Нормативтік сілтемелер



бет12/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Әрекеттік тұғыры тұлғаның дамуының негізі, құралы және факторы, зерттеушілік, өзгергіштік және әлемге, өзіне деген практикалық қарым-қатынасында көрінетін іс-әрекет формасы ретінде қызмет тәсілінің жетекші категориясы болып табылады. Іс-әрекеттік тұғыр тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде нақты ғылыми-теориялық ұстаным ретінде танылады. А.Н.Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады [60].
Білім алушылардың іс-әрекетіне түрткі болатын мотивацияның келесі түрлерін ажыратып көрсетеміз:
- әрекетке тікелей ынталандырушы мотивация жеке тұлғаның эмоционалды көріністеріне, жағымды немесе жағымсыз эмоцияларға негізделген жанама мотивтер, сыртқы тартымды атрибуттар, педагогтың жеке басының тартымдылығы, тапсырма орындау барысында мадақтау алуға деген ұмтылыс және т.б.;
- перспективалық ынталандырушы мотивация білімнің, пәннің дүниетанымдық, әлеуметтік, практикалық, белгілі бір нақты білім мен дағдылардың мәнін түсіну, оқу пәнін болашақ тәуелсіз өмірмен байланыстыру, болашақта сыйақы алуды күту және т.б.;
- зияткерлік мотивация білімге деген қызығушылық, мәдени деңгейді кеңейтуге ұмтылыс, белгілі бір іскерліктер мен дағдыларды игеру, оқу-танымдық міндеттерді шешу процесіне деген құштарлық және т.б. [61].
Инклюзивті оқытудағы жеке тұлға іс-әрекеті Б.Г. Ананьев, Д.А. Леонтьев, В.А. Сластенин, В.П. Ильиннің еңбектерінде қарастырылды.
Аксиологиялық тұғыр танымның практикалық және абстрактілі- теориялық деңгейлері мен қоршаған ортаға қатынасы арасындағы байланысты бейнелейді. Аксиология - әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі. Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметі арасындағы педагогикалық іс-әрекетті реттеуші талаптардан тұрады.
Ізгіліктілікке негізделген аксиологиялық идея инклюзивтік білім берудің бастауы болып табылады. Оның негіздері құндылық қарым- қатынас мәселелеріне, еркіндік, тең құқықтық, адамдық қадір-қасиетке сүйенеді. Сократ, Платон, Гельвеций, Кант, Гегель еңбектерінде, Шығыс философиясында адамның еркіндігі немесе еркін еместігі сөз болады. [62].
В.А. Сластенин аксиологиялық ойлаудың негізінде өзара тәуелді, өзара әрекеттесетін әлем тұжырымдамасы жатқандығын айта келіп, ізгіліктік идеясы әрбір адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге және қабылдауға сүйенеді деп көрсетеді [63].
Аксиологиялық тұғыр инклюзивті оқыту денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның білім алу құқығын тану арқылы білімнің құндылығын, өмір сүру сапасын қарастырады. Инклюзивтік оқыту ізгіліктікке негізделе отырып, тұлғалардың түрлі мұқтаждарына бейімделген қолжетімділікті білдіреді. Білім беру ортасы білім беру процесінің белгілі бір кезеңінде тұлғаның нақты даму қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет. Білім беруді инклюзивтік білім беруге айналдыру әрбір білімгердің білім алу әлеуетін ескере отырып, әлеуметтік әділеттілікті талап етеді.
Инклюзивтік оқытуды дамыту тұжырымдамасын зерделеу барысында арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру алғашында символдық қағидат түрінде болғандығына көз жеткіздік. Н.Н. Малофеев уақыт өте келе инклюзивті тәсіл «Баршаға арналған білім» мазмұнының негізін қалаушы қағидат ретінде қарастырылатындығын атай отырып, инклюзивті оқытудың біртұтас мазмұнды ізгіліктік тұжырымдамасы пайда болатындығын айтты [64].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет