1- тренинг. Менің отбасым: бүгін және болашақта
Тренингті өткізудің мақсаты
: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну
және қабылдау; жыныстық-рөлдік идентификация,
қарама-қарсы жыныс
өкілімен қарым-қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым-қатынас,
отбасының болашағы жайлы түсінік
қалыптастыру, салт-дәстүрлерді
дәріптеу.
Тренингті жүргізуге нұсқау: Ө
зінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен
қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын
анықтай біліп, ата-аналарға деген қарама-қарсы сезімдерін айыра білу өте
маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет:
отбасындағы өз бағытын анықтай отырып,
өзіндік бақылау дағдыларын
жетілдіру; этностық өзіндік сананы арттыру; отбасының жүйелік табиғатын
түсіну; дисфункционалды отбасындағы қатынастар
динамикасы туралы
түсінік алу; өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін
жетілдіру; өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым-қатынас ерекшеліктерін
түсіну; өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
2 - тренинг. «Менің отбасым бүгін және болашақта»
жаттығуы
Тренингті өткізудің мақсаты
: Болашаққа жоспар құру, отбасын құруға
этностық құндылықтар негізінде дайындау.
Тренингті жүргізуге нұсқау:
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі
коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен
парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі-түсті газеттер, журналдар,
ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар.
Әдетте студенттерге
коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық
тудырады. Студент өзін жалғыз сезінуі мүмкін.
Тек өзі ғана отбасын
белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші студентке қолдау
көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет.
Коллажде этностық құндылық элменттерін қосу сұралады. Коллаж жасап
болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы»
тақырыбында
жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып, коллаж
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: