Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Күшін жойған



бет22/25
Дата22.01.2022
өлшемі64,65 Kb.
#129605
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Нормативтік құқықтық акт ҚР

              қамтамасыз ету шаралары

      1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:

      1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;

      2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;

      2-1) нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;

      3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;

      2) соттар;

      3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;

      4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;

      5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар;

      6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлетті органдар.
      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      43-1-бап. Нормативтiк құқықтық актілердің құқықтық
                 мониторингi

      Ескерту. 43-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Уәкiлеттi органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.

      2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      43-2-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық
                 мониторинг

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізеді.
      Ескерту. 7-тарау 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру



      44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет