Ноғайбаева М. С. КӨшпелі және отырықшы мәдениеттердің Өзара байланыстары тарихнамасы



бет2/4
Дата25.09.2023
өлшемі153,86 Kb.
#182354
1   2   3   4
Байланысты:
annotation78676

З. Майданали


Еуразияның көшпелі империялары: тарихи тұжырымдар және көзқарастар
Тарих ғылымы және оның теориясының дамуы қазіргі кезеңін тарихи таным ретінде қабылдау үшін әртүрлі концептуалды мәселелерді алға қойып, сараптаудың өткір қажеттілігі туындайды. Өзінің жинақтлған мән мазмұнымен, тарихи шынайлықта қамтуы деңгейімен ой елегінен өткізілуі ерекшелігімен "көшпелі империя" туралы концептуалды байлам жасау аса күрделі мәселелер қатарына жатады.
Саяси және әлуметтік антропологияның заманауи методологиясы америкалық және еуропалық ғалымдардың тарихнамалық зерртеулерін бірінші планға шығарды. Америкалық зерттеушілердің пікірі бойынша империялардың жоғарлауы мен құлдырауының біртекті, ұқсас циклдарынан тұрады және эволюциялық өзгерістер байқалмайды. Осыған байланысты Еуропа мен АҚШ-тың антропологиялық мектептері көшпелі қоғамдарды бүтіндей тоқырауға ұшырыған өзіндік тарихи дамудан ада қоғам ретінде қарастырады. Американдық антропология мектебінің белгілі зерттеушілерінің бірі Т. Барфилд көшпелі қоғам болмысының заңдылықтары механизмін, сондай-ақ олардың отырықшы халықтармен өзара іс-әрекеттері кезіндегі орын алған трансформациялар мен өзгерістерді зерделеуді ұсынды. Автор көшпелі қоғамның (ең күрделі "көшпелі империя") тарихи эволюциясын ішкі дамудың нәтижелері ретінде емес, егінші - отырықшы халықтармен тікелей араласуы нәтижелері ретінде қарастыру қажеттілігіне назар аударды. Қытайдың орталықтандырылған империялардың билігі көшпелілермен шаруашылық қарым - қатынаста болып, олардың көмегіне жүгінді, мұның өзі қайсібір династияның өміршендік мерзімін ұзарта түсті, бірақ нәтижесінде мемлекеттің экономикалық ресурстары түбегейлі сарқылды. Т: Барфилд көшпелі мәдениеттің өзгерістері қоршаған табиғи орта мен әлеуметтік жағдайларға сәйкестену қажеттілігінен туындайтын ерекше жүйе ретінде қарастырды. Бұл тұжырымның қисынды салдары: Қытайдағы саяси—әлеуметтік үдерістер мен көшпелілердің әлеуметтік даму формалары арасында өзара байланыс болуы деген қорытынды. Билік циклы деп аталатын Орталық Азия аумағында орын алған үдерістерді типолагизациялау – Т.Дж. Барфилд теориясының негізін қалады [38].
Эволюциялық теория өкілдерінің пайымдауынша көшпелі империялар дамуының жоғарғы нүктесі және далалық мемлекеттіліктің классикалық үлгісі Моңғол империясы болып табылады. Эволюциялық номадизм теоретиктері көшпелі мемлекеттілік біртіндеп ішкі даму қорытындысы деп біледі және көшпелілер қытайдың саяси жүйесіне ұқсас жүйе құрды деген пікірлерді терістейді. Дж. Флетчер барлық теорияларға ортақ жеті сипатты анықтады: 1. далалықтардың ашкөздік және жыртқыштық табиғаты; 2. климаттық өзгерістер; 3. дала халқының санының артуы; 4. егіншілердің көшпелілерімен сауда-саттықтан бас тартуы; 5. өмір сүрү ұшін қосымша азық-түлік көздерінің қажеттілігі; 6. көшпелілердің тайпаүстілік бірлестіктерінің құру қажеттілігі; 7. көшпелілер психологиясының екі тұғырлығы – егіншілермен бірдей, қатар болу және бүкіл әлемдә жаулап алу туралы Тәнір түсірген сенім. Осындай тұжырымдар негізінде автор мынадай қорытындығы келеді: "Егер моңғол халқының басым бөлігі "көшпелілер өмір салтын жақтаушылар" қатарында қалғанда және егіншілерді қанауда мақсат тұтқан өздерінің дәстүрлі далалық моделіне сенім артқанда империяның өмірі үзағырақ болар еді [39, 221-222 б.].
Саяси сараптама тәсілдерін қолданудың жиынтық нәтижесінде Моңғол империясының мегаимперияға трансформациясы үдерісін түсінуге мүмкіндік пайда болды. Бұл империяның құрамында әртүрлі саяси, экономикалық, этникалық, діни және т.б. жүйелік топтар болған. (ұлыстар, "қанаттастар", ондық жүйенің сегменттері, ру – тайпалық құрылымдар, оазистер, қалалар мен егіншілік аумақтар, конфессиялық қауымдастықтар және т.с.с.) Аталған тарихи оқиғаны замануи зерттеушілер "көшпелі империялық ұйымдардың бағындырылған және жаулап алынған типтерінің ерекше симбиозы" ретінде де көрсетеді. [40, 271 б]. Ф. Роджерс ірі саяси құрылымдарға бірігудің бірнеше стратегиясын бөліп көрсетті. Бұндай интеграцияның әртүрлі нұсқалары келесідей: жаулап алынған тұрғындарды жаулаушы қоғам құрамына енгізу және сіңіру, ортақ мәдени символдар құрастыру арқылы байланыстарды нығайту, сыйлықтармен алмасу және некеге тұру, кепілдікке беру, аумақтарды басқаратын әкімшілік және идеологиялық институттар құру және т.б. [41, 166-169]. Н. Ди Космо өзінің ғылыми еңбегінде политогенез үшін тайпалық қоғамның өз ішіндегі құрылымдық дағдарысы түрткі болып табылады деп көрсетті. [42]. Мұның өзі көшпелі қоғамды әскерилендіруге, тұрақты әскери бөлімшелер мен арнайы жасақтардың құрылуына алып келеді. Көшпелі мемлекеттің эволюциясы мәселелері Тамура Дзицудо, Б.Энхтухшвин, Н.Шираси және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Н. Ди Космоның жорамалы бойынша сыртқы әлемнен табыс алудың әдістері бойынша далалық империялар тарихында төрт кезең болған: 1. алым-салық алушы империялар кезеңі – хуннулардан жужандарға дейінгі кезең (б.э.д. 203ж – б.э.551ж); 2. түріктердің, хазарлар мен ұйғырлардың (551-907ж.ж.) сауда алым –салық империялары кезеңі; 3. дуалды –әкімшілік империялар кезеңі (907-1269ж.ж.); 4. дами түскен империялар кезеңі (1200-1796ж.ж.). Сондай - ақ ол “ далалық” империялардың құрылуына әсер етуші эндогенді (сыртқы) және экзогенді (ішкі) факторларды анықтайды. Эндогенді факторлар ішінен негізгісі ретінде харизматикалық "империя құрылысшыларының" рөлін ерекше атап көрсетеді. Олар далалық саясатта да, әскери іс – қимылдарда да, дипломатияда да өздерін суда жүзген балықтай сезінді, сондай – ақ тайпалық конфедерациялар, тіпті орталықтандырылған саяси билігі мен қарулы күштері бар империялар құруда да жетістікке жетті [42, 210-215б.].
Моңғол империясының саяси мәдениетіндегі себепті –салдарлы байланыстарды зерттеу нәтижесінде бағынышты болу идеясының таратылып, сіңірілуі және ұлы ханның ықпалы тек қана жеке беделінің негізінде емес, сонымен бірге оның өзі құрған әскери –мемлекеттік машинаның күш – қуаты негізінде күшейтілді. Хандардың Шыңғысханнан жеткен әулиелік рөлі тек көшпелілер ортасында ғана орнықты. Мұрагерлік жүйенің қарама –қайшылықтарына қарамастан тап билікті беру дәстүрі жалғасын тауып, оны рәсімдеу шаралары ақсүйектер кеңесі – құрылтайда жүзеге асты.
Моңғол және басқа да көшпелі империяларды "аса күрделі көсемдіктер" ретінде анықтау осы концепция жақтастарының логикалық құрылысында бірқатар қарама – қайшылықтар бар екендігін ашып көрсетеді. Көшпелілердің иерархиялық құрылымының генезисі тек қана соғыспен, тонаушылықпен, көршілерді, ең алдымен егіншілерді жаулап алумен байланыстырылады, көшпелі империяларда негізгі рөл қанаудың экзополитарлық формаларына беріледі, бұл империяларды жіктеуді отырықшы – егінші халықтармен өзара қарым – қатынастардың әртүрлі формасы негізінде жүзеге асырады. (типтік, алым – салықтық, жаулап алушылық) . Егер "көшпелі империялардың" басқару жүйесінің типтерін тереңдете сиапттайтын болсақ онда жоғарыда аталған факторлардың барлығы дерлік екінші планда калады да басты критерий ретінде көшпелі қоғамдастықтың өз шеңберіндегі биліктің мәні мен мазмұны алға шығады [40,273б.]. Ал ресей ғалымы Н.Н. Крадиннің зерттеу практикасына сәйкес билеушілерді қол астындағы көшпелілермен байланыстыратын механизм “ұтымды экономика” болып шығады. Сонымен, акцент көшпелі лидердің көшпелі тұрғындарға қатысты редистрибутивті функцияларына қойылады, өйткені империяны құруда көшпелілер шешуші рөл атқарған еді, ал империялның сыртқы әлемге бағытталған барлық ұйымдастырушылық бастамалары "мемлекет тәрізді" деп қана мойындалады. Мұндай келіс, толықтай алғанда көшпелі империялардағы биліктің екіжақты табиғаты туралы айтуға мүмкіндік береді (потестарлы және ертемемлекеттілік) [43,491 б.].
Методологиялық парадигмалардың ауысуы " көшпелі империяның" болмысы мен іс – әрекеті мәселелерін зерттеудің әртүрлі келістері мен қағидаларына өзгерістер алып келді. Замануи тарих ғылымы көшпелілердің империялық құрылымдарында ертемемлекеттілік элементтердің бар болғаның көрсетеді. Көшпелі мемлекеттілік мәселелерін зерделеуге алға басу үшін ежелгі әлеуметтік шынайлықтар туралы дүниетанымдық білімдерді кешенді зерттеу қажеттілігін ескерусіз қалдыру қателік болар еді. Соңғы онжылдықтардағы пікірталастар көшпелі империяларды бағалаудың екі тәсілін айқындап берді. Заманауи ресей тарих ғылымында көшпелі империялар аса күрделі биліктер болған деген тұжырым басымдық танытып тұр.(Н.Н. Крадин, В.В. Трепавалов, Т.Д. Скрынникова, Д. Бондаренко, В.Коротаев).
Т.Д. Скрынникова, Н.Н. Крадин секілді зерттеушілер бұл құрылымдарды "тайпалық конфедерациялар" ретінде сипаттады. Дегенмен американдық ғалым Т. Барфилд, С. Васютин, Л. Хазанов сияқты бірқатар зерттеушілер көшпелілердің аса зор саяси құрылымдарын (сюнну мемлекеті, түрік қағанаттары, Моңғол империясы) мемлекеттіліктің бастапқы (ерте) формалары ретінде қарастырады [44, 56 б.]. Зерттеу парадигмаларының салыстырмалы сипаттамасы көшпелілер билігінің нақты формаларын сипаттауда ортақ белгілері болғандығын көрсетеді, бірақ олар акценттерін ғана әртүрлі қояды. Зерттеушілердің бірі көшпелілердің тікелей басқару құрылымын бағалауды алға тартса басқалары тәуелді халықтарға үстемдік ету және олардың қосымша өнімінен үлес алуға бағытталған империяның әскери – иерархиялық ұйымның мәніне зер салады. Замануи тарих ғылымындағы даулы мәселелердің бірі көшпелілердің саяси құрылымының типологиясы болып табылады. Т.Дж. Барфилд төрт күрделі деңгейді анықтайды, олар: акефалды сипатталған тайпалық одақтар, тұрақты тайпадан үстем ұйымы жоқ, бірақ тұрақты көсемдері бар кландар, мықты көсемі бар тайпадан үстем құрылымдар, орталықтандырылған тайпалық империялар [38, 44 б.].. Көшпелі империялар туралы зерттеу парадигмалар мен тарихи құрастырулардың олардың табиғаты мен мән – мазмұнын анықтауға қажетті негізгі критерилерді талдап жасау қажеттілігін туындатты
Н.Н. Крадиннің зерттеу парадигмасы обьектінің мәнін қарастыра келе “көшпелі империяның” басты екі белгісін анықтайды: 1. Үлкен аумақтарының (территориялары) болуы; 2. Тәуелді немесе колониалды иеліктерінің болуы. Көшпелі империяны әскери – иерархиялық қағида бойынша ұйымдастырылған салыстырмалы үлкен аумақты иемденген және қанаудың сыртқы формалары арқылы (тонаушылық, соғыс және контрибуция “сыйлықтар” талап ету, бейэквиваленті сауда, алымдар және т.с.с) көрші территорияларда қанаушылар ретінде сипаттай келе, зерттеуші көшпелі империяның келесідей белгілерін атап көрсетеді: әлеуметтік ұйымдастырудың көп сатылы иерархиялық сипаты, империялық әкімшілік бөлінісінің екі немесе үш тұғырлы қағидасы, әскери – иерархиялық қоғамдық ұйым әкімшілік инфрақұлымды ұйымдастырудың арнайы әдісі ретінде аттылы қызметті пайдалану, билік мұрагерлерінің арнайы жүйесі және т.с.с. Бұдан әрі Н.Н. Крадин көшпелі жасалымдардың билік құрылымын моделдеу негізінде олардың үш деңгейін атап көрсетеді. 1. Көшпелі империяның билеушісі және оның ставкасы; 2. Империя құрамына кіретін тайпаларды басқару үшін тағайындалған империя өкілдері. 3. Жергілікті тайпалар көсемдері [45, 22 б.].
Бұдан басқа белгілі ресейлік автор С.А. Васютин көшпелі империяларда Н.Н. Крадин көрсеткен типтік, алым – салық алушы және жаулап алушы нұсқалардан гөрі ауқымды белгілері болған деп есептейді. С.А. Васютин көшпелі империялардағы биліктің күрделене және тұрақтана түсуінің прогрессивті үрдістерін байқайды. Автор жүргізген сараптамалық жұмыстардың көрсетуінше Жуань – Жуань, Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағанаттары мен Ляо империясының саяси институттарының трансформациялық үдерістері күшейе түсіп, олардың саяси құрылымдарында даму үрдістері басталған. Әлеуметтік эволюцияның көпқырлы теориясын қолдану қорытындысын шығара келіп, С.А.Васютин көшпелі бірлестіктердің сегіз типін таныстырады бұлардың әрқайсысы екі типтен тұратын билік ұйымдарының төрт деңгейлі күрделі құрылымы бар: сегменттелген және аксфалды қоғамдар, күрделенген көшпелі басқарулар, құрамында көшпелілермен қатар бағынышты отырықшы мемлекетте кіретін тұрақтылығы басым иерархиялық басқарулар, типтік және бағындырылған көшпелі империялар – аса күрделі басқарулар, көшпелілер орнатқан локалды (кішігірім) және империялық мемлекеттер) бұлар өзіндік мәні бар базалық моделдерді құрайды [44, 68 б.]. Тарихнамалық сараптаудан анғарсақ көшпелелердің саяси ұйымдастырылуының трансформациясы мен эволюциясы туралы, көшпелі мемлекетті толықтай жоққа шығарудан, түрік, моңғол көшпелі империяларының тарихи, генетикалық және мәдени жалғастығына дейінгі тұжырымдарды байқаған болар едік.
Замануи тарихшылар өздерінің назарын тағы бір проблемаға – көшпелі империяларды билік құрылымдары ретінде қарастыру мәселесіне назар аударды. Т. Дж. Барфилдтың пікірінше көшпелі империялар – бұл тайпалық “империялық конфедерациялар”. Көшпелі құрылымдардың құрамдас бөліктерін сараптай келе автор оларды сыртқы және әскери саясатты автократиялық және мемлекетке ұқсас бірлестік болды дегенмен, ішкі саясатта кеңесу мен федерализм қағидаларын ұстанған құрылымдар ретінде анықтайды. Экстрополяция және ретроспекция әдістерін қолданған ғалым үш деңгейлі әкімшілік иерархиясын анықтайды: 1. Империялық лидер және оның сарайы; 2. Империя құрылымындағы тайпаларды бақылауда ұстау үшін тағайындалған сенімді өкілдер; 3. Тайпалардың жергілікті көсемдері [38, 44 б.]. Мұндай саяси бірлестіктердің тұрақты өміршеңдігін сақтау мақсатындағы қаржылық ресурстар аумақтан тыс жаугершілікпен қамтамасыз етілген. Т.Дж. Барфилд биліктің циклдығы теориясын ұсынды, яғни Қытайдың мемлекеттік бюрократиялық организміндегі өзгерістер динамикасы мен далалық көшпелілердің әскери – саяси құрылымы өзгерістері динамикасының синхрондығы (бірмезгілдігі).
Тарихнамада кеңінен таралған ғылыми бағыттардың бірі Еуразия аумағындағы мемлекеттіктің бірдей белгілері мен ұқсастықтарын іздестіру болып табылады. Бұл зерттеу бағытының дамуына Л.Кватен, Э.Филлпс, Ф.Г. Савинов, С.В. Кисилев, Л.П. Потапов сияқты шетелдік және ресейлік ғалымдар өз үлестерін қосты. Тарихнама жетістіктерінің бірі көшпелілердің саяси ұйымдастырылуының жекелеген компенеттерінің хунндардың дәстүрімен ұқсастығын зерттеу еді.
Түркі бірлестіктерінің ежелгі “елі” ғунндар мемлекеттілігі дамуының жалғасы ретінде есептеледі. Бұл жалғастық зерттеушілердің пікірінше, ғунндардың билеуші триумвиратын (қаған, ябғу,шад) канаттар жүйесін әскердің ондықтарға бөлінісін, билеушінің Аспанмен әулиелік байланысын қайталауда болса керек. Дж. Флетчер басқаруды ұйымдастырудағы ұқсастықтармен қатар хан билігін абсолютизациялау мен қатан әскериленген құрылымдарды жасақтаудағы ұқсастықтарды атап көрсетеді. В.В. Трепавлов көшпелілер құрылымындағы потестарлық даму және мемлекеттілікті рәсімдеу секілді екі үрдісті ажыратады. Бірі - орталықтандырылған монархиялық билік үстемдігін орнықтыру болса екіншісі бірте – бірте ыдырай бастаған тайпаларды біріктіру арқылы ру – тайпалық институттарды тайпадан үстем билік құрылымына бағындыру болып табылады. В.В. Бартольд Түркі қағанатындағы билік формасын демократияның үстемдігі деп атады. Заманауи зерттеушілер көшпелі империялардың сипатты белгілеріне мыналарды жатқызады: 1. Таптық қоғам мен мемлекеттің деңгейіне сәйкес жаңа мазмұнмен толыққан ру- тайпалық институттар формасын сақтап қалу; 2. Аса ірі көшпелі империяларға тән әскери диктатура белгілері бар қатаң орталықтаңдырылған басқару; 3. Көршілермен тұрақты соғыс жағдайында болу; 4. Аса зор аумақ өлшемдері [46, 221-222 б.].
Белгілі зерттеуші Г.Е. Марков еуропашылдық келіс негізінде көшпелі қоғамдардағы қоғамдық және әскери құрылымдардың қалыптасуы мен дамуы проблемаларын зерттеді. Ол өзінің басты назарын мүліктік дифференциация үдерісі мен үстемдік етуші әскери және тайпалық басшыларды арнайы бөліп көрсетуге аударды [47]. Этносаяси және этномәдени өзара іс – әрекеттердің көпқабаттылығы мен көптүрлілігі көшпелі тайпалардың әскери бірлестігі негізіндегі "көшпелі империялардың" пайда болуына алып келді. Көшпелі империялар үшін басты мәселе - мықты экономикалық базистің болмауы бұл саяси құрылымдардың өміршеңдігіне кері әсер етті. Орталық биліктің әлсізденуі көшпелі империяның ыдырауын тездетеді, әскери – әкімшілік жүйе қызметі тоқтап, құлдырау мен күйреу басталады. Сондықтан Г.Е. Марковтың тұжырымына сәйкес көшпелі империялар сөздің толық мағынасындағы мемлекет емес, тек қана қатаң әскери ұйымдастырылған темірдей тәртіп негізіндегі көшпелілердің уақытша одақтасуы болып табылады [48, 81-83 б.]. Ұқсас көзқарастарды ғалым С.А. Плетнева да ұстанды. Оның пікірінше көшпелі қоғамдастықта мемлекеттің пайда болуының басты шарты – көшпелілердің отырықшы қоғамға айналуында болса керек. Бұл арада ескеретін бір мәселе мемлекеттің пайда болуы үдерісі қоғам дамуының ішкі себептеріне байланысты, ал бұл институтта сырттан алып келіп таңу үшін жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратып, мәдениетін “жұтып” жіберу қажет. Егер отырықшы халықтар үшін мемлекеттілік кретерийлерін қолданатын болсақ, онда көшпелілер мемлекеттілік деңгейіне жете алмайды [49].
Замануи зерттеушілердің бірі Н.Н. Крадиннің пікірі бойынша бастапқыда көшпелілер өзлерінің меншікті мемлекетін қажетсінген жоқ. Көшпелі қоғамдарда болған үдерістерді моделдеу арқылы Н.Н. Крадин көшпелі мемлекттіліктің туындауына олардың жоғары ұйымдастырылған егіншілік – қалалық қоғамдармен ұзақ және белсенді қарым – қатынастары әсер етті. (скифтер және ежелгі шығыс және антикалық мемлекеттер, Орталық Азия көшпелілері және қытай,ғұндар және Рим империясы, арабтар, хазарлар, түріктер және Византия және т.б.) Н.Н. Крадиннің негізгі концептуалды бағыты - көшпелі халықтардың мемлекеттілігінің пайда болуы отырықшы егінші өргениеттердің тікелей ықпалына байланысты жүзеге асты. Н.Н. Крадин өз кезегінде «көшпелі империялардың» келесідей белгілерін бөліп көрсетеді [45]:

  1. Барлық деңгейлерде тайпалық, тайпаүстілік генеалогиялық байланыстармен өрілген әлеуметтік ұйымның көпсатылы иерархиялық сипаты;

  2. Империяны әкімшілік бөлудің екі немесе үш тұғырлы (қанаттары және орталық) қағидасы;

  3. «Ондық қағидасы» бойынша құрылған «метрополия» қоғамдық ұйымдастырылуының әскери-иерархиялық сипаты;

  4. Әкімшілік инфрақұрылымын ұйымдастырудың ерекше әдісі ретіндегі аттылы (ямская) қызмет көрсету;

  5. Мұрагерліктің өзіндік (арнайы) формасы;

  6. Егіншілік әлемімен өзара қарым-қатынастың ерекше сипаты.

Көщпелі мемлекеттіліктің табиғатын зерделеуде әртүрлі келістермен үрдістерді қарастыра отырып зерттеуші келесідей қорытындыға келеді: тарихи зерттеулердің көпшілігі көшпелілердің өзіндік табиғатына сүйенеді және көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырылуы әлсіз мамандандырылған және құрылымдық тұрғыдан шашыраңқы болған. Мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы еуропашылдық теориялар орталықтандырылған саяси билікті ғана алға тартады, олардың басқаруыды монополизациялуы және белгілі бір аумақ көлемінен тұрақты салық алуын ғана көрсетеді, ал Еуразия аумақтарындағы үдерістердің күрделі және біркелкі емес сипатын еуропашылдықтар ескере бермейді.
Е.И. Кычанов көшпелі қоғамдардың таптық сипаты туралы көзқарасты жақтайды да, көшпелі халықтардың мемлекеті болғаны фактісіне ешбір күмән келтірмейді. Өзінің зерттеу жұмысында Е.И.Кычанов көшпелі халықтардың дамуы деңгейінің проблемаларын көшпелілерде таптық қоғам болуы қағидаларымен, соның нәтижесінде бұл қоғамдарда мүліктік және таптық жіктеудің орын алуымен және содан көшпелі мемлекеттің туындауымен байланыстыра зерделейді. Автордың пікірінше көшпелі мемлекеттер, ең алдымен көшпелі қоғамдардың ішкі дамуының нәтижесі болып табылады. Көшпелі қаумдастықтарда орын алған..... таптық бөліністер мен әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі көшпелі мемлекеттіліктің әртүрлі формаларының туындауына алып келді [50].
Көшпелі империялардың немесе «архаикалық империялардың» пайда болуы туралы зерттеу жұмыстарына «дихотомия» (екіжақтық) тән. Заманауи авторлар «дала империяларын» қайта құрастыру әрекеттері барысында империя құру үшін екі құралдың болуы маңызды деп есептейді. Олардың біріншісі - құрылымдық, екіншісі - идеологиялық құрылымдық құрал ондық әскери ұйым болып табылады. Бұл құрал қалалық билеушілердің қолындағы қуатты қаруы болды және аталған құрал олардың билігін күшейте түсті. Ханның бақылауын нығайтатын құрал – көшпелілердің Құдайы - Тәңірге құлдық ету, сену еді. Тарихшылардың ғылыми еңбектерінде бүкіләлемдік жоғары Құдай идеясы көрініс береді және ол жер бетіндегі біртұтас әмбебап сфераны өз уысында ұстайтын жеке дара билеушіні тағайындайды деген көзқарас басым болды. Ресейлік авторлар С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов өздерінің тарихи зерттеулерінде ежелгі түрік өркениетінің қалыптасуына империялық дәстүрлердің ықпалын зерделейді. Аталған ғалымдардың пікірінше: бұл арада біз өркениетке тиесілі белгілердің (ең алдымен жеткілікті дамыған жазу және бұл жазуларда таңбаланған тарихи жад) нәтижесі Түрік елін құру болып табылады [51].
Заманауи ғылымның назарын өзіне ерекше аударатын мәселе көшпелі мемлекеттердегі дәстүрлер мен институттардың дамуы болып табылады. Формациялық және өркениеттік келістер шеңберіндегі тарихи көзқарастардың эволюциясы мен трансформациясы өте ұқсас. Олар көшпелілер қоғамының статикалық сипаты туралы пікірден бастап олардың даму бағыты ерекше және бұған отырықшы - егінші көрші халықтардың ықпалы болды деген теорияға дейінгі жолдан өтті. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы ресей тарихнамасында - далалық мәдениет пен өркениет дамуының баламасы деген мәселе қойылды, ал мұның өзі, әрине өркениетті әдіс-келісті мойындау еді. Адамзат туралы күрделі жүйелердің туындауы, одан әрі дамуы тіпті, жойылып кетуі туралы негізгі заңдарды әртүрлі түсіндіретін бірқатар теориялар пайда болды.
Сонымен, көшпелілердің басқару институттарының аса күрделі сипаты көшпелі империялардағы билік құрылымдарын сараптау үшін жүйеленген қағидаларды қолданудың перспективалы екендігін көрсетеді. Көшпелі құрылымдардағы саяси үдерістердің дипломатиялық жүйе бөлшектерінің тұрақсыздығы және жылжымалылығы, жүйе бөлшектерінің арақатысындағы өзгерістер жүйенің өзін толықтай трансформациялайды. Тарихи ой-сананың заманауи қозғалысынан және зерттеу парадигмаларынан шығатыны әскери - саяси қысым (Қытай мен бәсекелес көшпелі элита мүддлерінің бірігуі) мен билік басындағы кланның қарама-қайшылықтарының болуы және тайпалық топтар арасындағы текетірестер, экологиялық жағдайдың нашарлауы және соғыстағы жеңілістер көшпелі құрылымдардың құлдырауына немесе күйреуіне себеп болды. Еуразиядағы саяси үдерістердің циклдығын ескеретін болсақ, онда бір көшпелі империяның ақыры екінші империя тарихының бастауына жалғасқанын байқар едік. Мұндай үдерістер империяның үйымдық құрылымының толықтай жойылуына алып келеді және содан сегменттелген этносаяси кеңістіктің пайда болуы әбден мүмкін. Сонымен, аталған дереккөздердің құрамындағы ақпараттың интерактивті сипаты тарихшыға көшпелі саяси құрылымдардың мәні мен мазмұнын ашып көрсетеді.
Тарих ғылымның дамуы көрсеткендей ғылыми методология талаптарымен есептескен жағдайда ғана прогреске қол жеткізуге болады. Тарих ғылымының мақсаты да неше түрлі мифтерден құтылып, сыни, органикалық тарихты жасау болса керек. Тарихи ой-сана, нақты тарихи және ретроспективті сараптама, моделдеу мен қайта құрастыру әдістерінің тізбегі, сондай-ақ басқа да заманауи теориялық - методологиялық тәсілдерді қолдану көрсеткендей көшпелі халықтар ішіндегі туыстық құрылымдар мен генеологиялары көшпелі социумның "дисперстігі" (шашырауы) мен ортадан алшақтауы үдерістеріне жол ашты. Дегенмен көшпелі конфедерациялардағы саяси басқарудың, әскери-иерархиялық органдары ру-тайпалық сегменттермен араласты, бірақ, соның өзінде ру-тайпалардан жоғары тұрды, оларды бақылады, империялық биліктің мақсаттарына сәйкес ондай сегменттерді тиімді пайдалану іс-әрекеттерін ұйымдастырды. Заманауи тарих ғылымында көшпелі бірлестіктердегі "көшпелілердің империялық конфедерациясы", "көшпелі саяси жүйе", "саяси-құқықтық қатынастар" сияқты қыртыс-қабаттарды тереңдете зерттеу үшін жаңа тарихи әдістер негізінде қайта құрастыру жұмыстары көшпелі мемлекеттілік дамуының күрделі үдерістерін толыққанды модел ретінде қарастыруға мүмкіндіктер береді.
"Көшпелі империя" негізінде көшпелі саяси құрылымдардың дилектикалық дамуы мен өзекті мәселелерін зерделеуге қатысты баламалы (альтернативті) теориялық-методологиялық іргетастар жасау қажеттілігі жатыр. Тарих ғылымы ұзақ уақыттар бойына іргелі мәселелердің бірі - "трансконтиненталды көшпелі супер империялар" қалай және не үшін пайда болды деген сұраққа жауап іздестіру болып табылады. Орталық Азиядағы көшпелі құрылымдардың тарихы мен олардың саяси құрылымы күні бүгінге дейін аса маңызды зерделеу обьектісі болып келеді. Жаңа әдіс-тәсілдер мен жүйелі сараптау арқылы жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барысы әртүрлі бағыттағы үдерістерді көрсетеді. Методологиялық тәсілдерді қайсыбір мағына мазмұнмен толтыру зерттеушінің өзіне, оның жұмысының нақты жағдайына, сондай-ақ басқа да көптеген факторларға тәуелді.
"Көшпелі империялардың" қалыптасуы кезеңін тоқтаусыз атқарған іс-қимылдар үдерісі әлеуметтік құрылымы өзгерістермен бірге дәстүрлі әлеуметтік институттарды қирату қатар жүрді. Көшпелі құрылымдардағы саяси ұдерістердің динамикалығын есепке алсақ, онда жүйе бөлшектерінің арақатынасы әрдайым қозғалыста және түрақсыз сипатта болуы да түсінікті. Көрнекті ғалым К. Иностранцев өзінің "Хунну и Гунны" еңбегінде былайша көрсетті: "Үш ұлы империялар Ғұн, Тюгю және Монғолдар империясы бір ғана ру басқарған әртүрлі ру-тайпалардың қоспасы болып табылады".
Қайсыбір көшпелі халықтың шығу тегін білу үшін бізге олардың қандай тайпалық топ өкілі немесе тіпті қандай нәсілден тарағанын, содан барып жалпы халықтың түп-тамыры қайдан шыққанын анықтау керек. Сондықтан Қытайға ежелден белгілі, уақыт өте келе күшейгені соншалықты аса қуатты көшпелі империя құрған тайпа немесе рудың шығу тегін анықтау өте қажет болды [52, 12б]. Зерттеуші көшпелі қоғамның этникалық, әлеуметтік, саяси және ішкі құрылымдарын қайта құрастыру үшін идентификациялық (ұқсастық) тәсілдің қажеттілігіне назар аудартады. Әлемдік империялар болмысын зерделеген Г.В. Вернадский "Орыс өркениеті мен мәдениеті византиялық өркениет пен мәдениетті бойына сіңірсе, екінші жағынан киімі мен қаруын, әні мен ертегісін, әскери тәртібі мен ойлау үлгісін далалық көшпелілердің өркениеті мен мәдениетінен алды" [53, 236б] деп көрсетті. Салыстырмалы сараптама жолымен және ұқсастықтарға зер салған, автор әлемде ізі қалған империялар тарихына сілтеме жасай отырып өзінің келесідей тұжырымын жасайды: “Рим және Византия батыс пен шығыстың мәдениеттерін, егіншілік, және теңіз мәдениеттерін, сонымен бірге далалық көшпелі мәдениетті біріктірді. Бұл рөлді XIII-ғасырда Византия империясы қирағаннан кейін моңғол империясы алды. Рим және, кейінірек Византия империясыда өркениеттің орта теңііз ошағы (егіншілік-теңіздік) мен көшпелілердің далалық мәдениеті негізінде құрылған болатын. Моңгол империясы өркениеттің екі ошағын жаулап алды, оның бірі егіншілік - теңіздік және Қытай болса, екіншісі Византия империясы құрылымындағы аумақтармен Кіші Азия, Капказ, Қырым болатын” [53, 237 б]. Осылайша, автор трансконтиненталды империялар жаулап алған геосаяси кеңістіке нұсқайды және империялардың жауланған территорияларға саяси және әлеуметтік-мәдени ықпалын моделдейді. “Көшпелі империялар” туралы ойларын Моңгол империясы мысыланда қорытындылаған Г.В. Вернадский былайша түйіндейді: "империяның орталығы, дінгегі Моңғол империясы негізінен ішкі коммуникациялар желілерін бақылауда ұстады, ал тұрақтылық –орнықталған империяның әрбір аймақтың өзіндік, дербес интеграциясына тәу елелді еді. Шын мәнінде ортаазиялық өңір моңгол феодалдық саясатының полигоны болды және мұның өзі империялық тұтастықты қиратудың алғышарты мен мүмкіндігіне айналды [54,137 б]".
Белгілі тарихшы және зерттеуші С.А. Плетнева көшпелі бірлестіктерді зерделеудің негізгі үш бағытын анықтады:

  1. Саяси тарихты сипаттау;

  2. Көшпелілер экономикасын, тұрмысы мен мәдениетін қарастыру;

  3. Лингвистикалық және археологиялық негіздерде дәстүрлер мен мәдениеттер ерекшеліктерін зерттеу [55].

Автордың ғылыми ізденістері зерттеушілік тәжірибенің жалпы үрдістері мен методологиясын зерделеуді тереңдетуге ықпал етті. Ұзақ уақыттар бойына тарихшылардың бірнеще буыны үшін бұл бағыттар методологиялық келіс-тәсілдердің негізін құрады. Ресейлік заманауи көшпелітанушы Н.Н. Крадин өзінің тарихи парадигмасында, белгілі бір дәрежеде, өзінен бұрынғы авторлардың методологиялық еңбектеріне сүйенеді және обьектінің мәнін қарастыра отырып “Көшпелі империяның” басты екі белгісін анықтайды: 1. Үлкен аумақтарының болуы; 2. Тәуелді немесе колониалды иеліктерінің болуы [45, 21 б].
Көшпелі империяны әскери-иерархиялық қағида бойынша ұйымдастырылған салыстырмалы үлкен кеңістікті жайлаған және қанаудың сыртқы формалары арқылы көрші аумақтарды қанаушы көшпелі қоғам ретінде (тонаушылық, соғыс және контрибуция, салықтар талап ету, бейэквивалентті сауда) және т.с.с. сипаттай келе Н.Н. Крадин күрделілік деңгейі бойынша Еуразияның типтік көшпелі империялары көбінесе көсемдіктер (вождество) деңгейіне сәйкес келеді деген қорытынды жасайды.
Көшпелі құрылымдарды жүйелі зерттеудің тағы бір бағыты тарихи - географиялық бағыт, оны алғашқылардың бірі болып В.И. Егоров анықтады [56, 3-23 б]. Аталмыш зерттеу тәсілін пайдаланған автор Алтын Орданы ң мемлекеттік аумағын, оның ішкі мазмұнын нақтылайды, көшпелілер көші- қонның табиғат ерекшеліктерімен байланыстырылығын ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік ерекшеліктерімен де байланылыстығын дәлелдейді. Салыстырмалы және ретроспективті сараптау негізіндегі тарихи таным үдерісі бойынша ортағасырлық дәуірдің тарихи тәжірибесінде көшпелілердің әртүрлі деңгейдегі туыстық топтарында ішкі әлеуметтік-экономикалық, саяси және салт-сана байланыстарының шынайы элементтері болған. Сондықтан тарих ғылымының заманауи жетістіктері және оның тұжырымдық - дәлел базасы тұрғысынан бұл элементтердің бар болуынан ғана көшпелілердің қоғамдық жүйесі мемлекеттілікке дейінгі сипатта болды дейтін жалғыз аргументтің пайдасына шығару обьективті бола қоймас.
Зерттеуші А.М. Хазанов өзінің нақты зерттеулері арқылы Моңғол империясында басқарушыға билік көктен, көк аспаннан берілді концепциясының бірқатар даму жолдарынан өткендігін айнықтайды. Моңғол империясының бұрынғы - көшпелілер мемлекеттерінде көк аспан қағандарға өзінің халқын билеуді тапсырған болса, ал енді Моңғол империясына көк аспан бүкіл әлемді билеуді жүктеген. Автордың пікірінше “Түрік қағандары, мүмкін олардың алдындағы сюннулар халық пен патшалықты басқару құқығы көк аспаннан берілгендіктен өздерінің билігін халықтың қалауы ретінде насихаттады, бірақ олардың ойы мен ниеттерінде бүкіл әлемді билеу үшін көк аспанның мандаты қажет деген деген сенім ешқашан болған емес” [57, 387 б].
Моңғол қоғамындағы билік табиғатын зерттеген жоғарыдағы автордың пайымдауынша олар жариялаған жалғыз мақсат-бүкіл әлем Шыңғысханның алтын ұрпағына бағынуы тиіс. "Моңғол империясында және одан кейінгі Шыңғыс ұрпағы билеген барлық мемлекеттерде билік әрдайым көшпелілердің қолында болды. Олардың басым көпшілігі жаулап алынған елдерге қоныс аударып, көшпелі өмір салтын жалғастыра берді. Моңғолдың билеуші элитасы Шыңғысхан ұрпағы басқарған барлық мемлекеттерде өздерін отырықшыландыруды қаламады. Мұрагер мемлекеттердің өздерінде де, мысалы әмір Темір әулетініңде де әскери элитаны көшпелілер құрады және олар этникалық, тайпалық тұрғыдан әрдайым билеушілермен тығыз туыстық байланыста болды" деп қорытындылайды А.М. Хазанов [57, 397 б.] Т.Д. Скрынникова проблеманы екі жазықтықты қарастырады: 1. Біріншіден, моңғолдарда мемлекеттілік болды ма, жоқ па және екіншіден, моңғол империясындағы мемлекеттілік деңгейі туралы. Автордың екіншісі мәселесі мемлекеттілік белгілерін іздестіреді (белгіленген аумақ, салық жүйесі, билік және басқару функцияларын атқару үшін әкімшілік аппарат). Мұндағы билік экзополитарлық формасында болуы тиіс, себебі олар өздерінен гөрі дамыған қоғамдардың халқын қанауға арналған және бағытталған болатын. Зерттеушінің теориялық-методологиялық ұстанымдары бойынша үйымның сипатын қоғамның әлеуметтік құрылымы анықтайды. Әлеуметтік эволюция барысында жоғарғы билеуші обьективті түрде туыстас кландырдың қарсылығын басып тастауға мүмкіндігі болуы тиіс. Автор екі үрдісті атап көрсетеді: 1. жаңа лидердің орталықтандырылған билігіне қарсы тұрған көсемдердің көзін жою; 2. конфедерацияны басқару үшін қалыптасқан кландық (туыстық) жүйе мен механизмдерді жаңа лидердің тиімді пайдалануы. Әскери демократия, иерархия және жасақтардың қатысуымен әскери лидерлер билікке келетін бағыт - бұл билік қатынастарын орнатудың бірінші типі; екінші типі-аристократиялық, яғни билікті тайпалық көсемдер өз қолына шоғырландырады. Билік қатынастарының де-дәстүрлі және харизматикалық – екі типі де моңғол билеушілерін екі топқа бөлу барысында байқалды. Бірінші топты мұрагерлік аристократия өкілдері - бэхтер, эбугэн, эчигэ құраса, екінші топты жеке-дара сіңірген еңбегі үшін билікке келген лидерлер - хан, багатур, мэргэн, сэцэн және т.б. құрады, алайда бірақ екі топтың арасында қатаң шекара болған жоқ, себебі екі топтың өкілдері де харизматиқалық (жеке қасиеттері берген бедел) тұлғалар ретінде лидерлік мәртебеге лайықты болып табылады. Сонымен билікке құқықты негіздеу үшін "үстемдік және бағыныштылық" – дәстүрлі және харизматикалық екі типі де қолданылған [58].
Ғылыми – зерттеу жұмыстарындағы алғы буындар тәжиребесін жалғастырып және сыни сараптаудың жиынтық тәсілдерін қолдана отырып С.А. Васютин былайша көрсетеді: "Барлық көшпелі империялардың, соның ішінде Моңғол империясының ерекшелігі биліктің көсемдік және ертемемлекеттік компоненттерінің арақатысы тұрақты емес және жылжымалы. Мүндай ертемемлекеттік ұйымдық құрылымдар архаикалық басқару институттары деңгейіне дейін төмендеп кетіп өзінің ұйымдық құрылымына ыдырауға итермелейді" [44, 57 с.].
"Көшпелі империя" концептуалды қағидатының көпнұсқалығы және пікірталастығы көшпелі қоғамдардағы қоғамдық – саяси құрылымдар мен мемлекеттік институттарды қалыптастырудың типология мәселесі әлі де жеткіліксіз тарихи сараптау жасалғанын көрсетті. Мұның өзі зерттеушілер алдында көшпелі саяси құрылымдардың проблемасын зерделеу келіс, тәсілдерін әртараптандыру, оларды биліктің әртүрлі типті және моделді кешені ретінде жүйелеу мен қайта құрастыру негізінде біртұтас империялық құрылымға біріктіру арқылы аңықтау қажеттілігі туындап отыр. Көшпелі құрлымдармен байланысты нақты тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерделеу концептуалды, методологиялық проблемаларды алға қойып сараптау үшін алғышарттар жасайды. Моңғол империясының саяси - басқару және жүйелі - құрлымдық моделін қайта құрастыру көшпелі қоғамдардың өзара байланыстары мен өзара іс-қимылдары мәселелерін тарихи білімнің заманауи көзғалысында зерттеп, зерделеуге, және ортақ үдерістері мен бағыттарын тереңдете түсінуге мүмкіндік береді.
Көшпелі қоғамдардағы саяси үдерістердің ұтқырлығы, динамикалығы бүкіл құрылымның тұрақсыздығы мен жылжымалығын туындатты ал түбегейлі өзгерістер жүйені толықтай трансформацияға ұшыратты. Заманауи тарих ғылымының алдында методологиялық тұрғыдан бірқатар маңызды мәселелер тұр:

  1. Моңғол империясындағы билік пен билік жүргізу арақатынасы.

  2. Саяси институттар қызметінің ерешеліктері.

  3. Моңғол қоғамының әлеуметтік құрлымының қалыптасуы мен трансформациясы.

Ресей тарих ғылымы тарихи салыстырмалы сараптау және жүйелі келіс негізінде империялық ұйымдастыру типімен шартталған көшпелі империялардағы көсемдік немесе ертемемлекеттік компоненттердің басымдығын аңықтады. Типтік және алым – салықтық империяларда әскери - саяси ұйым құру мәдениетінде қанаудың экзополитарлық формаларының басым мәнге ие болды, себебі қанаудың бұл формасы егіншілерге мейлінше қысым көрсетіп, олардың ресурстарының бір бөлігін алудың тиімді жолы болған еді. Жаулап алушы көшпелі империяларда биліктің мақсатттары едәуір өзгерістерге ұшырады. Оның негізгілері бағынышты отырықшы халықты әсери – саяси бақылауды үйымдастыру және егіншілердің қосымша өнімінің бір бөлігін салық ретінде тұрақты түрде алып отыруды қамтамасыз ету үшін бюрократтық аппаратты жасақтау болатын. Алғашқы көшпелі империялардың бірі Ғұнндар империясын сипаттай келе заманауи зерттеуші Н.Н. Крадин былай деп көрсетеді: «Шын мәнінде Ғұнндар империясы тайпалық империя болды, ондағы жаңа әскери иерархиялық қатынастар көшпелілердің күрделі әлеуметтік – тайпалық генеологиясын өзгерте қойған жоқ, олармен қатар, арласа өмір сүрді». [59, 192 б].
Көшпелі қоғамдардың мемлекеттілігі және саяси дамуының шектері проблемалары бойынша пікірталастардың қазіргі кезеңі көшпелі басқару жүйесін бағалаудың жалпы, ортақ компоненттерін жасап, жіктеу жұмыстарын атқару қажеттілігін көрсетіп отыр. Көшпелі құрлымдардағы суперкүрделі көсемдік пен ертемемлекеттің айқын аражігін анықтаудың қайшылықтары жетерлік. Заманауи тарихи ой – сананың көрсетуі бойынша көшпелі империяларға қатысты биліктің екі жақты табиғаты жөнінде айтуға тура келеді: мемлекетке дейінгі билік ( күрделі, суперкүрделі көсемдіктер, тайпалық конфедерациялар, архаикалық империялар, квазиимпериялар) және ерте мемлекеттік ксенократтық билік. Соңғы онжылдықтағы тарихи ізденістердің аңықтауы бойынша Моңғол империясындағы шенеуніктердің саны мен басқару аппараттарының күрделілігі жаулап алынған аумақтар кеңістігіне тікелей тәуелді болған (империяның құрамына, әсіресе отырықшы және жартылай көшпелі тұрғындарды бар аумақтарды қосып алу ерекше маңызды болған.) Жаулап алынған жерлердегі саяси биліктің дәстүрлері де әрдайым есепке алынып отырған. Бертін келе бұл фактор басқа көшпелі империяларды саяси ұйымдастыруда едәуір маңызды рөл атқарған болатын. Зерттеу парадигмаларында бұл мәселені қарастыру едәуір қайшылықтар туғызуда, өйткені көшпелі империялардың барлығында биліктің мемлекеттілікке дейінгі және ерте мемлекеттік компоненттері тұрақсыз, әрі жылжымалы болған.
Көшпелілердің билік қатынастары және жоғарғы билік формаларының көріністері туралы зерттеулерінде В.В. Трепавлов өз кезегінде олардың басқару жүйесіндегі кейбір ортақ парадигмаларды бөліп көрсетеді [60, 72-86 б]. Олар:

  1. Ханның құзырет - қарымы көк Тәңірі, жаратушыдан келген мейірім – шапағат нәтижесі мен жеке – дара қасиеттерімен бағаланады.

  2. Тәңірдің мейірім шапағатына ханды руластарынан биік, ерекше мәртебелі тұлғаға айналдырды, сондай – ақ оның құзырына малдың иесі қызметі, халықты басқарушы, қорғаушы және соттаушы мүмкіндіктері берілді.

  3. Бар билік туысқандардың, нағашы - жиендердің қолына жинақталады.

  4. Хандық мәртебені және жоғары билік құқықтарын, әдетте ханның мұрагерлері – үлкен ұлдары иемденді.

  5. Екі қанатты қағанатқа сәйкес ұлыс хан мен оның бауырларына және ұлына бөлініп берілді. Ұлыс басқарушыларының көпсатылы иерархиясына байланысты екі қаанаттың одан әрі бөлшектенуі мүмкіндіктері қарастырылды.

  6. Ұлысты басқару бірнеше кезеңді қамтыды. Бастапқыда билік бір лидердің қолына шоғырланды, кейінрек ол өзінің прерогатівтерінің бір бөлігін ұлыс (айталық, әскери, шаруашылық, уағыздық) әкімшілігін құрайтын арнайы ұлыс магистраттарына беретін болды. Көшпелілердің саяси жүйесінің эволюциясы басқару механизмдерінің модификациясы мен идеологиялық, әлеуметтік, әскери тәсілдердің тобына негізделіп көрсетілді.

Бұл зерттеулердің методологиялық құндылығы моңғол қоғамының дамуын байланыстыра және тізбекті моделдеу арқылы беруінде болса керек. Тарихи ой - сананың дамуы көрсеткендей көшпелілердің басқару институттары мен отырықшы - егіншілердің мемлекеттік дәстүрлерінің симбиозы билік құрлымдарын сараптаудың жүйеленген қағидаларынн қолданудың жаңа перспективаларын ашады. Зерттеушілер тізбекті түрде ертемемлекеттік институттардың құрыла бастауы проблемаларын алға қояды және мұның өзі күрделі империя деңгейіне де, ұлыстардың күшейтілген билік орталықтарына да қатысты жүргізіледі. Моңғол империясында және оның жекелеген ұлыстарында жоғарғы билік иелері көшпелі құрлымдардың көсемі рөлін де, жоғарғы қолбасшы, сот пен әкім, ресурстары билеуші, әулиелік құқықтарды иеленуші фунцияларын да қатар атқарды. Мұның өзі моңғол империясындағы билік пен білік жүргізушілер сипаттамасының күрделі және әрқилы болғандығын көрсетеді.
Тарих ғылымның дамуы барысында империяның саяси жүйесіндегі теріс факторларды да көрсетті, бұл факторларды зерттеушілер қатарында көрнекті ғалым Г.В. Вернадский де болды, ол өз жазбаларында былай деді: «Моңғол империясының бүкіл құрылымына қатер төндірген көптеген және әртүрлі қарама – қайшылықтар болды. Ең алдымен империяны ұстап тұрған бірқатар базистік қағидалардың бір – біріне кереғарлығы байқалды: бірінші кезекте империялық жүйе мен моңғол қоғамының феодалдық табиғаты арасындағы үйлеспеушілік, екіншіден іс-қимылдар туралы келіспеушіліктер империя мен жергілікті хандар арасындағы жанжалдарға ұласты. Үшіншіден, сол уақыттағы коммуникациялар және тағы басқа технологиялардың нашарлығы империяның аса зор аумақтарын қамти алмады. Және мұның өзі билік басындағылар үшін тұрақты проблемаға айналды [54, 136 б.].
Бүкіл империя аумағындағы саяси басқару жүйесінде қарама – қарсы екі үрдіс - орталықтан қашу және орталыққа ұмтылу үрдісі қалыптасты. В.В. Бартольд, А.Ю. Якубовский, С.П. Толстов, Н.П. Петрушевский, Н.Ц. Мункуев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде аталмыш үрдіске қатысты салыстырмалы тарихи және сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Н.П. Петрушевскийдің анықтауы бойынша «бұл қарама-қайшылықтардың негізінде байырғы тұрғындарды қанау әдістері бойынша мәселелермен бірге бағындырылған елдердің феодалдық билігін қосып алу, олардың феодалдық мемлекеттелігін, идеологиясы мен мәдени дәстүрлерін қабылдау мәселелері тұрды [61, 32б.].
Заманауи методология билік иесінің кеңейе түскен функцияларын зерделеу үшін жаңа келіс, тәсілдерді анықтау арқылы моңғол қоғамындағы түрленіп, күрделенген бағыныштылық пен тәуелділік иерархиясын зерттеуді жалғастырды. Т.И. Сұлтановтың ғылыми тұжырымдамасына сәйкес ортағасырлық моңғолдардың жоғарғы билігі Шыңғысханның «алтын ұрпағының» кез келген өкілінің патшалық жүргізуі құқығына негізделді және бұл құқық тақ мұрагерлері мен жоғары аристократияның құрылтайында бекітілді. Сонымен бірге ұлыс- мемлекеттердегі билік мұрагерлігі саяси дәстүрлер мен нақты жағдайларға қатысты түзетіліп отырды [62, 228б.]. Ал С.А. Васютиннің пікірінше: көшпелі империялардың «екіжақты табиғаты» туралы соңғы онжылдықтарда жарияланған ғылыми концепциялар күмәнсіз позитивті, бірақ соның өзінде де мәселеге толыққанды жауап бере алмайды. Біздіңше, көшпелі империялардың басқару жүйелері күрделі және көпқырлы құбылыс болғандықтан оны сипаттайтын бірден - бір, жалғыз анықтауыш табу мүмкін емес... Көшпелі империялардағы басқару институттары мен саяси щараларды өз ішінен жіктеу нәтижелері көшпелілердің мемлекеттілікке дейінгі және ертемемлекеттілік саяси мәдениетінде әртүрлі қабаттардың болғандығын көрсетеді. [40, 270 б.].
Зерттеу парадигмаларының салыстырмалы-баламалы сараптау нәтижелері - көшпелілер билігінің нақты формаларын сипаттауда көптеген ұқсастықтарды көрсетеді, бірақ олардың акценттері ғана әртүрлі орналасқан. Зерттеушілердің бірі көшпелілердің тікелей басқару құрылымдарын талдап, бағалайтын болса, басқалары тәуелді халықтарды бағындыру және олардың қосымша өнімнің бір бөлігін мәжбүрлі түрде алуға бағытталған империяның бүкіл әскери- иерархиялық ұйымының мән-мазмұнына ерекше тоқталады. А.М. Хазановтың пайымдауы бойынша «көшпелі қоғамдардағы әлеуметтік стратификация (жіктелу) басқа көшпелілерді бағындыру кезінде күшейе түседі...Әлеуметтік-саяси тұрғыдан алып қарастырсақ мәселе мәжбүрлеу аппаратының әлсіздігіне барып тіреледі» [63, 429 б.].
Бүгінгі таңда көшпелі қоғамдардың саяси - әлеуметтік трансформациясының концептуалды мәселелерін зерделеу, саяси институттарының қалыптасуының мән-мазмұнын анықтау, көшпелілердің әлеуметтік құрылымның өзгерістері туралы ғылыми-зерттеулер қажеттілігі туындап отыр. Тарих ғылымыныі дамуы көрсеткендей көшпелі қоғамның трансформациясының мәні мен табиғатын түсіну үшін логикалық құрылымдардың жетіспеушілігі байқалады, өйткені бұл жүйе күрделі және ерекше, даребес құрылым болғандықтан зерттеушілер алдына күрделі өзара қарым-қатынастарды зерделеу және қайта құрастыру бойынша бірқатар мәселелер қояды. Бүл аспектілер тарихнамалық пайымдау қажеттілігін туындатады және келісідей талаптар қояды: біріншіден, заманауи тарихшылыр "көшпелілер бірлестігі", "империялық конфедерация", "көшпелі империя" ұғымдарының мәні мен мазмұнын тереңдете зерттеуі тиіс, екіншіден, көшпелі қоғамның саяси – әлеуметтік институттарын зерделеуге қажетті тарихи парадигмаларының ерекшеліктерін жан-жақты сараптау өзекті мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет