Ния и науки республики казахстан



бет2/2
Дата22.02.2018
өлшемі0,59 Mb.
#38132
түріСправочник
1   2


Сырттай оқу бөлімінің академиялық күнтізбесі


Күз 2017

30 тамыз

Конституция күні ( демалыс)

2 қыркүйек

Конституция күніне және Білім күніне арналған Салтанатты жиналыс

30 қазан – 2 желтоқсан

№ 1 аралық бақылау (ШБ № 1, 2),

1-ші семестр емтихан сессиясы



Сабақтардың жалпы саны: 5 апта

Көктем 2018

5 ақпан- 17 наурыз

№ 2 аралық бақылау (ШБ № 2)

2-ші семестр емтихан сессиясы, МЕК



14 мамыр- 26 мамыр

20 тамыз- 31 тамыз



Академиялық қарызын жоюға арналған жазғы семестр

Сабақтардың жалпы саны: 5 апта



ҚОҢЫРАУ КЕСТЕСІ


І Ауысым

08.30 - 09.20

09.30 - 10.20

10.30 11.20

11.50 12.40

12.50 13.40

13.50 14.40

14.50 15.40

15.50 16.40

16.50 17.40

17.50 – 18.40

18.50 – 19.40



СТУДЕНТТЕРДІҢ КҮНТІЗБЕСІ


Күз 2017

30 тамыз

ҚР конституциясы күні (демалыс)

1 қыркүйек

1- ші семестрдің басталуы

27 қыркүйек

Халықаралық туристер күні

1 қазан

Халықаралық қарттар күні

4 қазан

Мұғалімдер күні

24 қазан

Халықаралық Біріккен ұлттардың ұйымы күні

Қазан-Қараша

Бірінші курс ҚазСТА студенттерінің ҚазСТА студенттігіне арнау күні

10 қараша

Дүниежүзілік жастар күні

17 қараша

Халықаралық ҚазСТА студенттері күні

Қыс 2017-2018

1 желтоқсан

Дүниежүзілік СПИДке қарсы күрес күні

16-17 желтоқсан

ҚР тәуелсіздігінің күні (демалыс)

1-2 қаңтар

Жаңа жыл (демалыс)

Көктем 2018

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні (демалыс)

21-22-23 наурыз

Наурыз мейрамы (демалыс)

27 наурыз

Халықаралық театр күні

7 сәуір

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау күні

12 сәуір

Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні

24 сәуір

Жастардың халықаралық ынтымақтастық күні

1 мамыр

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

(демалыс)



7 мамыр

Отан қорғаушылар күні

9 мамыр

Жеңіс күні (демалыс)

Жаз 2018

1 маусым

Халықаралық балаларды қорғау күні

5 маусым

Дүниежүзілік қоршаған ортаны сақтау күні

26 маусым

Халықаралық нашақорлық және наркобизнеспен күрес күні


КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Анықтама-жолсерікте келесі негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

  • арнайы жоғары білім – нормативті оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, нақты мамандық біліктілігін беру үшін мамандарды дайындауға бағытталған жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасы;

  • бакалавриат – нормативті оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, мамадығына сәйкес «бакалавр» академиялық дәрежесін беру үшін мамандарды дайындауға арналған жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасы;

  • дескрипторлар (Descriptors) – жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің оқу бағдарламасын аяқтаған соң студенттердің игерген білім деңгейі мен көлемін, біліктіліктерін, тәжірибесі мен құзіреттіліктерін сипаттау. Дескрипторлар білім беру нәтижелерінде, қалыптасқан құзіреттіліктерден, сондай-ақ ECTS кредиттерінің жалпы сандарынан (сынақ бірліктері) негізделеді;

  • кредиттік оқу жүйесі – білім алушылардың оқу үдерісін регламенттеу және білім көлемін кредитпен есептеу шеңберінде білім траекториясын жеке даралау мен таңдау негізінде өзіндік білім алуы мен шығармашылықты меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған білімдік жүйе;

  • академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы бойында демалыс күндері (демалыстар мен мерекелер) көрсетілген оқу, бақылау шаралары мен тәжірибелер күнтізбесі;

  • академиялық кезең (Term) - ұзақтығы 15 апталық теориялық оқу, семестр кезеңі;

  • білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау және қорытынды бақылау нәтижелері бойынша құрастырылған бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

  • академиялық анықтама, транскрипт (Transcript) – оқытудың сәйкес кезеңінде өтілген пәндердің тізімінен тұратын әріптік және сандық атау бойынша кредиттер мен бағаларды көрсетумен белгіленген құжат түрі;

  • белсенді үлестірме материалдар (БҮМ) (Hand-outs) – білім алушының тақырыпты шығармашылықпен, тиімді меңгеруін мотвациялау үшін сабақ барысында үлестірілетін көрнекті иллюстрациялық материалдар, (лекция тезистері, сілтемелер, үлгілер, глоссарий, дербес жұмысқа арналған тапсырмалар);

  • оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім беру ұжымы белгілеген тәртіп бойынша білім алушының оқу пәніне алдын-ала жазылу үдерісі;

  • білім алушыларды аттестаттау (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім деңгейіне сәйкес қарастырылған және оның нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (диплом) беретін оқу пәндерін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатымен өткізетін үрдіс;

  • қорытынды бақылау (Final Examination) – емтихан түрінде (тестілеу) аралық аттестаттау кезінде оқу пәндері оқылған соң өткізілетін білім алушылардың білімін тексеру;

  • таңдауы бойынша компонент (Electives) - жоғары оқу орны ұсынған және білім алушылар өз бетімен таңдайтын кредиттердің ең аз көлеміне лайықты оқу пәндерінің тізімі;

  • офис Тіркеуші қызметі (Office of Registrar) – білім алушының білімін бақылау және академиялық рейтингін есептеу ұйымдастыруды қамтамасыз етуші барлық оқу жетістіктерінің тарихын тіркеумен шұғылданатын қызмет;

  • дипломдық жұмыс (жоба) – салаға байланысты мамандықтың көкейкесті мәселелерін студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелері қамтылған, ғылыми зерттеу элементтері бар бітіруші жұмысы.

  • жеке оқу жоспары – студенттің өз бетімен әрбір оқу жылына арнап, типтік оқу жоспары және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен құрастырылған оқу жұмысы жоспары болып табылады.

  • элективті пәндер каталогы (ЭПК) – жүйеленген, қысқаша сипаттамасы берілген студенттерге таңдауы бойынша ұсынылатын оқу пәндерінің тізімі, онда пәндердің мақсаты, қысқаша мазмұны және күтілетін нәтижелері сипатталады (студенттің білім, біліктілік, қабілет, құзіреттілігін игеруі жөнінде). ЭПК-да әрбір оқу пәнінің постреквизиттері мен пререквизиттері көрініс табады. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдаудың мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек.

  • таңдау бойынша бөлім – жоғары оқу орындары, өзбетінше таңдаған және студенттің оқып үйренген кез-келген академиялық кезеңінде ұсынылатын оқу пәндерінің тізбесі және соған сәйкес кредиттер мен академиялық сағаттардың ең кіші көлемі.

  • пререквизиттер (Prerequisite) – оқылған пәнді меңгеруге қажетті білімдер мен дағдылардан тұратын пәндер тізімі;

  • постреквизиттер (Postrequisite) - пәнді оқып болған соң игерілген білім, білік және дағдылар талап етілетін пәндерді оқуға арналған пәндер тізімі;

  • силлабус (Syllabus) – оқылатын пәннен, мақсаты мен міндеттерінен, қысқаша мазмұнынан, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығынан, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларынан, әдебиеттер тізімінен, кеңес беру уақытынан, білім алушылар білімін тексерудің модульдік-рейтингілік кестесінен, оқытушының талабынан, бағалау критерийлер мен ережелерінен тұратын оқу бағдарламасы;

  • өту балы (Grade Point Average - GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылында жеткен оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың орта салмақты бағалануы;

  • білімдеріне Аралық бақылау жасау (АБ) – бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес оқу сабақтарын жүргізетін оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін мерзім бойынша тексеріп отыру; аралық бақылау академиялық кезеңнің 7(8) және 14(15) апталарында өткізіледі. Аралық бақылаудың нәтижелері офис Тіркеушінің емтихан ведомосі мен компьютерлік базасына енгізіледі. Аралық бақылау әртүрлі формалар бойынша өткізіледі: (ауызша сұрақ, жазбаша/компьютерлік тестілеу, коллоквиумдар, курс жұмыстарын қорғау);

  • үлгерімге ағымдық бақылау жасау – білім алушының оқу жетістіктерін пәннің әрбір тақырыбы немесе тараулары бойынша жүйелі тексеруі;

  • СӨЖ - ҚазСТА студенттерінің өзіндік жұмысы – білім алушының санатына байланысты оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамсыздандырылған және тестілеу түріндегі бақылау жұмыстары, коллоквиумдардың, рефераттар, шығармалар мен есеп түріндегі белгілі бір тізім бойынша атқарылатын жұмыс;

  • СОБЖ - ҚазСТА студентінің оқытушымен бірге және оқытушы жетекшілігімен – кесте бойынша атқаратын жұмысы;

  • эдвайзер (Advisor) - мамандыққа лайықты білім алушының академиялық жетекшісі функцияларын орындайтын, оқу траекторияларын таңдауда ықпал етуші (жеке оқу жоспарын қалыптастыруда) және оқу кезінде білім бағдарламаларын игеруде көмек көрсетуші оқытушы;

  • емтихан сессиясы – ҚазСТА студенттерінің жоғары оқу орындарындағы (онан әрі-ЖОО) аралық аттестаттау кезіндегі кезең.


СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМДЕРІН, ДАҒДЫЛАРЫ

МЕН БІЛІКТІЛІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ



Күндізгі бөлім студенттеріне арналған мәліметтер

Үлгерімге ағымдық бақылау жасау, білім алушылардың кәсіби оқу бағдарламалары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының игеру дәрежелерін анықтау мақсатында аралық және қорытынды аттестаттау өткізіледі.

ҚазСТА студенттерінің үлгеріміне ағымдық бақылау жасау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық, сондай-ақ аудиториядан тыс жұмыстарды бақылаудан тұрады. Ағымдағы бағалауды бақылау (жіберілген рейтингін бағалауы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылауды бағалаудан шекті бақылауды (аудиториядан тыс) бағалаудан құралады.

Оқу үлгерімін ағымдық бақылау барысында ҚазСТА студенттерінің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 баллдық шкала бойынша бағаланады (ағымдағы сабақтардағы берген жауаптары, үй тапсырмасын орындауы, студенттердің өзіндік жұмыстары (онан әрі - СӨЖ, аралық бақылау) және ағымдық үлгерім бақылауының соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы алынады.

Осыған ұқсас көзқарас білім алушылардың оқу жетістіктерін аралық және қорытынды аттестаттау барысында қолданылады.

Аралық бақылау бір оқу пәнінің шеңберінде бір академиялық кезең бойында екі реттен кем емес түрде өткізіледі. Көлемі 1 кредит болатын пәндер ерекшелікке ие болады, сондықтан аралық бақылаулар санын ЖОО өзі анықтайды. ҚазСТА аралық аттестаттау жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізінде жасалған оқу жұмысының жоспары, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.

Студенттерді аралық аттестаттау емтихандар тапсыру және жеке дара сынақтар тапсыру түрінде өткізіледі.  Студенттерге аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу офис Тіркеушіге жүктеледі.Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және білім алушылардың барлық кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқу жетістіктерін тексеру түрінде қызмет етеді және академиялық кезең аралығындағы оқу жетістіктерін бағалау мақсатын көздейді.

Жеке дара сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-кестелік тапсырмаларын, курс жұмыстарын (жобаларды), сонымен қатар кәсіби тәжірибенің кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру түрі болып табылады.

Жеке дара сынақтар бағалаудың әріптік жүйесі бойынша балдық-рейтингілік түрінде қойылады және лайықты кредиттер санына сәйкес осы жұмыстардың түрлері үшін бөлінген жағдайда ауыстыру балын есептеу барысында ескеріледі.

Емтихан сессиясы қысқы және жазғы деп бөлінеді.

Факультет деканы жекелеген жағдайларда (ауырып қалғанда, жанұя және қызмет жағдайлары бойынша) ҚазСТА студентіне жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыруға рұқсат етеді.

Жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыру факультет деканына растайтын анықтама ұсынған жағдайларда рұқсат етіледі: ауру туралы, бала туу жағдайларына байланысты, жақын туысқандардың өліміне қатысты, қызметтік немесе оқуға байланысты іссапармен байланысты.

Емтихан аяқталысымен студентке әр пән бойынша қорытынды баға қойылады, ол оның оқу жетістіктерінің бағасы ретінде қызмет етеді.

Пән бойынша қорытынды баға жіберілген рейтингісі мен қорытынды бақылауды бағалаудан тұрады.

Ағымдағы үлгерім үлесі (ағымдағы және аралық бақылау) ҚазСТА студентінің қорытынды бақылау бағалауларының 60% кем емес үлесінен тұрады, қорытынды бағалау пән бойынша білімдерін қорытынды бағалаудың 30% аспайтын үлесінен тұрады. Аттесттау балын жинай алмаған ҚазСТА студенті аралық аттестаттауға жіберілмейді.

Оқу жұмысының проректоры бекіткен сабақ кестесі бойынша ақылы негізде оқу жылы бойында жіберіп алған, меңгерілмеген сабақтарын қайта өткізу үшін ҚазСТА студентінің жеке жұмысынан тұратын жазғы семестр енгізіледі.

ҚазСТА бітіруші курстарының студенттері барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және оқытудың барлық түріне арналған оқу жұмысының жоспарлары мен оқу жұмысының бағдарламаларына сәйкес диплом жұмыстарын (жобасын) қорғайды.     

  Егер пән бағдарламасын толық көлемде орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ақпар тізімдегі оның фамилиясының тұсына "келмеді" деген белгі қойылады.

    Орынды себеп болған жағдайда (ауруы, жанұя және қызмет жағдайларына байланысты) факультет деканының бұйрығымен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Орынды себеп жоқ болған жағдайда емтиханға келмей қалуы «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.
Сырттай оқу бөліміндегі студенттеріне арналған мәліметтер

Сырттай оқу бөлімінің студенттерінің үлгеріміне ағымдық бақылау, академиялық күнтізбеге сәйкес өткізлетін, оқу-емтихан сессиясы кезеңіне дейін және де кезеңінде іске асады.

Сонымен қатар ҚазСТА сырттай оқу бөлімінің студенті оқу-емтихан сессиясына дейін курс жұмыстарын (жобасын) есеп-сызба жұмыстары және бақылаудың барлық түрлерін, үй тапсырмаларының барлық түрлерін, үй тапсырмаларының жеке түрлерін, СӨЖ, оқу бағдарлама пәндеріне сәйкес оқу аралық бақылауларды тапсыру қажет.

ҚазСТА күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімінің студенттері біртұтас кәсіби оқу бағдарламалары бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Оқытудың әр түрлері үшін оқытушының студентпен байланыс жұмысының әр түрлі көлемде болуымен, пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарын құрастырумен айрықшаланады.

Сырттай бөлімнің студенттері оқу материалдарының 80 % - ға дейін өз беттерінше игеруі қажет.

Аралық бақылау бір оқу пәннің шеңберінде бір академиялық кезең бойында екі реттен кем емес түрінде өткізіледі.

ҚазСТА студенттерін аралық аттестаттау емтихан және дара сынақтар тапсыру түрінде өткізіледі.

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша Тіркеуші-офисі студенттердің академиялық рейтингісін құрастырады.

ҚазСТА студенттерінің емтихандары қысқы және жазғы сессия деп бөледі.

Сырттай оқу бөлімі үшін емтихан сессиясының кезеңдігі мен ұзақтығы, ЖОО оқу кезеңінде бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.

Емтихан сессиясына жіберілу екі сатыда іске асырылады:


  1. Бірінші сатыда факультет деканының жалпы өкімі, емтихан сессиясына дейін оқу ақысын төлегендер, академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ ем қабылдағандарға рұқсат беріледі;

  2. Екінші сатыда үлгерімінің ағымды және аралық бақылау қорытындысы бойынша рейтингіде жақсы баға алғандарға рұқсат беріледі.

Бір пәннен қанағаттанарлық бағасы жоқ ҚазСТА студенті, қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Факультет деканы тарапынан кейбір жағдайларда (ауырып қалған, жанұя және қызмет жағдайлары бойынша) ҚазСТА студентіне жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат етіледі.

Жеке кесте бойынша емтихан сессиясын тапсыру факультет деканына растайтын анықтама ұсынған жағдайларда рұқсат етіледі: ауру туралы, бала туу жағдайына байланысты, жақын туысқандарының өліміне қатысты, қызметтік немесе оқуға байланысты іссапармен байланысты.

Сырттай оқу бөлімінің ҚазСТА студентіне емтихан сессиясын табысты аяқтағаннан кейін келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.

Сырттай оқу бөлімінің ҚазСТА студенттеріне емтихан сессиясына шақыру-анықтамасын беру қатаң түрде есепке алынады.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Академияда бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі қолданылатындықтан, оқытушыға ҚазСТА студенттерінің білім деңгейлерін анықтауға икемді жағдай жасауға төмендегі кесте 1 мүмкіндік береді:


әріптік жүйемен

балдардың цифрлік эквиваленті

%- мазмұны

дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4,0

94,5-100

ӨТЕ ЖАҚСЫ



А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ




С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Оқытудың кредиттік технологиясы студенттер мен оқытушыларға академиялық мобильділік бойынша білм беруге мүмкіншілік береді.

Кредиттік жүйе дегеніміз не?

Кредиттік жүйе – оқу бағдарламасын оның бөлімдеріне кредиттерді бекіту жолымен жүйелі сипаттау тәсілі. Кредиттерді анықтау жоғары білімнің әртүрлі параметрлерінде негізделеді, мәселен студенттік жұмыстың еңбек көлемі, білім нәтижелері және оқытушылармен байланыс уақыты.

Академиялық ұтқырлық – семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнында (ел ішіндегі немесе шет елдегі) білім алуы үшін немесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған өз ЖОО-нындағы кредит түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын белгіленген рет бойынша міндетті түрде қайта сынақтан өткізуі үшін білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі академиялық кезеңге ауысуы;

ECTS – бұл кредиттерді тапсыру және жинаудың Еуропалық жүйесі.

Кредиттерді тапсыру және жинаудың Еуропалық жүйесі студентке және студенттік жұмыстың еңбек көлеміне қарай бағытталған, бұл оқу бағдарламасының мақсаттарына жету үшін талап етіледі. Демек, игерілген білім нәтижелері, білік, қабілеттілік, құзіреттілік бойынша қарастырылады.

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің реформасын және еуропалық білім беруге қол жеткізуді кеңейтуді, оның бұдан әрі сапасының жоғарылауын, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар құрамының ұтқырлығын жоғарылатуды ұсынады.

Білім берудің кадрларды сапалы даярлаудың тиімді жолдарының бірі ретінде білім алушылар мен оқытушылардың интернационализациялануымен байланысты академиялық ұтқырлығын дамыту болып табылады:



  • мемлекетаралық және жооаралық келісім бойынша студенттермен алмасу;

  • оқытушылармен алмасу;

  • қосдипломдық білім бағдарламасы;

  • ғылыми зерттеулер, ғылыми жобаларды біріге орындау, т.б.

ECTS негізіндегі оқу жоспарларын салыстыру студенттерге әртүрлі шетелдік білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл әрине, жетістікті игерілген жағдайда өз оқу орнында өтілген білім беру бағдарламасымен тең саналады.

Дегенмен, ECTS енгізуді талдау Болон процесінің шегіндегі көбірек техникалық және мазмұнды күрделі тапсырма болып саналады.

ECTS оқу бағдарламасын студенттердің оқуы мен салыстыруына жеңілдік береді.

ECTS шегіндегі академиялық кредит – бұл пәнді оқудағы аудиториялық сабақтар, сондай-ақ өзіндік жұмыс кезіндегі еңбек көлемін өлшеу бірлігі.



GPA – «орташа үлгерім балы» - білім алушының академиялық үлгерімі деңгейін белгілеу үшін курстан курсқа ауыстыру барысында пайдаланылады.

Академияда курстан курсқа өтуі туралы бекітілген GPA:

- екінші курс - 2,0 балл;

- үшінші курс - 2,25 балл;

- төртінші курс - 2,5 балл.

АКАДЕМИЯ САЯСАТЫ


  • Оқу ақысын толық төлеген ҚазСТА студенттері және АБ 1 мен АБ 2 тапсырғандар емтихан тапсыруға жіберіледі;

  • Бекітілген кесте мен тізімге сәйкес ҚазСТА студенті өз аудиториясынан табылуы тиіс;

  • Емтихан басталған соң ҚазСТА студенттері дәрісханадан шықпайды;

  • Емтиханда ҚазСТА студенттері арасындағы әңгімелесу мен ұялы телефондар арқылы сөйлесуге тыйым салынады. Емтихан парағына немесе басқа ҚазСТА студенті компьютерінің мониторына көз салу Ережелерді өрескел бұзғандық болып саналғандықтан, ҚазСТА студентін емтиханнан шығаруға мәжбүрлейді;

  • Электрондық жазу дәптерлерін, ұялы телефондарды, шпаргалкаларды, анықтамалық әдебиеттерді пайдалануға тыйым салынады (рұқсат етілген ОҚ-нан басқа);

  • Жазбаша тестілеу барысында барлық жауаптар тек берілген жауап парақтарында жазылған болуы тиіс;

  • Шпаргалка табылған жағдайда ҚазСТА студенті аудиториядан шығарылады және оған емтихан үшін «F» бағасы қойылады;

  • Кешіккен ҚазСТА студентіне емтиханға кіруге рұқсат етілмейді!!!


ЖАЗҒЫ ( АҚЫЛЫ) СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ҚОСЫМША ПӘНДЕРДІ ОҚУ
Ең аз ауыстыру балын жинай алмаған ҚазСТА студенті, қайта оқу курсына қалдырылады.

Қайта оқу курсына қалдырылған ҚазСТА студенті ертеректе қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқуы мүмкін, немесе жаңадан жеке оқу жоспарын қалыптастырады.

Ауыстыру балының ең аз мөлшерін жинай алған және келесі оқу курсына ауысқан ҚазСТА студенті академиялық қарызы болған жағдайда сәйкес пәндерді ақылы негізде қайта оқиды және академиялық қарыздарын жояды.

Академиялық қарыздары болған пәндер келесі семестрде оқылатын пәндердің пререквизиттері болып табылмайды.

ҚазСТА студенттері барлық емтихандарды жұмыс пен жеке оқу жоспарына және барлық бекітілген бірыңғай оқу түрлеріне арналған оқу бағдарламаларына қатал сәйкестік бойынша тапсырады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға алған емтиханды жағымды бағаға қайта тапсыру үшін ҚазСТА студенті келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пән бойынша оқу жоспарында қарастырылған оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, емтиханға кіруге рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады .


Оқу бағдарламасының курсын толық орындаған ҚазСТА студентіне ауыстыру балын толық жинақтай алмаған жағдайда өзінің үлгерім балын (GPA) арттыру мақсатында, жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта тапсыру (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқалары) және ол пәндерден емтихандарды қайта тапсыру мүмкіндігі ұсынылады.

Емтиханды қайта тапсыру барысында қойылған жағымды нәтижелер бойынша қорытынды бағалар есепке алынып, емтихандық ақпартізімге, сынақ кітапшасы мен транскриптке жазылады.

Орташа үлгерім балын есептеу барысында оқу пәндері бойынша соңғы бағалар есепке алынады.
ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЛАЙША ҚАЙТА ҚАЛМАУҒА БОЛАДЫ?
Қайта оқу жылы үлгермейтін ҚазСТА студенттері үшін қарастырылған – олар ауыстыру балын жинай алмағандар, немесе академиялық қарыздарын өтей алмағандар.

Қайта оқу жылына қалғаны үшін төленетін ақы жаңа оқу жылына белгіленген сомада толық мөлшерде төленеді.

Қайта оқу жылына қалмас үшін барлық пәндер бойынша емтихандарды негізгі семестрде өз уақытында тапсыруы тиіс немесе ол қарыздарды жазғы семестр бойы жою қажет, сонымен қатар Сіздің курсыңыз үшін қажетті болып табылатын ауыстыру балын (GPA) жинау керек.

Кредиттік жүйе, элективті пәндерге тіркеу, білімдерін бақылау, GPA есептеу, жазғы семестрде оқу мәселелері бойынша өз деканатыңызға және офис Тіркеуші бөліміне хабарласыңыздар.


ҚазСТА СТУДЕНТТЕРІНІҢ БАСҚА ЖОО-НА АУЫСУ ЕРЕЖЕСІ
Бірінші курс студентінің басқа оқу орнына ауысуы бірінші семестрді аяқтаған соң, сәйкес мамандық бойынша рұқсат етіледі. Басқа оқу орнына ауысуға ниет білдірген білімгер өзі білім алып жатқан оқу орны басшысының атына ауысуы туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан оқу орнының басшысына өтініш білдіреді. Қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке өзі ауысып кетіп отырған оқу орны басшысының қолы қойылған транскрипт тіркеледі.

ЖОО басшысы білімгерді ауыстыру туралы мәселені шешер кезде оның сабақтарға қатыстырылуы, оқу жоспары бойынша айырмашылықтарды тапсыруы туралы бұйрық шығарады, бұрын оқыған оқу орнына оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау салады.

Білімгердің жеке іс қағаздары алдын оқыған білім беру ұйымынан қабылдағаннан кейін, оны студенттер қатарына тіркеу туралы бұйрық шығарылады.
ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ҚазСТА СТУДЕНТТЕРІН ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
Студенттер қатарына қайта қабылдау міндетті түрде бір семестрді аяқтағаннан кейін, білімгердің өз өтініші негізінде ғана жүзеге асырылады.

Білімгерлерді сәйкес мамандық бойынша бірінші курсқа қайта қабылдау бірінші семестрдің оқу пәндерін игерген жағдайда ғана жүзеге асырылады.


ҚазСТА СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ
Оқу ақысын төлеу келесі сызба бойынша төленеді:

- 1 қыркүйекке дейін – 25%;

- 1 қарашаға дейін – 25%;

- 1 ақпанға дейін – 25%;

- 1 мамырға дейін – 25%.

Ақылы негізде білім алушылардың қаржылық қарызы бойынша оқудан шығарылғандары төлем бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған төрт аптаның ішінде оқуын қайта қалпына келтіру құқығына ие, соның ішінде білім алушы білім мекемесіне ақы төлеу бойынша қарызын төлегені туралы құжат ұсынған жағдайда үш жұмыс күнінде оқуын қайта қалпына келтіреді.




СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУ БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақ спорт және туризм академиясын бітіргені жайлы ҚР БҒМ ұсынған нұсқадағы диплом береді. Дипломға ұсынылған нұсқадағы үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) бағалары мен біліктілігі көрсетілген қосымша беріледі.

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті келесі білім бағдарламалары бойынша білім алады:

1. 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша келесі біліктіліктер беріледі:

- Дене шынықтыру оқытушысы, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы.

- Дене шынықтыру оқытушысы, ЕДШ және массаж нұсқаушысы.

Студенттер берілген бағдарлама шеңберінде келесі білім траекториялары бойынша оқиды:


  • дене шынықтыру және спорттық психология (біліктілігі: дене шынықтыру оқытушысы, спорттық психолог) ;

  • дене шынықтыру және денсаулық менеджменті (біліктілігі: дене шынықтыру оқытушысы, денсаулық менеджері) ;

  • дене шынықтыру және күзет қызметі (біліктілігі: дене шынықтыру оқытушысы,мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында, қаржы орталықтарында қауіпсіздік қызметінің (күзет) нұсқаушысы);

  • дене шынықтыру және спорттық менеджмент (біліктілігі: дене шынықтыру оқытушысы, спорттық менеджер) ;

- дене шынықтыру және спорттық журналистика (біліктілігі: дене шынықтыру оқытушысы, спорттық журналист, спорттық шолушы) ;

1 курс студенттерінің өзі қызығушылық танытқан білім бағытын таңдап, қосымша біліктілік алу мүмкіндіктері бар.

2. 5В090200-«Туризм» мамандығы бойынша туризм менеджері біліктілігі беріледі:

Берілген бағдарлама бойынша келесі білім бағыттары бойынша білім беріледі:

- халықаралық туризм: туризм және бизнес индустриясы (біліктілігі: туризм менеджері, экскурсия жүргізушісі);

- спорттық және емдік сауықтыру туризмі (біліктілігі: туризм менеджері, туризм бойынша нұсқаушы);

3. 5В091200- «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» бойынша мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі менеджері біліктілігі беріледі.

СТУДЕНТ – СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН ЖЕКЕЛЕЙ ОҚУ КЕСТЕСІ ЖАЙЛЫ

Қазақ спорт және туризм академиясы жоғары спорттық жетістіктері бар Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдер құрама командалары мүшелеріне, Қазақстан чемпионатының ұлттық (Премьер) және жоғарғы лигасына қатысатын спорт клубтарының мүшелері мен жоғары санатты студент-спортшылары үшін барлық жағдайлар жасайды.

Қазақ спорт және туризм академиясында осы санаттағы студент-спортшыларға арналған бір семестрге жекелей оқу кестесін беру туралы ережелер әзірленген.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН БІТІРГЕННЕН КЕЙІН БІЛІМ АЛУ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Қазақ спорт және туризм академиясында ретті «Баклавриат – магистратура – PhD докторантура» үш деңгейлі білім алу үшін жағдай жасалған.

Бакалавриатты жақсы бітірген, бекітілген нұсқадағы диплом мен оған қосымшасы бар студенттер келесі мамандықтар бойынша магистратураға түсе алады:

- 6М010800 - «Дене шынықтыру және спорт».

- 6М090200 - «Туризм».

Қосымшасы бар магистрдің дипломын алған білімгерлердің келесі мамандықтар бойынша PhD докторантураға түсуге құқықтары бар

- 6D010800 «Дене шынықтыру және спорт».

- 6D090200 «Туризм».



СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ДЕНЕЛІК ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР

Қазақ спорт және туризм академиясында студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланауына, өзін-өзі дамытуына бағытталған әртүрлі салалар бойынша жастар ұйымдары мен клубтар жұмыс істейді.

Жекелей дамуы бойынша қызығушылық танытқан студенттерді ЖІК (жастар ісі жөніндегі комитет); студенттер альянсы; вокалистер клубы; бишілер клубы «Allеgro»; хип-хоперлер клубы; «Номад» көңілді тапқырлар клубы; шешендер клубы; «Болашақ» дебаттық клубы; «Волонтер» клубы күтеді. Дыбыс жазу студиясында ән жаздыра аласыз.

Студенттердің денелік дамуы үшін, оларды спорт залдары, бокс, күрес, гимнастика ауыр атлетика және фитнес залы, жүзу бассейні, тренажерлық зал, футбол алаңдары, скалодром, Талғар ауданындағы тау шаңғысы базасы, Қапшағай су қоймасындағы спорттық база, Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағы, Талғар ауданындағы Каймар туристік-спорттық базасы күтеді.

Студенттер спорттық үйірмелерде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылармен жаттығуына, сондай-ақ, Қазақ спорт және туризм академиясында қызмет атқаратын ғалымдармен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады.

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТКЕ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯ ӘКІМШІЛІГІНЕ ӨТІНІШ ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Жастар ісі жөніндегі комитетке (ЖІК) өтінішін айта алады. ЖІК төрайымы Султангалиев Абдинур Нуралыулы сіздердің өтініштеріңізді қабылдайды және берілген уақытта қарастырады. 292-43-77 және 8-775-637-46-71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Сонымен қатар, Қазақ спорт және туризм академиясының кіре берісінде «Сенім жәшігі» бар. ЖІК және академия әкімшілігі сіздің сұрақтарыңызды қарастырады.



Академияның www.kazacademsport.kz және kazsport@inbox.ru сайты арқылы академия әкімшілігіне (Президентке, ректорге, проректорларға, бөлім бастықтарына, факультет декандарына) сұрақтар қойып, өтініштер жолдай аласыз. Сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңіз жауапсыз қалмайды, берілген мерзімдерде қарастырылады.

ҚазСТА СТУДЕНТТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
ҚазСТА студенті келесі құқықтарға ие:

  • Таңдаған мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты шеңберінде сапалы білім алуға;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға қатысу, өз жұмыстарын баспасөздерде жариялау;

  • Орынды себеппен академиялық демалыс беруге (денсаулық жай-күйіне байланысты);

  • Әскери есепке тұруға;

  • Компьютерлік сыныптарды, оқу аудиторияларын, кітапхананы, оқу залдарын пайдалануға;

  • Академияның оқу салалары ішінде ауысуын рәсімдеуге;

  • Академияның барлық әкімшілік деңгейлеріндегі өкілдерімен кездесуге және кеңес алуға;

  • Қоғамдық көліктерге жеңілдіктер алуға;

  • ҚазСТА студенттік емханасында дәрігерлік қызмет алуға;

  • Талап ету бойынша академияда оқитынын растайтын анықтамалар алуға;

  • Академияда оқитынын куәландыратын жоғалған құжаттардың көшірмелерін алуға;

  • Талап ету бойынша топ жетекшісінің мінездемесін алуға (халықаралық білім бағдарламаларына қатысуға арналған).


ҚазСТА студентінің міндеті :

  • Теориялық және практикалық білімдерді жүйелі де терең меңгеруге;

  • Таңдаған мамандығы бойынша дағдылар игеруге;

  • Академия құндылықтары мен басымдылықтарын бөлісуге (сапалы білім, кәсіби шеберлік);

  • Шешім қабылдауға деген жауаптылық;

  • Өнегелі мінез-құлық, адамгершілік және этикалық нормаларды сақтау;

  • Академия қызметкерлерін, профессор - оқытушылар құрамын құрметтеу;

  • Академияға түсу барысында жасалған келісім-шарттарды орындау, соның ішінде дер кезінде оқу ақысын төлеу;

  • Әскери есепке тұру;

  • Оқу аудиториялары мен корпустарында тазалықпен тәртіп сақтау;

  • Эпидемиологиялық жағдайлардың алдын алу мақсатында туберкулезбен және басқа да аурулармен ауыру жағдайларында академия әкімшілігіне дер кезінде ескерту жасау;

  • ҚазСТА студенттері мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туралы академия әкімшілігіне жедел түрде хабарлау;

  • ҚазСТА студенттері қызметкерлердің дискриминациялау жағдайлары туралы әкімшілікке хабарлау;

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, тыйым салынған жерлерде шылым шекпеуге міндетті. (бұл кодекс шарттары 1-ші рет бұзылған жағдайда 1 айлық есептік көрсеткіш (МРП), 2-ші рет бұзылса, 2 ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.)



АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ

ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
Өзара сыйласу. ҚазСТА студенті басқа ҚазСТА студенттерін, оқытушылар мен академия басшыларын жеке тұлға ретінде тани біліп, сонымен қатар олардың пікірі мен көзқарастарын сыйлай білуі тиіс. Ол жоғары іскерлік пен жалпы мәдениеттілігін сақтауға, өзін қоршағандарға сыпайылық, әдептілік, төзімділік, тәртіптілігі мен құрметін танытуға міндетті. Қажет болған жағдайда оларға адамгершілік қолдау көрсетуі тиіс.

Тілектестік. ҚазСТА студенті басқа ҚазСТА студенттерімен, сонымен қатар оқытушылармен, қызметкерлермен және академия басшылығымен қатынас барысында кішіпейіл және әдепті болуы тиіс.

Адалдық. ҚазСТА студенті оқуда жоғары нәтижелерге жету үшін өзінің қолынан келгенінің бәрін жасауы тиіс. Ол үшін ол барлық оқу пәндерін оқып-үйренуі тиіс: лекция және семинар сабақтарына, сонымен қатар академия ұйымдастыратын қосымша курстарға қатысып, семинар сабақтарына әзірленуі, кітапханаларға баруы, білімдік, мәдениет пен спорттық сипаттағы семинарларға, конференциялар мен басқа да шараларға қатысуы тиіс. Ол оқытушылар мен басшылардың тапсырмаларын өз уақытында орындап, дер кезінде рефераттар, курс және диплом жұмыстары мен емтихандар тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, плагиат, оқытушыны алдау және сабақтарда және емтихандарда көшіріп алу әрекеттері кесімді түрде осы ұстанымдарға қарсы келеді.

Тәртіптілік. Біреудің мүлкін ұрлап алу, мас күйінде академияға келу, аудиториялар мен дәліздерде, сабақ уақытында және кітапханаларда жұмыс жасауға кедергі келтіру әрекеттері кесімді түрде осы ұстанымдарға қарсы келеді.

Нақтылық. ҚазСТА студенті жұмысқа өз уақытында келуге тиісті, сабақ жіберіп алу тек орынды себептерге байланысты болуы мүмкін, оған: дәрігердің анықтамасымен расталған ауру жағдайлары, сонымен қатар төтенше тіршілік жағдайлары жатады.

Белсенділік. ҚазСТА студенті академияның оқу, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысуы тиіс.

Өзара жәрдем. ҚазСТА студенті оқу барысында кездескен қиындықтарды жеңу мақсатында басқа ҚазСТА студенттеріне өз шамасына қарай көмек көрсетуі тиіс.

Сақтық. ҚазСТА студенті академияның мүліктері мен материалдық-техникалық жабдықталуына сақтықпен қарауға міндетті, академияның кітапхана қорын сақтауға ұқыпты болуы тиіс.

Жауаптылық. ҚазСТА студенті осы абырой Кодексінің ұстанымдарын сақтауға және оны орындау үшін барлық қажетті шараларды іске асыруға міндетті болғандықтан, жеке жауаптылыққа ие болып табылады.

Жеке жауаптылық ұстанымдарына сәйкес академия басшылығы мінез-құлық нормаларын бұзған ҚазСТА студенттеріне тәртіп бұзғандығы деңгейіне қарай келесі қатаң шараларды қолдану құқығына ие:



  • Ескерту;

  • Сөгіс;

  • Жеке іс қағазына енгізу арқылы қатаң сөгіс;

  • Айыппұл;

  • Академиядан шығару.


Сәттілік тілейміз!!!


МАЗМҰНЫ

1.Бірінші курс ҚазСТА студентіне


3

2.Академия әнұраны

3

3.Өткені мен бүгінгісі

3

4. Ректорат, акдемия құрылымы туралы ақпарат

5

5.ҚазСТА студенттерінің намыс кодексі

7

6.Оқу үдерісін ұйымдастыру:


8

  • Күндізгі бөлімнің академиялық күнтізбесі




8

  • Сырттай оқу бөлімінің академиялық күнтізбесі

8


  • Кредиттік оқу жүйесімен байланысты негізгі ұғымдар



10


  • Студенттердің білімдерін, дағдылары мен біліктіліктерін бақылау жүйесі

12

7. Академия саясаты



15

8. Жазғы (ақылы) семестрді ұйымдастыру


15

9. Оқу жылында қалайша қайта қалмауға болады?
10. ҚазСТА студенттерінің басқа ЖОО-на ауысу ережесі
11. Оқудан шығарылған ҚазСТА студенттерін қайта қабылдау ережесі


16

16

17



12.ҚазСТА студенттерінің оқу ақысын төлеу шарттары
13.Студенттердің білім алу бағытын қалыптастыру
14. Студент – спортшыларға арналаған жекелей оқу кестесі жайлы
15. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім алу үшін жағдай жасау
16. Студенттердің жекелей және денелік дамуына арналған қазақ спорт және туризм академиясында жасалған жағдайлар
17. Жік пен академия әкімшілігіне өтініш жолдау және оны қарастыру тәртібі


17

17

18



18

18


19

18.ҚазСТА суденттерінің негізгі құқықтары мен міндеттері


19

19.Академия студенттері мінез-құлықтарының этикалық ұстанымдары


20






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет