Нормативтік сілтемелер



бет17/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
- жүйелілік ұстанымы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың сапалы білімге қолжетімділігін, білім беру сатылары арасындағы сабақтастықты қарастырады.
- вариативтілік ұстанымы әлеуметтік-білім беру талаптарын қанағаттандыру мақсатында түзету-дамыту жұмыстарын кешенді ұйымдастыруды, психофизикалық дамуы бұзылған тұлғаларды оңалту, қоғамға бейімдеу үшін жағдай жасауды білдіреді.
- ізгілендіру ұстанымы жеке тұлғаға бағытталған, жеке дара, сараланған, ізгілендіру тәсілдерін жүзеге асыруды қарастырады.
- отбасының әлеуметтік жауапкершілігі ұстанымы баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту, оның табиғи қабілетін дамыту үшін тиісті жағдай жасауды, оқу-оңалту процесіне қатысуды қамтиды.
- ведомствоаралық кіріктіру және әлеуметтік әріптестік ұстанымы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру интеграциясы процесін оңтайландыру мақсатында түрлі ведомстволардың, әлеуметтік институттардың, қызметтердің іс- қимылдарын үйлестіруді білдіреді
Қоғамның жаһандануы барысында инклюзия идеяларын қабылдауы инклюзивтік білім беру идеяларын іске асырудың заңды шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың сапалы кәсіптік білім алуға қолжетімділігін, білім беру кеңістігіне кірігуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық құжаттарға сәйкес барлық тұлға сапалы білім алуға тең құқылы қағидатын ұстанады. Оған Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары кепіл болады.
Қазақстан Республикасында 2009 жылғы инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. 2011 жылдан бастап
«инклюзия» термині қолданыcқа енді. Елімізде денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды білім беру кеңістігіне кіріктірудің нормативтік-құқықтық негізін жасау іс-шаралары алғаш рет
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалды [77].
Отандық инклюзивті білім беруді әлемдік инклюзивті білім берудің теориялық негіздерімен сабақтастыру отандық инклюзивті білім берудің теориялық негіздерін жасауға ықпал етеді. Демократия және ізгілік идеяларына негізделген заманауи білім беру философиясы денсаулығындағы түрлі бұзылыстарына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытуды ұйымдастырудағы өзгерістерді айқындады. Дамуында ауытқуы бар тұлғаларды оқытудың өткені және қазіргі тарихына жасалған талдау әрбір адамның денсаулық жағдайына қарамастан, білім алу құқықтарының тең екендігін көрсететін білім берудің жаңа моделінің пайда болуының алғышарттары мен себептерін анықтауға негіз болды.
Алайда айта кететін жайт, инклюзивті оқыту ендірілмес бұрын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытумен айналысатын арнайы мектептер (естімейтін немесе нашар еститін балалар, көзі көрмейтін немесе нашар көретін балалар, сөйлеу тілінде мүкістігі бар алалар және т.б.) болды. Бұл мектептерде балалардың денсаулық көрсеткіштеріне байланысты бейімделген оқу бағдарламалары қолданылды.
Инклюзивті білім беру ұғымы жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалрмен бірлесе оқыту процесін сипаттау үшін кеңінен қолданыла бастады.
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Даму ерекшеліктері бар балалар көбінесе құрдастарымен қалыпты қарым- қатынас шеңберінен айырылады, олардың әлеуметтік байланыстары негізінен туыстарымен және медициналық қызметкерлермен шектеледі. Ата-аналар мұндай балаға барынша қамқорлық пен күтімді қамтамасыз етуге тырысып, баланы оқыту және әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды жасай алмайды.
Инклюзивті білім беру қағидаларын теориялық жинақтау инклюзивті білім беруді дамытудың келесі теориялық қағидаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді: ғылымилық қағидасы, жүйелілік қағидасы, вариативтілік қағидасы, ізгіліктік қағидасы.
Енді инклюзивті білім берудің концептуалдық негіздеріне тоқталамыз. Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық құжаттарға сәйкес барлық тұлға сапалы білім алуға тең құқылы қағидатын ұстанады. Оған Қазақстан Республикасының Конституциясы,
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары кепіл болады.
Қазақстан Республикасында 2009 жылғы инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Елімізде денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды білім беру кеңістігіне кіріктірудің нормативтік-құқықтық негізін жасау іс-шаралары алғаш рет
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалды [77].
Елімізде инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда төменде көрсетілген халықаралық нормативтік-құқықтық құжаттардың негізгі идеялары басшылыққа алынады:
- «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», 1948 жылғы 10 желтоқсан;
- «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция», 1960 жылғы 14-15 желтоқсан;
- «Бала құқықтары туралы конвенция», 1989 жылғы 20 қараша;
- «Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация», 1990 жылғы 30 қыркүйек;
- «Баршаға арналған білім туралы дүниежүзілік декларация», Джомтьен, 1990 жыл;
- «Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация», Нью-Йорк, 1990 жылғы 30 қыркүйек;
- «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері», 1993 жыл;
- «Саламанка декларациясы: ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы ұстанымдар, саясат және іс-әрекет туралы», Испания 1994 жылғы 7-10 маусым;
- «Дакар іс-қимыл шеңбері» баршаға арналған білім, Дакар, Сенегал, 2000 жылғы 26-28 сәуір;
- «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция», Нью-Йорк, 2006 жылғы 13 желтоқсан [81].
«Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» 26- бабында (1948.) «әр адамның білім алуға құқығы бар..... білім барлығына бірдей қол жетімді болуы керек» делінсе [82], «Бала құқықтары туралы Конвенцияда» (1989) «денсаулығында ақауы ар баланың білім беру саласындағы қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуді мақсат етеміз» деп көрсетеді [83].
«Баршаға арналған Білім туралы Дүниежүзілік декларацияның» 3- бабында (1990) «мүгедектердің білім алуға деген қажеттіліктері ерекше назар аударуға лайық...» деп атап айтылды [84].
«Балалардың өмір сүруін, қорғалуын және дамуын қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік декларацияның» (2000) 20-бабының 6-тармағында
«барлық балаларға өмір бойы білім алуға мүмкіндік беру» туралы сөз болады [85].
Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясаты және практикалық қызметі туралы Саламанка декларациясы мына мәселелерді қарастырды:
- әр баланың білім алуға құқығы бар және қолайлы білім деңгейін алуға мүмкіндігі болуы керек;
- әр баланың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері және оқу қажеттіліктері бар;
- білім беру бағдарламалар осы ерекшеліктер мен қажеттіліктердің алуан түрлілігін ескере отырып жасалуы қажет [86].
Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сүйенеді. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тіршілік әрекетін құқықтық қамтамасыз ету және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерге мыналар жатады:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз (23.05. 2021 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

  • «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» заң, 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы;
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңы [87]
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңында мүгедектерді әлеуметтік қорғау қағидаттары қарастырылған. Осы қағидаттарды келесі сызбада жүйеледік (Сурет -5).



Сурет – 5 Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғаудың қолданыстағы қағидаттары


Әрбір баланың дене бітімінің, психикасының, имандылығының және рухани жағынан толыққанды дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайларына құқығы бар. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етеді» деп көрсетілген [88].


Инклюзивті білім беруді дамытуда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы ұсынған әдістемелік құралдары мен ұсынымдары маңызды:
- Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
- Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау;
- Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау;
- Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- Арнайы білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі оқушыларына арналған кәсіби еңбек оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар;
- Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру;
- Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі;
- «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары» әдістемелік нұсқаулығы [89].
Қорыта келгенде білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау негізіне жалпы жүйелілік, әрекеттік, теориялық, аксиологиялық, тұлғаға бағдарлылық, синергетикалық, құзыреттілік тұғырлар алынды. Аталған теориялық тұғырлар негізінде ізгіліктік, әлеуметтік бейімделу, синергетикалық, жеке тұлғалық, жеке тұлғаның өзіндік белсенділігін қолдау қағидалары ұсынылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың концептуалдық негіздері халықаралық және отандық заңнамаларға, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» деп алуымызға бұл тақырыптың бұрын соңды диссертациялық жұмыс деңгейінде зерттелмегендігі негіз болды.
Енді «білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың» мәнін ашу мақсатында «инклюзивті оқыту» ұғымының мәнін, мазмұнын және құрылымын қарастырамыз.
Осыған орай біз «инклюзивті оқыту» ұғымына қатысты түрлі көзқарастарға талдау жасадық. Инклюзивті оқытудың ұғымдық аппараты философияға, педагогиканың тұжырымдамалық негіздеріне, заңдылықтарына және ұстанымдарына сүйенеді.
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру мен оқытуда «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті оқыту» ұғымдары қолданылады. Алдымен «инклюзия» ұғымына талдау жасауды жөн көрдік, себебі «инклюзивті білім беру» ұғымы «инклюзия» ұғымынан туындайды.
Қазақстанда «инклюзия» ұғымы 2011 жылдaн бacтап қолданыcқа енді. Аталған ұғымдар мағынасын сөздіктерден анықтайтын болсақ:
Ұлттық аударма бюросының сөздігінде инклюзив сөзі («inclusivity») белгілі бір қауымдастық қатарына аудитория өкілін қосу деген мағына береді деп көрсетілген [99].
Әмбебап Википедия сөздігіне жүгінетін болсақ, «inclusivus» сөзін латын тілінен аударғанда «кірістіремін»,«includere» «қосамын» деген мағына, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын», француз тілінен аударғанда «inclusif»-«өзімді қосқанда» деген мағынаны береді деп қарастырған [100].
Қысқартылмаған жаңа Вебстер әмбебап сөздігі инклюзияны бірдеңе қосылатын, тартылатын, қамтылатын немесе бүтіннің құрамындағы бір бөлік ретінде анықтайды [101].
ЮНЕСКО инклюзияны тұлғалардың түрлі жеке ерекшеліктерін оқу үдерісін байыту мүмкіндігі деп көрсетеді.
«Инклюзия»ұғымы алғаш рет 1994 жылы Саламанка қаласында өткен ЮНЕСКО конференциясында қолданылды. Бұл конференцияда
«Саламанка мәлімдемесі» қабылданып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға мектептерде оқу қолжетімді болуы керек, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету керек екендігі айтылды.
Н.В Борисова, С.А Прушинский, М.Перфильеваның инклюзия дегеніміз - психофизикалық дамуында ауытқулары бар білім алушыларды қосу деп көрсетілген [102].
Инклюзияға қатысты М.Р. Хуснутдинованың пікірі өте маңызды:
«инклюзия – білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін жаңа құбылыс» [103].
С.В. Алехина инклюзия мектепті ғимарат ретінде де, ұжым ретінде де, өмір салты ретінде де өзгертеді деп қарастырады [104].
Ресей ғалымы Н.М.Назарова аталған «инклюзия» мен «интеграция» ұғымдары өзара байланысты, сондықтан екеуі бір үдерісті сипаттайды деп анықтайды [105].
Ғалым О.Н.Ертанова «инклюзия»мен «интеграция»терминдері өзара синоним сөздер, екі ұғым өзара баламалы деген тұжырым жасайды [106].
Е.А.Екжанова интеграцияи нклюзияның бастапқы кезеңі, интеграция инклюзияға жалғасады деген қорытынды жасайды [107].
Қазақстанда инклюзивті білім беруді алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым З.А.Мөвкебаеваның көзқарасы бойынша инклюзия -
«жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне бейімделуін білдіретін жалпы білім берудің даму үдерісі» [108].
Т.Бут пен М.Эйнскоу«инклюзия ұмтылуға болатын, алайда толық қол жетпейтін идеал» дей отырып, инклюзияның дамуының үш аспектісін бөліп көрсетеді және оны келесідей сызбада көрсеттік (Сурет 6) [109].







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет