психологиялық сапасы; адамдар арасындағы қатынаста құндылықтың жалпы
мәнге ие болуы. [91].
Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар (материалдық,
әлеуметтік, рухани) дәстүрді құрайды. Дәстүр (латынның tradition –
жалғастыру деген мағынасын білдіреді) – тарихи қалыптасқан қоғам үшін
пайдалы, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, белгілі
уақыт аралығында сақталып
отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы:
әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, жөн-
жоралғылар, т.б.
Ежелгі философтар адамзаттық құндылықтардың онтологиялық
статусы, оның объективтік - идеалистік анықтамасының мәні, абсолюттік,
өзгеріссіз жүйесінің болуы мәселелерін де қарастырады.
Олар табиғат
адамның әсемдік, әділеттілік түсініктерінің қайнар көзі дей отырып, сыртқы
әлемдегі
заттардың
ағымы
мен
формасын
табиғаттың
жоғары
құндылықтарын әлемнен тыс, эмпирикадан тыс жаратылыс деп
жорамалдайды. Сократ құндылықты адамның өмірді бағалауы деп сипаттаса,
Платон құндылық бұл өмір сүру дейді, ал Аристотель құндылық адамның
даналығы, яғни қандай да болмасын
құнды нәрсені таба білуі, - деп
тұжырымдайды [17, 213б] .
Ф.Ницше құндылық ұғымын мәндік категория емес, бағалау немесе
субъектінің әлемді тануындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды. Өзінің
«Құндылықтарды қайта бағалау» бағдарламасында
бұрынғы игіліктерді
рационалистік тұрғыдан емес, принципиалды жаңаға негізделген үлгі
(парадигма)
арқылы жүргізуді ұсынады. Ол классикалық емес аксиологияның
өмірге келгенін жариялай отырып, дүниенің алуан түрлі мағынасы мен
түсіндірмесі бар, ең бастысы - адам дүниемен жеке-дара қатынасқа түсіп, өз
құндылықтарын айшықтай алады. Сондықтан адамзат мистикалық интуиция,
миф және иллюзиясыз мәнді (құндылықтарды да) толық қамти алмайды», -
деп тұжырымдайды [20, с. 545].
И.Кант «құндылық» ұғымын адамгершілік саласы (бостандық) мен
табиғат (қажеттілік) саласын қарама-қарсы қою арқылы салыстыра отырып,
ғылымға енгізген.
Оның пікірінше, құндылық жеке тұлғалық қағидаға
қарама-қарсы бұйрық, заң, жарлық, шартсыз міндеттерді көрсетеді [13, с.
564].
Қ.А.Иассауи адамгершілік,
Достарыңызбен бөлісу: