Нормативтік сілтемелер



бет4/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет

- әлеуметтік-педагогикалық деңгейде: білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту қажеттілігі мен білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын педагогтардың болмауы арасында;
- ғылыми-теориялық деңгейде: білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту педагогтарына айқын сұраныс пен білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделмеуі арасында;
- әдістемелік-практикалық деңгейде: білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлауды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қажеттілігі мен дуальді оқыту ұйымдарында педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлығын қалыптастыру үшін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілмеуі арасында.
Жоғарыда көрсетілген мәселелердің шешімін іздестіру, мәселенің көкейкестілігі, оның практикада жеткіліксіз дамуы бізге зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындауға және тақырыпты «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін ұсыну, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын педагогтарды даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса, білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделі жасалып, даярлаудың педагогикалық шарттары ұсынылса, әдістемесі жасалса, онда білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды жүзеге асыруға даяр педагогтың тұлғасы қалыптасып, инклюзивті оқытуда білімі, іскерлігі мен дағдылары арта түседі, өйткені бұл қоғам талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет