Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Күшін жойған


және қолданысқа енгізу уақыты



бет18/25
Дата22.01.2022
өлшемі64,65 Kb.
#129605
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Нормативтік құқықтық акт ҚР

              және қолданысқа енгізу уақыты

      1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
      Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

      2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:

      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;

      2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;

      4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе – олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.

      4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

      4-1. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) осындай талаптарға өтініш берушілердің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер олар алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.

      5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлер ресми түрде қазақ және орыс тiлдерiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.

      6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.

      7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.

      8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      37-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi

      1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

      2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.

      3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.

      38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық
               мемлекеттiк органдардың, олардың
               ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың,
               әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк
               құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты
               ретiнде мемлекеттiк тiркеу

      Ескерту. Тақырыпқы өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.


      Әділет органдарына ұсынылған актiлердiң мемлекеттік тіркелуі құқық нормасының болуы, актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі нысанасына заң сараптамасын жүргізу және мемлекеттік тіркеу нөмірі беріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оларды шығарған орган, егер әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалмаса, олардың күшін жоюға тиіс.
      2. Егер нормативтiк құқықтық акт:
      1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
      2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
      3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
      4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнің шегiнен тыс болса;
      5) мүдделі органдармен келiсiлмесе;
      6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;
      7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібі бұзыла отырып қабылданса, әділет органдары мұндай актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
      3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
      4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      39-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi

      1. Егер актiнiң өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық акт мерзiмсiз қолданылады.

      2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бөлiгi қандай мерзiмде күшiн сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.

      40-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет