1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
2. Дайындау жоспарларында:
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша дайындалған ұсыныстары ескеріледі.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.
6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.04 N 57; 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын