Инклюзия – тұлғалардың кез келген айырмашылықтарына қарамастан, білім беру үдерісіне қосуды білдіретін әлеуметтік ұғым.
Инклюзивтібілімберу– барлық тұлғалардың бірегейлігін, құндылығы мен алуан түрлілігін мойындай отырып, оларды кемсітуге жол бермейтін қолжетімді білім беру үдерісі. Инклюзивтіоқыту- кез келген тұлғаның сапалы білім алу құқығын және сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған үдеріс. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлау – кәсіпорын мен оқу орнының бәсекеге қабілетті мамандарды инклюзивті білім беруге бірлесе даярлайтын инновациялық үдерісі. Модель – белгілі бір табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, концептуалды-теориялық білім беруді білдіретін балама, құрылым, сызба немесе белгілер жүйесі.
Педагогикалықшарт – бұл жүйенің өнімді дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы жүйенің жеке және процессуалдық аспектілеріне әсер ететін білім беру және материалдық-кеңістіктік орта мүмкіндіктерінің жиынтығын көрсететін педагогикалық жүйенің құрамдас бөлігі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұлдиссертациялық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ДБМШТ - денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлға ЕБҚТ - ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар
ЖОО - жоғары оқу орны
ОҚУ - Оңтүстік Қазақстан университеті ОТҚ - оқытудың техникалық құралдары ПОӘК – пәндердің оқу-әдістемелік кешені
МОӨЖ – магистранттардың оқу өзіндік жұмыстары БТ – бақылау тобы
ЭТ – эксперимент тобы т.б. – тағы басқа