Нормативтік сілтемелер



бет19/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Ұғым анықтамасы

Авторы

Инклюзивті білім беру - оқуға, мәдени қызметке және қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту, сондай-ақ білім беру жүйесі шеңберінде әлеуметтік оқшаулау ауқымын төмендету және қоғамнан шығарып тастауға жол бермеу арқылы барлық білім алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған үдеріс

ЮНЕСКО

Инклюзивті білім беру - барлық білім алушылардың негізгі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сапалы білім алу құқықтарына негізделген білім беру

Дүние жүзілік денсаулық сақтау
ұйымы (ДДҰ)

Инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен

ҚР Білім туралы

жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін
білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс

Заңы

Инклюзивті білім беру - философиялық сенімге негізделген оқыту
тәжірибесі

Гэри Банч

Инклюзивті білім беру - жынысына, жасына, этникалық қатыстылығына, қабілетіне, даму бұзылыстарының және АИТВ- инфекциясының бар-жоқтығына қарамастан, барлық тұлғаларға қоғам өміріне қатысуға және оған өз үлесін қосуына мүмкіндік
беретін инклюзивті қоғам құруға жасалған қадам

Митчелл Д.

Инклюзивті білім беру - әр тұлғаға физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік, сезімдік, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, оқытудың, тәрбиелеудің, даму мен әлеуметтенудің
біртұтас үдерісіне қосылуға, қоғамның тең мүшесі болуға, оның бөлінуі мен оқшаулану қаупін азайтуға мүмкіндік беретін оқыту

Сунцова А.С.

Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ететін барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан алғанда жалпы
білім берудің бір бөлігі

Шумиловская Ю.В.

Инклюзивті білім беру – барлық балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан алғанда жалпы
білім берудің бір бөлігі

Хитрюк В.В.

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру үдерісін құратын әлеуметтік-педагогикалық феномен, мұнда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дені сау құрбыларымен бірге білім алады, оның ерекші білім алуға деген қажеттілігін
қанағаттандыратын арнайы педагогикалық қолдауға ие болады

Кузьмина О.С.

Инклюзивті білім беру - адам тұлғасының ерекше құндылығына, оның бірегейлігіне, лайықты өмір сүру құқығына, оның
физикалық жағдайына негізделген ізгіліктің дамуының нәтижесі

Алехина С.В.

Инклюзивті білім беру - ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің әртүрлілігін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету

Кутепова Е.Н.

Инклюзивті білім беру - бұл форма емес, өзінің философиясы бар жаңаша оқыту, мүмкіндіктер мен еркін таңдау

Тихомирова Л.Ф.

Инклюзивті білім беру - барлық тұлғалардың бірегейлігін, құндылығы мен алуан түрлілігін мойындайтын және оларды кемсітудің кез келген түрін болдырмайтын, әр тұлғаның толыққанды әлеуметтенуіне ықпал ететін, тұлғаның жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосылуы мен қатысуын қамтамасыз ететін көп өлшемді педагогикалық құбылыс

Сигал Н.Г.

Инклюзивті білім беру - денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен мұндай шектеулері жоқ тұлғаларды оқу сабақтарын, демалыстарын, түрлі қосымша білім алу түрлерін ұйымдастыру арқылы бірге оқыту.

Ахметова Д.З.

Инклюзивті оқыту – әрбір жекелеген жағдайда ата-аналардың қалауы бойынша және баланың мүдделері мен мүмкіндіктеріне қарай жеке бейімделген білім беру бағдарламасы бойынша оқыту

Ивенских И.В.

Инклюзивті білім беру - бұл балаларды бөлектейтін кедергілерді жоюға, жасына, жынысына, этникалық және діни ерекшеліктеріне, дамуында артта қалуына немесе экономикалық мәртебесіне қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру процесіне бейімделуіне отбасының белсенді қатысуына және баланың жеке қажеттіліктеріне әлеуметтік атаулы қолдау көрсету арқылы және баланы емес, қоршаған ортаны балалардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу арқылы тиісті білім беру
жағдайларын жасауға бағытталған мемлекеттік саясат

Сулейменова Р.А.

Инклюзивті білім беру – жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделуін білдіретін жалпы
білім берудің даму үдерісі

Мовкебаева З.А.

Инклюзивті білім беру - бұл жүйелілік пен дәйектілікті, үздіксіздік
пен оны іске асырудың кешенді тәсілін талап ететін ұзақ мерзімді стратегия

Ряписова А.Г.

Инклюзивті білім беру - отбасы жағдайлары, әлеуметтік тап, жыныс, тіл, мәдени шығу тегі немесе оның құндылықтар мен сенім ұйымдарындагі мүмкіндіктері нәтижесінде туындаған әртүрлілік пен айырмашылықтарды ынталандыратын және адам құқықтары мен
әлеуметтік әділеттілікке негізделген тәжірибе

Bryer Beamish

Инклюзивті білім беру – балалардың әр түрлі білімалу қажеттіліктерін түсіну және білім беру үдерісіне толығырақ
қатысу, жұртшылықты тарту және білім берудегі бөлектеу мен кемсітуді жою арқылы осы қажеттіліктеріне сай қызметтер көрсету

Оралканова И.А.

Инклюзивті білім беру - барлық тұлғалардыңбірегейлігін,
құндылығы мен алуан түрлілігін мойындай отырып, оларды кемсітуге жол бермейтін қолжетімді білім беру үдерісі

Авторлық анықтама

Инклюзивті оқыту - кез келген тұлғаның сапалы білім алу құқығын және сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуге
бағытталған үдеріс

Авторлық анықтама

Кестеде көрсетілгендей, «инклюзивті білім беру» ұғымына әр түрлі анықтама берілген. Осы анықтамаларды келесідей топ көрсеттік:


- философиялық сенімге негізделген оқыту тәжірибесі (Гэри Банч);
- инклюзивті қоғам құруға жасалған қадам (Митчелл Д.);
- бөліну мен оқшаулану қаупін азайтуға мүмкіндік беретін оқыту (Сунцова А.С.;
- балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан алғанда жалпы білім берудің бір бөлігі (Шумиловская Ю.В., Хитрюк В.В., Кузьмина О.С.);
- ізгіліктің дамуының нәтижесі (Алехина С.В.);
- білім алушылардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету (Кутепова Е.Н.);
- форма емес, өзінің философиясы бар жаңаша оқыту, мүмкіндіктер мен еркін таңдау (Тихомирова Л.Ф.);
- барлық тұлғалардың білім беру жүйесіне нәтижелі қосылуы мен қатысуын қамтамасыз ететін көп өлшемді педагогикалық құбылыс (Сигал Н.Г.);
- мемлекеттік саясат (Сулейменова Р.А.);
- білім алу түрлерін ұйымдастыру арқылы бірге оқыту (Ахметова Д.З.);
- жалпы білім берудің даму үдерісі (Мовкебаева З.А.);
- ұзақ мерзімді стратегия (Ряписова А.Г.);
- адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттілікке негізделген тәжірибе (Bryer Beamish);
- білім берудегі бөлектеу мен кемсітуді жою арқылы осы қажеттіліктеріне сай қызметтер көрсету (Оралканова И.А.);
- бейімделген білім беру бағдарламасы бойынша оқыту (Ивенских И.В.).
Аталған ғалымдардың ішінде Ивенских И.В. «инклюзивті оқыту» ұғымын қолданады, қалған ғалымдардың барлығы мәселені «инклюзивті білім беру» аспектісінде қарастырады.
Қолданылған ұғымдар әр түрлі болғанымен, барлық зерттеу жұмыстарын жақындастыратын мәселе - ол мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқыту, білім беру, кәсіби білім беру, қоршаған ортаға бейімдеу, әлеуметтендіру.
АҚШ, Германия, Италия, Ұлыбритания, Швеция елдерінің заңнамасында «инклюзивті білім беру» ұғымына ресми анықтама берілмеген, себебі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды басқа балалардан ерекшеленетін жеке топ ретінде қарастырмайды.
Енді инклюзивті оқыту мәселелерін зерттеуге бағытталған отандық және шетелдік ғалымдардың диссертациялық зерттеу жұмыстарына тоқталайық. Диссертациялық зерттеу жұмыстарын саралай келе, жұмыстарды жүйелеп кестеге түсірдік (Кесте 4).

Кесте 4 – Инклюзивті білім берудің диссертациялық зерттеулерде қарастырылуы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет