымен байланыстырылады. Ол бұл
еңбегінде танымдағы ақиқат өлшемі рөлін атқаратын «маңыздылық,
мәнділік» ұғымын да енгізеді. Демек, құндылық объектінің жағымды немесе
жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық - социологиялық ұғым ретінде
объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды [67, с. 114].
Әл Фараби «Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін
қоғамдасқан ортадан ғана таба алады. Жеке жан иесі адамдар бірлестігінің
арқасында жетіліп, өз қабілетін шыңдай түседі. Осыдан келіп олардың өмір
сүру мәні қалыптасады» - дей келе, рухани құндылықтардың ішінен
«қайырымдылық» феноменін атап көрсетеді. Оның пікірінше, адамды
бақытқа жеткізетін даналық жол қайырымдылық, имандылық, адамгершілік
екендігін әр жақты дәлелдеді. Ал оған жетудің кілті тәлім-тәрбие, адамның
өзін-өзі тежей білу екендігін айтып, «...адамгершілікке негізделген татулық,
жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді» - деген құнды ой-
пікірлер айтып, педагогке үлкен жауапкершілік жүктеп сенім артады.
Сондай-ақ, ұлы ғұламаның пікіріне сүйенсек, студенттердің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда татулық, жарасымдылық,
келісімге келушілік сынды құндылықтардың рөлі ерекше екендігін түсінеміз
[7, 54б].
Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған
ойшылдардың адамгершілік тәрбиесі жөніндегі даналық ойларының
қатарында Ж.Баласағұнның «Құтты білік»(1069ж.) еңбегінде адамның
адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа
жеткізген. Бізге белгілі болғандай, Ж.Баласағұнның еңбектерінен адамның
ішкі жан-дүниесін, оның адамгершілік бет-бейнесіне аса ерекше көңіл
бөлінгендігін байқаймыз. Осы тұста педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық
ерекшеліктегі өзіндік сана, құндылық, азаматтық тұрақты мінез-құлық және
т.б. ескеру қажеттігі туындайды [10, 56б].
Н.Бердяев еңбектерінде отбасының құндылықтарын альтруизм,
руханилық тұрғысынан қарастыратын аксиологиялық тұжырымдама
дайындалды. Бұл бағыт отбасы құндылығын альтруистік - діни сипаттағы
өлшемдер бойынша қарастырумен ерекшеленетін отбасының гуманистік
теориясына сүйенеді. Сондықтан отбасының руханилық негізінің беріктігін
«жалпы сүйіспеншілік қағидасына» тән мойындау қажет. Ғалымның
зерттеулерінен тұжырым жасайтын болсақ, отбасының гуманистік
теориясының негізі құндылық, оның ішінде бір-бірімен сүйіспеншіліктегі
қарым-қатынасты айтуға болады. Демек, студенттердің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда құндылықтарға бағдарлану, яғни қарым-
қатынас ауқымының артуымен тұрақты мінез-құлық формаларымен жандана
түсері белгілі [92].
Осы орайда, Г.Жылқыбекованың «Қазақ этнопедагогикасы арқылы
жоғары
оқу
орындары
студенттерінің
гуманистік
көзқарасын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты ғылыми диссертациясын
негізге алар болсақ, гуманизмді аксиологиялық тұрғыдан қарастырады.
Ғалым құндылықтар мазмұнын этникалық және рухани-мәдени құндылықтар
деп бөледі. Сондай-ақ, Г.Жылқыбекова өз зерттеуінде ұлттық мәдени
құндылықтарды: танымдық, өнегелілік, ұлттық, әлемдік және салауатты өмір
сүру,
дүниетаным
мәдениеттерімен
нақтылай
отырып,
рухани
құндылықтарға
сипаттама
берген.
Ғалымның
тұжырымдамалық
идеяларының негізі жоғары оқу орны студенттерінің рухани дүниесін
кеңейту үшін адамгершілік құндылықтарына басымдық танытуды көздейді
[93].
Заманауи әлеуметтануда отбасын құндылықтарын зерттеудің негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |