«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» элективті курс бағдарламасы дайындалып ұсынылады. Ол
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру үдерісі олардың арнайы білім, білік және
дағдыны меңгеруіне бағытталады, соның нәтижесінде жинақталған тәжірибе
студент жастардың өз отбасын құруына көмегін тигізеді.
Қазіргі жаһандану заманының талаптарына сай көпмәдениетті ортада тұлғаны қалыптастыру түрлі мәдениеттер арасындағы тең дәрежелі
диалог үшін жағдай жасауда белгілі бір ұлттық мәдениеттің өкілі ретінде
өзін-өзі айқындауға мүмкіндік беру, өсіп келе жатқан жеке тұлғаны ұлттық,
жалпыадами
және
отбасы-адамгершілік
құндылықтардың
бірлігіне
негізделген өркениет үрдістеріне тарту қажет. Мегаполистерде тұратын
жастар үшін өмірлік құндылықтар келесі ретпен орналастырылады: алдымен
білім, сосын жақсы жұмыс, содан кейін отбасы. Дегенмен де кейбір
мәліметтер жастардың басым көпшілігінің өз отбасын құру ниеті бар
екендігін де көрсетеді. Олардың кейбіреуі отбасының дәстүрлі формасын
қалайтынын көрсетеді.
Қорытa келгенде, жоғарыдағы айтылғандар студенттердің отбасы -
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажет деп тұжырымдауымызға
негіз болды, сондай –ақ педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педaгогикaлық
шaрттaры анықталып, үш топқа бөліп көрсетіледі.
Бірінші топқа отбасын тұтас қоғам және жеке тұлға үшін маңызды
адамзаттық құндылық ретінде саналы түсінуіне мүмкіндік беретін
дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шарттар жатқызылады.
Екінші топ педагогикалық шарттары студент жастардың өзінің
денсаулығына,
алғашқы
сезімдеріне,
болашақ
отбасын
құруына
жауапкершілік қатынасын жүйелі қалыптастыру мақсатында тәрбиелік-
білімділік құраушыларды сипаттайды.
Үшінші топ мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың біріншілік
буын субъектілеріне тікелей әсеріне, жан-жақты көмек көрсетуіне
бағытталған бірлігін күшейту; әлеуметтік институттар тарапынан
ұйымдастырылатын әртүрлі формадағы іс-әрекеттер арқылы студент
жастарды қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тарту, қабілеттерін ашу
бағытындағы іс-әрекеттерді құрайды.