Нотариустың құқықтық жағдайы
Нотариаттық іс жүргізу
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.
Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
2.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, «Нотариат туралы» Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
Мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар мен жеке практикамен айналысатын жекеше нотариустар;
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдары;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының архивтер құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Нұсқаулық талаптарына бақылау жасауды аумақтық әділет органдары мен нотариаттық палаталары жүзеге асырады.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуы тиіс.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
Нотариаттың түсінігі және міндеттері. Нотариат және сот. Нотариаттың құқық қорғаушы қызметі. Нотариаттық қызметтің пәні және әдісі.
Нотариат туралы заңнама. Нотариат туралы заңнаманың құқық жүйесіндегі орны.
“Қазақстан Республикасының нотариаты” курсының пәні және жүйесі.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Нотариаттың түсінігі және міндеттері. Нотариат және сот. Нотариаттың құқық қорғаушы қызметі. Нотариаттық қызметтің пәні және әдісі.
Нотариат туралы заңнама. Нотариат туралы заңнаманың құқық жүйесіндегі орны.
“Қазақстан Республикасының нотариаты” курсының пәні және жүйесі.
Ұсынылатын әдебиет
Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.
Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.
Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.
Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.
Тақырып 2. Нотариус лицензиясы
1. Нотариус қызметімен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі.
2. Мемлекеттік нотариат кеңсесі.
3. Нотариустың құқықтары мен міндеттері
1. Жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқықығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар рәсімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Нотариустың көмекшілер мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке пратикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.
Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.
Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке парктикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін басты лиензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
2.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатасы жүзеге асырады..
Бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп белгілейді.
3.Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттардан басқа мәмілелерді куәландырады;
мұраға құқық туралы куәліктер беру;
ерлі-зайыптылар мен ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
құжаттардың көшірмелері мен олардын алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
азаматтық белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
құжаттар берілген күнді куәландырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке заңды тұлғаларға береді;
ақшаны депозитке қабылдайды;
сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
теңіз наразылықтарын жасайды;
дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
ҚР-да нотариаттың жүйесі. Нотариаттың құрылымы.
Нотариустар, олардың құқықтық мәртебесі, нотариус лауазымын иеленуі. Нотариустың көмекшісі және сынақтан өтушісі.
Нотариаттық округ және палата. Нотариустың қызметін бақылау. Әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті. Нотариаттық қызметтің кепілдіктері.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті жергілікті атқару органдарының, консулдық мекемелердің және басқа да лауазымды тұлғалар.
Нотариустардың және нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті басқа тұлғалардың жауапкершілігі.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
ҚР-да нотариаттың жүйесі. Нотариаттың құрылымы.
Нотариустар, олардың құқықтық мәртебесі, нотариус лауазымын иеленуі. Нотариустың көмекшісі және сынақтан өтушісі.
Ұсынылатын әдебиет
Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.
Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.
Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.
Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.
Тақырып 3. Нотариаттық палата.
Нотариаттық палатаның төрағасы .
Нотариаттық палатаның өкілеттігі.
Нотариаттық қызметке ақы төлеу. Нотариустың қызметін бақылау
1. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметi Нотариат туралы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.Нотариат туралы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді. . Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:
1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) нотариаттық палата төрағасын, басқарманың және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.
Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының, нотариаттық палата басқармасының және нотариаттық палата төрағасының құзыреті нотариаттық палатаның жарғысымен регламенттеледі. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2.Нотариаттықпалата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;
6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;
8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды.
2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi және мүлiк пен табысты пайдалану тәртiбi;
6) жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртiбi, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөнiндегi және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
6) Нотариустың ар-ождан кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады. Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтік қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады.
5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш;
9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш;
13) теңіздік наразылық жасаған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;
14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін – 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;
өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде – 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде – 7 айлық есептік көрсеткіш.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 542-бабының 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
6) жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |