Nn1 лабораториялыј Жёмыс



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.09.2023
өлшемі252,6 Kb.
#181191
  1   2   3   4
Байланысты:
№8 Актив кедергі




№ 8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
 АКТИВТІК КЕДЕРГІНІ АМПЕРМЕТР ЖӘНЕ
ВОЛЬТМЕТР ӘДІСІМЕН ӨЛШЕУ 
 
1. Жұмыстың мақсаты 
Өлшеуіш приборлармен (амперметр және вольтметр), тұрақты токтың 
электр тізбектеріндегі кедергілерді өлшеу әдісімен, өлшеу қателіктерінің 
негізгі түрлері және оларды азайту әдістерімен танысу.
 2. Қысқаша теориялық кiрiспе 
2.1. Электр тоғы деп электр зарядтарының реттелген (бағытталған) 
қозғалысы айтылатыны белгілі. Егер токтың күші және бағыты уақытқа бай-
ланысты өзгермейтін болса, онда мұндай ток тұрақты ток болады. Тұрақты 
ток бағынатын негізгі заң – Ом заңы. Осы заңға сәйкес, тосын күштер әсер 
етпейтін тізбек бөлігіндегі (тізбектің біртекті бөлігі) өткізгіш бойымен 
ағатын ток күші өткізгіштің шеттеріндегі потенциалдар айырмасына (керне-
уге) тура, ал оның кедергісіне кері пропорционал болады, яғни
I
U
R
.
(1) 
Электр тізбегіндегі тұрақты токты қамтамасыз ету үшін электр 
қозғаушы күш үздіксіз әсер етуі қажет, өйткені заряд тасымалдаушылар рет-
телген қозғалыс жасаған кезде қайсыбір кедергіге кездеседі. Металл 
өткізгіштердің кедергісін кристалдық тордың түйіндерінде орналасқан атом-
дармен (иондармен) өріс әсерінен реттелген қозғалыс жасайтын еркін 
өткізгіштік электрондардың әсерлесуімен (шашырауымен) сапалы түрде 
түсіндіруге болады. Жылулық тербелмелі қозғалыс күйінде тұрған атомдар 
(иондар) электрондардың орын ауыстыруына кедергі жасайды, осыдан ток 
күші кемиді. 



Өткізгіштің кедергісі деп токтың жүруіне өткізгіштің қиындық 
келтіретін қасиетін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Кедергі 
өткізгіштің материалына, оның геометриялық пішіні мен мөлшеріне, 
температураға және де токтың өткізгіш бойына қалай таралғандығына (кон-
фигурациясына) тәуелді. Ұзындығы 
l
, көлденең қимасы

біртекті цилиндр 
тәрізді өткізгіштің кедергісі былай анықталады: 
R
l
S
,
(2) 
мұндағы – меншікті электр кедергі.
СИ системасында кедергі Оммен өлшенеді. 1 Ом деп өткізгіштің екі 
шетінде потенциалдар айырмасы 1 В болған жағдайда күші 1 А тұрақты ток 
жүретін өткізгіш кедергісін айтады. Үлкен кедергілерді өлшеу үшін мынадай 
өлшем бірліктері қолданылады: 1кОм=10
3
Ом, 1 МОм=10
6
Ом.
2.2. Токты өлшеу.
Ток күшін өлшеуге арналған прибор амперметр деп 
аталады. Ол тізбектің ток күші өлшенетін бөлігіне тізбектеп қосылады.
Амперметрдің R
а
ішкі (меншікті) кедергісі мүмкіндігінше аз болуға тиіс. 
Сонда амперметрді тізбекке қосқанда тізбектің осы бөлігінің кедергісі іс 
жүзінде өзгеріссіз қалады. Осы жағдайда прибор тұтынатын қуат елеусіз аз 
болады. Осылай қосылған амперметрлер токты тікелей бақалайтын прибор-
лар ретінде қолданылады, бұлар өлшенетін токтың сандық мәндерін 
көрсетеді.
Жұмыс істеу негізіне қарай амперметрлер магнитоэлектрлік және 
электромагниттік болып бөлінеді. Магнитоэлектрлік жүйедегі амперметрдің 
жұмыс істеуі тұрақты магниттің магнит өрісімен өлшенетін ток өтетін 
қозғалмалы контурдың әсерлесуіне, ал электромагниттік жүйедегі 
амперметрдің жұмыс істеуі орамдары арқылы өлшенетін ток өтетін 
катушканың магнит өрісімен қозғалмалы ферромагниттік өзектің әсерлесуіне 
негізделген. 



Тұрақты ток тізбектерінде негізінен магнитоэлектрлік (сирек, 
электромагниттік) жүйедегі амперметрлер қолданылады. Амперметр ток 
күшінің белгілі шектік мәніне арналады. Оның өлшеу диапазонын үлкейту 
үшін амперметрге параллель қосымша кедергі (шунт) қосылады. Сонда 
өлшеу диапазонын n есе үлкейту үшін кедергісі R
ш
=R
a
/(n-1) шунт керек бо-
лады. 
Гальванометрге параллель шунт жалғап, бақылау шкаласын өзгертіп, 
оны амперметрге айналдыруға болады. 
2.3. Кернеуді өлшеу
вольтметрмен жүргізіледі. Вольтметр өлшенетін 
тізбек бөлігіне параллель қосылады, оның көмегімен бірден кернеу 
анықталады. Ол да амперметр секілді магнитоэлектр немесе электромагнит 
жүйесінде болады. Вольтметр тізбекке параллель қосылатындықтан негізгі 
тізбек тогын көп өзгертіп алмас үшін оның кедергісін өте үлкен етіп алады, 
яғни вольтметрден өтетін ток өте аз болуы керек. Сондықтан вольтметрдің 
өлшеу шегін өзгерту үшін оған тізбектей R
қ 
қосымша кедергі жалғайды: 
өлшеу шегін n есе өсіру үшін R
қ
= R

(n-1) қосымша кедергі керек. 
2.4. Үлкен кедергілер амперметр және вольтметр әдісі бойынша
өлшенеді (1 суреттегі схема). Бұл жағдайда өлшенетін кедергі
R U I
/
,
мұндағы I - өлшенетін кедергіден өтетін ток, U - кернеу. 
1 - суреттегі схема өлшенетін R кедергі амперметрдің ішкі 
кедергісінен әдеқайда көп болғанда қолданылады. Бұл жағдайда амперметр-
ге түскен кернеу ескерілмейді, берілген кернеу түгелімен өлшенетін кедергіге 
түседі деп есептелінеді.
Өлшенетін кедергіге түсетін кернеудің U
R
шын мәні вольтметрдің 
көрсеткен U мәнінен, амперметрге түсетін U
A
кернеу мәніне, яғни
U
R I
A
A
шамасына кем болады:
U
U
U
R
A
,
(2) 



мұнда R
A
- амперметрдің ішкі кедергісі. 
Амперметр енгізетін қателікті ескеретін болсақ, онда өлшенетін 
кедергінің дәл мәні мына формуламен анықталады: 
R
U
U
I
A
,
(3) 
яғни дәлірек анықталған кедергіге түскен кернеу 
U
IR
U
A
болады. 
Егерде U
А
прибордың өлшеу дәлдігінен үлкен болса, оны ескеру 
қажет. Мұнда U – кернеудің дәл мәні деп санаймыз, бірақта оның өлшеу
қателігін төмендегіше бағалаймыз. 
1 - суреттегі схема бойынша салыстырмалы қателік немесе кернеу 
өсімшесі мына формуламен анықталады: 
R
R
R
R
I
IR
U
U
A
A
A
A
)
(
.
(4) 
2.5. Егерде амперметрдің R
A
ішкі кедергісі өлшенетін R кедергімен 
шамалас болса, яғни аз кедергі жағдайында, 2-ші суреттегі схема 
қолданылады. Бұл жағдайда вольтметр кедергіге тікелей қосылады да, тек 
қана ондағы кернеудің түсуін өлшейді. Бірақта, ескере кететін жай, вольт-
метр амперметр сияқты, 2 - суреттегі схемада дәл мәнді көрсетпейді екен.
Себебі, вольтметр арқылы аз да болса, I
v
ток жүреді, сонда өлшенетін 
кедергі арқылы жүретін токтың мәні (I - I
v
) болатындықтан, ондағы кернеу
U = (I - I
v
) · R
формуласымен анықталады. Демек, волтьметр енгізетін қателікті ескергенде, 
кедергіні дәл анықтау үшін, оның мәні мына формуламен есептелінеді: 



R = U/(I- I
v
)
,
(5) 
мұнда I
v
= U/R

– вольтметр арқылы өтетін ток, R
v
– вольтметрдің ішкі 
кедергісі, U – кедергіге түсетін кернеудің дәл мәні деп қарастыруға болады. 
2 - суреттегі схема бойынша салыстырмалы ток өсімшесі мына форму-
ламен анықталынады: 
I
I
U
R
U R
R
R R
R
R
R
R
R
V
v
v
v
v
v
/
(
) /
.
(6) 
Егер бұл шаманың мәні вольтметрдің дәлдік класымен анықталатын 
қателік шегінен асып кетсе, онда кедергінің мәнін (5) өрнекпен анықтау 
қажет. 
Көрсетілген екі схеманың қайсысы дәлірек өлшейтіндігі (3) немесе (6)
формула бойынша анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет