Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Күшін жойған



бет25/25
Дата22.01.2022
өлшемі64,65 Kb.
#129605
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Нормативтік құқықтық акт ҚР

              есепке алу

      1. Мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.


      2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оларды жүргізуге жауапты мемлекеттік кәсіпорынға қағазда және электрондық түрде, осы Заңның 29-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін жібереді.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құрады, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2014 N 236-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 404-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялылығы

      Барлық уәкiлеттi органдар мүдделi адамдарға мемлекеттiк құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтiк актiлермен танысуға рұқсат беруге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет