«Нотариат» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#34265
1   2   3   4

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Нотариаттық округ және палата. Нотариустың қызметін бақылау. Әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті. Нотариаттық қызметтің кепілдіктері.

2.Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті жергілікті атқару органдарының, консулдық мекемелердің және басқа да лауазымды тұлғалар.

  1. Нотариустардың және нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті басқа тұлғалардың жауапкершілігі.

Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 4. Әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті

1. Нотариустың қызметін бақылау.

2. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау.

1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. Нотариус қызметін бақылау "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Аумақтық нотариаттық палаталардың:
1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруы жөніндегі;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде қағиданы бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекiтедi;
5-1) Республикалық нотариаттық палатаның келісімі бойынша тағылымдамадан өтушілердің кәсіптік даярлығының бірыңғай бағдарламасын бекітеді;
5-2) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiтедi;
7) Жекеше нотариустардың есептік тiркеуден өту қағидасын бекiтедi;
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгілейді;
14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;
16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аумақтық әдiлет органы:
1) мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
4) нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
4-1) нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
7) нотариустың таңдаған үй-жайының болуын және оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осыдан кейін жекеше нотариустың есепке тұруын тiркеуді жүзеге асырады. Тiркеу нотариустың үй-жайы орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;
2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
2) Әдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзедi;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнiндегi, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1 . Нотариустың қызметін бақылау.

2.Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 5. Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жасау ережелері.

1. Нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер.

2. Консулдық қызметті жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер.

3. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттерді нотариусқа беру.

4. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері. Нотариаттық әс-әрекеттер жасаудан бас тарту негіздері.

1. Нотариус мынадай нотариаттык іс-әрекеттер жасайды:

мәмілелерді куәландырады;

шаруашылық серіктестіктерінін құрылтай кұжаттарын куәландырады;

мұралык мүлікті корғауға шаралар колданады;

мұраға құқықтуралы куәліктер береді;

ерлізайыптылардың және ортак бірлескен меншік кұкығындағы мүлкі бар өзге де адамдардын ортақ мүліктегі үлеске меншік кұкығы туралы куәліктер береді;

мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;

құжаттардын көшірмелері мен олардан алынған үзінділердін дұрыстығын куәландырады;

кұжаттарға қойылған қолдың түп нұскалығын куәландырады;

кұжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;

азаматтын белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;

кұжаттардың берілген уақытын куәландырады;

жеке және занды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және занды тұлғаларға береді;

акшаны депозитке қабылдайды;

орыңдау қағаздарын жазады;

вексель наразылыктарын жасайды;

сақтауға кұжаттар және бағалы кағаздар қабылдайды;

теңіз наразылықтарын жасайды;

дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Қазакстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттык іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.

Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда жергілікті аткарушы органның нотариаттык іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамы мынадай нотариаттык іс-әрекеттер жасайды:

өсиетгерді куәландырады;

сенімхаттарды куәландырады;

3) қүжаттар көшірмелерінің және олардан алынған
үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

өтініштерге койылған колдың түпнүскалығын куәландырады;

мұралық мүлікті қорғауға шаралар колданады.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.Казақстан Республикасының атынан консулдық кызметті жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

Қазақстан Республикасынын аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы шарттардан баска мәмілелерді куәландырады;

мүралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;

мұраға құқыктуралы куәліктер береді;

ерлі-зайыптылар мен ортак бірлескен меншік күкығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік қүқығы туралы куәліктер береді;

5) қүжаттардың көшірмелері мен олардан алынған
үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

кұжаттарға койылған қолдың түпнүсқалығын куәландырады;

күжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дүрыстығын куәландырады;

азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;

азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;


  1. кұжаттар берілген уақытты куәландырады;

жеке және занды тұлғалардың өтініштерін баска жеке және занды түлғаларға береді;

ақшаны депозитке қабылдайды;

орындау қағаздарын жазады;

сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

теңіз наразылықтарын жасайды;

дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заң актілеріңде консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестіріледі:

ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ карттар мен мүгедектер үйлерінде тұрып жаткан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу алдын алу мекемелерінің бас және кезекші дәрігерлері, сондай-ак қарттар мен мүгедектер үйлерінің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;

госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери емдеу мекемелерінде емделіп жаткан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері мен сенімхаттары;

әскери қызметшілердің, ал нотариустары мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдары жок әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерінде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің және әскери кызметшілердің отбасы мүшелерінің осы бөлімдер, кұрамалар, мекемелер мен орындардың командирлері (бастықтары) куәландырған өсиеттері мен сенімхаттары;

бас бостандығынаң айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттері мен сенімхаттары;

жүзу кезінде Қазақстан Республикасының туы астында жүзіп жүрген теңіз кемелерінде немесе ішкі суларда жүзіп жүрген кемелердегі азаматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері;барлау және баска да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастыктары куөландырған өсиеттері;

халыкты әлеуметтік корғау мекемелерінде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы іс-әрекет кабілеті бар азаматтардың осы мекемелердің немесе халыкты әлеуметтік корғаудың тиісті органының басшысы куәландырған сенімхаттары.

Заңның 37-бабында аталған лауазымды адамдар есиетті куәландырған күннен бастап он күн ішінде, ал егер бүл дәлелді себептермен мүмкін болмаса, мүндай мүмкіндік пайда болысымен куәландырған есиеттің бір данасын осиет қалдырушының түрғылықты жеріндегі нотариуска сақтауға дереу беруге міндетті.

Егер осиет калдырушының Қазақстан Республикасында түракты түрғылыкты жері болмаса немесе оның түратын жері белгісіз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әділет ми-нистрлігі белгілейтін нотариусқа жіберіледі.Нотариус сақтауға келіп түскен осиетті тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тиісті дәрежеде ресімдеу үшін осиет қаддырушыға және есиетті куәландырған лауазымды адамға бүл туралы хабарлауға міндетті.Куәландырған өсиеттің уақтылы берілмеуі салдарынан мұрагерге (мүрагерлерге) келтірілген шығын үшін лауазымды адам Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жауапты болады.Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі Нотариат туралы Заңмен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың нотариаттык іс-әрекеттер жасау тәртібі туралы нүсқаулықпен белгіленеді.Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті күжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус немесе Заң арқылы нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төлеген күні жасалады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мынадай негіздер бойынша:

жеке және занды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болуына;

құжаттардың сараптамаға жіберілуі негізінде кейінге калдырылуы мүмкін.

Нотариаттык іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру мерзімі нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бір айдан аспауы керек.Басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған кұкықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның өтініші бойынша нотариаттық іс-әрекет жасау он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде соттан өтініштің түскені туралы хабар алынбаса, нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтініші түскені туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекет жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады.Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттык іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе занды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.

Адамның жеке басын анықтау нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтыңжеке куәлігі немесе паспорты негізінде жүргізіледі.Мәмілелерді куәландырған кезде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі анықталады және нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілелерге қатысушы занды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі тексеріледі. Мәміле өкілдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкілеттігі тексеріледі.Нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардын қалауы бойынша дауыстап окылуы мүмкін. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмілелерге өтініштер мен басқа құжатгарға нотариустын катысуымен қол қояды.Егер азамат дене кемістігі, ауруы немесе әлдебір өзге себептер салдарынан өзі қол қоя алмаса, онын өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың құжатқа әзі кол қоя алмау себептері көрсетіле отырып, мәмілеге, отінішке немесе өзге де кұжатка басқа азамат кол қояалады.Нотариаттық куәландырылған мәміленің мәтіні анық және түсінікті жазылуға немесе басылуға, мәміленің мазмұнына қатысты сандар мен мерзімдер ең болмағанда бір рет создермен, ал заңды тұлғалардың атаулары кыскартусыз, олардың тұрған жері корсетіле отырып жазылуға тиіс. Азаматтардын тектері, аттары мен әкесінің аттары, олардың тұратын мекен-жайлары толық жазылуға тиіс.Өшіріп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздері немесе басқа да келісілмеген түзетулері бар мәмілелердің мәтінін куәландыруға немесе кұжатгарды, сондай-ақ қарьгндашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды.Көлемі бір парақтан асатын кұжатга парақтар тігілген, бауланған және мөрмен бекітілген болуға тиіс.Нотариус пен жергілікті аткарушы органдардын лауазымды адамдарының өз атына және өз атынан, әз жұбайының, оның және өз туыстарынын (ата-аналары, балалары, аға-інілері, апа-сінлілері, немерелері, атасы, әжесі) атына және олардың атынан нотариаттык іс-әрекеттер жасауға кұкығы жоқ. Аталған реттердегі нотариаттық іс-әрекеттерді кез келген басқа нотариус жасайды.Куәландырушы жазбалар мәмілелерді куәландыру, құжаттардың көшірмелері мен олардан жасалған үзінділердің дұрыстығын, құжаттардағы койылған колдардың түпнүсқалығын, кұжаттардың бір тілден екінші тілге аударылуынын дұрыстығын растау кезінде, тиісті құжаттарда құжаттардын көрсетілген уақытын куәландыру кезінде жасалады.Мұраға алу құқығын, меншік құқығын, азаматтың тірі екендігі және белгілі бір орында болуы фактілерін, жеке және занды тұлғалардың өтінішін басқа жеке және занды тұлғаларға беруді куәландыру құжаттарды сақтауға қабылдауды растау үшін тиісті куәліктер беріледі.Нотариаттық іс-өрекеттер жасаудан бас тарту

1. Егер:


  1. мұндай іс-әрекет жасау заңға қайшы келсе;

  2. іс-әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса;

  3. нотариаттық іс-әрекет жасау жөнінде қабілетсіз азамат немесе қажетті өкілеттігі жок өкіл өтініш жасаса;

  4. занды тұлға атынан жасалатын мәміле оның жарғысында немесе ережесінде көрсетілген мақсаттарға қайшы келсе;

  5. мәміле заң талаптарына сәйкес келмесе;

  6. нотариаттык іс-әрекет жасау үшін табыс етілген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартылуы мүмкін.Нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамға бас тартылған жағдайда, нотариус ол нотариаттык іс-әрекет жасатуға өтініш берген күннен бастап, он күннің ішінде жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетілген дәлелді қаулыны береді.Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттык іс-әрекеттің дұрыс жасалмағаны үшін сот тәртібімен шағымдануға болады.Нотариаттық іс-әрекеттерді, нотариаттык куәліктерді, мәмілелер мен куөландырылған кұжаттарды куәландыру жазбаларын тіркейтін тізілімдердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.Бір данасы нотариатгык кеңсе істерінде немесе нотариуста сакталатын күжат жоғалған жағдайда, өз аттарынан немесе солардың тапсырмасы бойынша нотариаттык іс-әрекеттер жасалған азаматтардын, занды тұлғалар өкілдерінің жазбаша өтініштері бойынша оларға жоғалған кұжаттыңдубликаты беріледі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Консулдық қызметті жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер.

2. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттерді нотариусқа беру.

3. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері. Нотариаттық әс-әрекеттер жасаудан бас тарту негіздері.



Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 6. Мәмілелерді куәландыру.

1. Нотариаттық тәртіппен куәландыратын мәмілелер.

2. Өсиеттерді куәландыру.

3.Сенімхаттарды куәландыру.



4.Мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру. Ашылған мұра жөнінде мұрагерлерге хабарлау.

1. Нотариус зандармен міндетті нотариаттык куәландыру белгіленген мәмілелерді куәландырады. Тараптардың тілегі бойынша нотариус баска мәмілелерді де куәлаңдыра алады.Нотариус пен нотариаттык іс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәміле жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына кайшы келмейтінін тексеруге міндетті.Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу және кепілге салу туралы шарттар иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке деген меншік кұкыктарын растайтын кұжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкін. Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу мен кепілге салу шартын куәландыру сол мүлік тұрған жерде жасалады.Жер учаскесіндегі тұрғын үй қүрылысы туралы шартты жер учаскесі берілген жердегі нотариус куәландырады.Нотариус пен нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті азаматтар жасаған және олардың өздері нотариуска табыс еткен өсиеттерді куәландырады. Өсиеттерді өкілдер аркылы куәландыруға жол берілмейді.Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет калдырушьщан өсиетке калдырылатын мүлікке оның меншік кұкығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етілмейді.Нотариус және нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттің күшін жою туралы хабарлама алған, сол сиякты бүрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған жағдайда, өсиетгің нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізіліміне бүл туралы белгі соғады. Өсиеттің күшін жою немесе езгерту туралы хабарламаны нотариат куәландыруға тиіс.Нотариус пен нотариаттык іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамдар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамдардың атына сенімхаттарды куәландырады.

Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы сөз болған негізгі сенімхатты табыс ету бойынша нотариаттық куәландырылуға тиіс. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхаттың мазмұнында негізгі сенімхат бойынша берілген құқықтан артық құқық болмауға тиіс. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі оның берілуіне негіз болған сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.Мәміленің мазмұны баяндалып, нотариаттық тәртіппен куәландыратын құжаттар даналарының санын нотариаттык іс-әрекет жасауды өтінген адамдар аныктайды, бірақ олардың саны екі данадан кем болмауға тиіс, олардың біреуі нотариаттық кеңсенің істерінде нотариуста қалады.Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне белгілі мүрагерлерді бұл туралы хабардар етуге міндетті.Егер мұрагерлердің тұрған жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус мұраның ашылғандығы туралы бұқаралық акпарат құралдары арқылы хабарлама бере алады.Мұра ашылған жердегі нотариус Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұраны қабыддау немесе одан бас тарту туралы өтініштерді қабылдайды. Мұраны қабылдау немесе одан бас тарту туралы өтініш жазбаша нысанда болуға тиіс.Мұра ашылған жердегі нотариус заңдарға сәйкес мұра қалдырушының несие берушілерінен талаптар қабылдайды. Талаптар жазбаша нысанда берілуге тиіс.Нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамы азаматтардың, заңды тұлғалардың хабарлауы бойынша не өз бастамасымен мұра ашылған жерде мұрагерлердің, мұра алуына бас тартылғандардың, несие берушілердің немесе мемлекеттің мүддесі үшін бұл қажет болған кезде мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады.Мұра қалдырушының мүлкі немесе оның бір болігі мұра ашылған жерде болмаған жағдайда мұра ашылған жердегі нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы, мұралық мүлік түрған жердегі нотариуске, Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқарушы адамға немесе тиісті жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамына оны корғау жөніңде шаралар қолдану туралы тапсырма жібереді.Нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолдана отырып, бұл туралы мұра ашылған жердегі нотариуске хабарлайды.Нотариус пен жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті қорғау үшін бұл мүліктің тізімдемесін жүргізіп, оны мүліктің мүрагерлеріне немесе басқа адамдарға сақтауға береді.Егер мүраның күрамында баскаруды талап ететін мүлік болса, сондай-ақ мүрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін мүра калдырушының несие берушілері талап-арыз берген жағдайда, нотариус немесе жергілікті органның нотариаттык іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мүралык мүлікті сактаушыны тағайындайды.Мүралық мүлік өзіне сақтауға берілген сақтаушы, егер өзі мүрагер болып табылмаса, мүралык мүлікті сақтағаны үшін мүрагерден сыйакы алуға күқылы.Сақтаушыға осы мүлікті пайдаланудан іс жүзінде алынған, пайдасы шегеріле отырып, мүралык мүлікті сақгау мен басқаруға байланысты шығыстары да өтеледі.Мүралық мүлікті қорғау мүрагерлер мүраны қабылдап алғанға дейін, ал егер олар мүраны қабылдамаса — мүраны кабылдау үшін зандарда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жалғасады.Мұра ашылған жердегі нотариус мүрагерлік мүлікті қорғау жөніндегі шаралардын токтатылғаны туралы мүрагерлерді, ал егер мүралық құқық бойынша мүлік мемлекетке көшсе, тиісті мемлекетгік органды алдын ала хабардар етуге міндетті.Нотариус мұрагерлер мұрагерлік мұраны қабылдағанға дейін, ал егер ол қабылданбаса, мемлекетке мұралық құкық туралы куәлік берілгенге дейін мұралык мүліктер есебінен мынадай шығыстарды:

  1. мұра қалдырушы науқастанған кезде оны бағып-күтуге, сондай-ак оны жерлеуге және жерленген орнын жайластыруға;

  2. мүралық мүлікті қорғауға және оны басқаруға, сондай-ак мүрагерлерді шакыру туралы хабарлама жариялауға шыққан шығыстарды төлеу туралы өкім беруге күқылы. Заң актілерімен мүралык мүліктің есебінен төленетін
    шығыстардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.Мұрагерлердің жазбаша өтініші бойынша мұра ашылған жердегі нотариус мұраға кұкық туралы куәлік береді. Мұраға кұкыктуралы куәлік беру Кдзакстан Республикасының Азаматтық кодексінде козделген мерзімде жүргізіледі. Мұраға құқық туралы куәлік Казақстан Республикасы азаматтық зандарының нормаларына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге беріледі.Мұра қабылдау мерзімін өткізіп алған мұрагер мұраны кабылдаған барлык озге мұрагерлердің келісімімен мұраға құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін. Бұл келісім мұраға кұкык туралы куәлік берілгенге дейін жазбаша нысанда мәлімделуге тиіс. Мұраға кұкыктуралы куәлік барлык мұрагерлерге, олардың калауларына карай, бірге немесе әркайсысына жекежеке беріледі.Нотариус қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, кәмелетке толмаған немесе іс-әрекетке қабілетсіз мұрагердің атына мұраға кұкык туралы куәлік берілгені женінде оның мүліктік мүддесін корғау үшін мұрагердің тұрған жеріндегі қорғаншылық және қамқоршылык органдарына хабарлайды.Мұраға кұкык бойынша мүлік мемлекетке откен жағдайда мұраға кұқықтуралы куәлік тиісті мемлекеттік органға беріледі.Нотариус заң бойынша мұраға кұкықтуралы куәлік берген кезде тиісті айғактарды талап ету аркылы мұра қалдырушының кайтыс болу фактісін, мұраның ашылған уақыты мен жерін, мұраға кұқық туралы куәліктің берілуі жөнінде өтініш беруші адамдарды заң бойынша мұраны иеленуге тарту үшін негіз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралык мүліктің кұрамы мен тұрған орнын тексереді. Егер заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагердің мұраны иеленуге тарту үшін негіз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердің бәрінің келісімімен мұраға құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін.Нотариус өсиет бойынша мұраға кұқық туралы куәлік берген кезде тиісті айғактарды талап ету аркылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, өсиеттің бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралык мүліктің кұрамын және тұрған орнын тексереді. Нотариус сонымен бірге мұрадағы міндетгі үлеске құқығы бар адамдар тобын анықтайды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Нотариаттық тәртіппен куәландыратын мәмілелер.

2. Өсиеттерді куәландыру.

3.Сенімхаттарды куәландыру.

4.Мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру. Ашылған мұра жөнінде мұрагерлерге хабарлау.

Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 7. Ортақ бірлескен меншік үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру.

1. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және оны алып тастау.

2. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру.

1. Нотариус бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың бірлескен жазбаша өтініші бойынша ортақ мүліктегі үлесін алуға тілек білдірген адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді. Ортақ меншіктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік осы мүлік орналасқан жерде беріледі.

Ерлі-зайыптылардын бірі қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші бойынша мұраны кабылдаған мұрагерлерді хабардар ете отырып, ерлі-зайыптылардың ортак мүлкіндегі үлеске меншік кұқығы туралы куәлік береді.

Ерлі-зайыптылардың ортак мүлкіндегі үлеске меншік кұқығы туралы куәлік көзі тірі жұбайына олардың некеде тұрған кезінде жинаған ортақ мүлкінің жартысына, егер неке келісім-шартында өзгеше белгіленбесе, берілуі мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі өлген жұбайының үлесіне меншік құқығы туралы куәлік олген жұбайдың мұрагерлеріне олардың отініші бойынша берілуі мүмкін.

Тұлғаның хабарламасы бойынша, сондай-ак кепіл беру туралы шартты ресімдеу кезінде, осы айтылған жылжымалы және жылжымайтын мүлік тұрған жердегі нотариус бұл мүлікті иеліктен айыруға тыйым салады. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынғандығы туралы но-тариус жазбашатүрде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарына хабарлайды.

Алынған қарыздың кайтарылғаны немесе кепіл туралы шарттың токтатылғаны туралы банк мекемесінен немесе занды тұлғадан хабар алғаннан кейін нотариус иеліктен айыруға тыйым салуды токтатады, бұл туралы жазбаша түрде жылжымалы және жьілжымайтын мүлікті тіркеу органдарына хабарлайды.

Нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адам, занды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар берген қүжаттардын көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, бұл кұжаттар және олардың мазмұны зандарға кайшы келмеген әрі зандық маңызы болған жағдайда куәландырады.

Үзінді алынған кұжатта бір-бірімен байланысы жок бірнеше жекелеген мәселенің шешімі болғанда ғана, одан алынған үзіндінің дұрыстығы куәландырылуы мүмкін. Үзінді құжаттың белгілі бір мәселе жөніндегі бөлігініңтолықмәтінін кайталауға тиіс.

Нотариус азамат ұсынған құжат көшірмесінің дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе осы заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.

Нотариус кұжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығын, осы көшірме нотариаттық тәртіппен куәландырылған немесе түпнұсканы кұжат жасаған заңды тұлға берген жағдайда куәландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі сол заңды тұлғаның бланкісінде жасалып, мөрмен бекітілуі және құжаттың түпнұсқасы занды тұлғада екендігі туралы белгісі болуға тиіс.

Нотариус мазмұны жағынан заң актілеріне қайшы келмейтін құжаттағы қойылған қолдыңтүпнұсқалығын куәландырады. Нотариус қойылған қолдың түп нұскалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактілерді куәландырмайды, белгілі бір адамның кол қойғанын ғана растайды.

Егер нотариустиісті тілдерді білетін болса, бір тілден екінші тілге аударылған аударманың дұрыстығын куәландырады.

Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманың аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және оны алып тастау.

2. Құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру.

Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 8. Фактілерді куәландыру.

1. Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқаға беру.

3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау



1. Нотариус азаматтың тірі екеңдігі фактісін куәландырады. Кәмелетке толмаған азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру оның занды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), соңдай-ақ кәмелетке толмаған азаматты корғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мүдделі адамдарға аталған фактіні растап куәлік беріледі.

Нотариус азаматтың өтініші бойынша оның белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады. Кәмелетке толмаған азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру, оның заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мүдделі адамдарға аталған фактіні растап куәлік беріледі.

Нотаруис өзіне құжаттың көрсетілген уақытын куәландырады. Бұл туралы куәландыру жазбасы құжатқа оны көрсет-кен адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылады.

Нотариус жеке және занды тұлғалардың отініштерін басқа жеке және занды тұлғаларға беруді жеке қолхатпен немесе кері хабарламалы почта арқылы жүзеге асырады. Өтініштер телефаксты, компьютерлік желілерд және озге де техникалық құралдарды пайдалана отырып та берілуі мүмкін.

Өтініштерді беру үшін текникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық іс-әрекеттер жасауды етінген адам толейді. Өтініш беруші адамның сұрауы бойынша, оған отініштің берілгені туралы куәлік беріледі.

Нотариус зандарда козделген жағдайларда борышкерден несие берушіге беру үшін ақшаны депозитке қабылдайды. Нотариус ақшаның түскендігі туралы несие берушіге хабарлайды және оның талап етуі бойынша оған тиесілі ақшаны береді. Ақшаны депозитке қабылдауды нотариус міндеттемелер орындалатын жерде жүргізеді.

Ақшаны депозитке салған адамға оларды қайтарып беруге жарна пайдасына салынған адамның жазбаша келісімімен немесе сот шешімімен ғана жол беріледі.

Борышкерден ақша сомасын өндіріп алу немесе мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін күжатка орындау жазбаларын жазады.

0рындау жазбаларының негізінде берешекті даусыз тәртіппен өндіріп алатын күжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Орындау жазбасы:

егер табыс етілген күжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің немесе өзге де жауапкершілігінін даусыздығын растаса;

егер талап кою күкығы пайда болған күннен бастап үш жыл өтпеген болса жазылады.

Егер орындау жазбасы берілетін талаптар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында талаптың ескіруінің өзге мерізімі белгіленсе, орындау жазбасы сол мерзім шегінде беріледі.

Орындау жазбасының мазмүнында:

1) орындау жазбасын жазған нотариустың тегі, аты-жөні, лауазымы;

2)өндіріп алушының атауы мен мекен-жайы;

3)борышкердін атауы мен мекен-жайы;

4)өндіріп алу жүргізілетін мерзім көрсетілуі;



  1. өндіріп алынуға тиісті сома немесе талап етуге тиісті заттар, оның ішінде, егер мүндайлар тиесілі болса, өсімдер, проценттер көрсетілуі;

  2. мемлекеттік баж немесе жекеше нотариустык нотариаттық іс-әрекетіне өндіріп алушы төлеген немесе борышкерден өндіріп алынуға тиісті төлем сомасының көрсетілуі;

  1. орыңдау жазбасы жазылған мезгіл (айы, жылы, күні);

  2. орындау жазбасы тізілімде тіркелген нөмір;

  1. орындау жазбасын жазған нотариустың қолы мен мөрінің болуы кажет.

Орындау жазбасы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының азаматгык іс жүргізу заңдарыңда белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Орындау жазбасы, егер заңцарда өзге мерзімдер белгілен-бесе, ол жазылған күннен бастап үш жылдың ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін. Орындау жазбасын ұсыну мерзімі өтіп кетсе, оны қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтык іс-жүргізу зандарына сәйкес жүргізіледі.

Төлемеуге, акцепт еместік және акцептің күні қойылмағаны жөнінде вексель наразылығың нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы зандарына сәйкес жүргізеді.

Нотариус тізімдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабыддайды. Тізімнің бір данасы нотариуста қаддырылып, екінші данасы кұжаттарды және бағалы қағаздарды сактауға тапсырған адамға беріледі. Егер құжаттар тиісті түрде буылып-түйілсе, тапсырушы адамның өтінішімен нотариус тізімдеусіз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың морімен расталады, нотариус пен кұжаттарды және бағалы қағаздарды өткізген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдің сақталуына нотариус жауап береді. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлік беріледі.

Сақтауға қабылданған кұжаттар және бағалы қағаздар олар-ды сақтауға тапсырған адамға немесе занды түрде уәкілетті адамға куәлікті және олардың тізімін корсеткенде не соттың шешімі бойынша қайтарылып беріледі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқаға беру.

3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау



Ұсынылатын әдебиет

1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.



  1. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  2. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  3. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 9. Теңіз наразылықтарын жасау.

1. Теңіз наразылығы туралы мәлімдеме.

2. Олардың мерзімдері.

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.



1. Нотариус кеменің жүзу немесе тоқтау кезеңіңце орын алған окиғалар туралы кеме капитанының мәлімдемесін кеме иесінің құкықтары мен занды мүдцелерін қорғау үшін дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында қабыддайды, бұл мәлімдеме кеме иесіне мүліктік талап қоюға негіз болуы мүмкін.

Теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде оқиғаның мән-жайымен өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін капитанның қодцанған шаралары көрініс табуға тиіс. Теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде баяндалған мән-жайды растап, теңіз саудасын реттейтін зандарға сәйкес, кеме капитаны нотариусқа қарап шығу үшін кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзіндіні мәлімдемемен бірге не портқа кірген немесе егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап жеті күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Теңіз саудасын реттейтін заңдарға сәйкес теңіз наразылығы туралы мәлімдеме кеме портқа кірген кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі. Егер теңіз наразылығын мәлімдеудің қажеттігін туғызған оқиға портта болса, наразылық окиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде мәлімделуге тиіс. Белгіленген мерзім ішінде наразылықты мәлімдеу мүмкін болмаған жағдайда, оның себептері теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде көрсетілуге тиіс.

Нотариус капитан мәлімдемесінің, кеме журналы деректерінің, сондай-ақ капитанның өзін және мүмкіндігінше кеменің командалық құрамынан ең кемі екі куәні және кеме командасынан екі куәні сұрау негізінде теңіз наразылығы туралы акт жасайды, оған өзінің қолын қойып, мөрмен куәландырады. Теңіз наразылығы туралы актінің бір данасы капитанға немесе уәкілетті адамға беріледі.

Нотариус сотга немесе басқа кұзыретті органда іс туындаған жағдайда, егер кейіннен дәлелдемелерді табыс ету мүмкін емес немесе қиын болады деп топшылауға негіз болса, мүдделі тұлғалардын өтініші бойынша кажетгі дәлелдемелерді камта-масыз етеді. Нотариус мүдделі тұлғалар өзіне өтініш жасаған кезде сот-тың немесе баска кұзыретті органның қарауында жатқан іс бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі бойынша нотариус азаматтарға сауалдар қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды. Дәлелдемелерді камтамасыз ету жөнінде іс жүргізу әрекеттерін жасаған кезде нотариус Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу зандарының нормаларын басшылыққа алады.

Нотариус тараптар мен мүдделі адамдарға дәлелдемелерді камтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бірақ олардың келмей қалуы дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетті жасауға кедергі болып табылмайды.

Тараптар мен мүдделі адамдардың біреуін хабардар етпей дәлелдемелерді камтамасыз ету тек кейінге калдыруға немесе іске кейіннен кімнің қатысатьшын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргізіледі.

Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шараларды қолдану үшін куәнің немесе сарапшының тұрғылықты жері бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды.

Нотариус азамат пен маманды көрінеу жалған айғақ немесе қорытынды бергені және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауап беретіні туралы ескертеді.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Теңіз наразылығы туралы мәлімдеме.

2. Олардың мерзімдері.

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.



Ұсынылатын әдебиет

  1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.

  2. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  3. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  4. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 10. Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі

1. Нотариустың нотариаттық іс-әрекет жасау түрлеріне жалпы сипаттама.

2.Мәмілелерді куәландыру.

3.Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру.

4. Өсиеттерді куәландыру

1. Осы Нұсқаулық "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген құзыреттер шегінде нотариаттық іс-әрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі — нотариустардың), соңдай-ак нотариаттык іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және консулдық міндетті атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасы атынан нотариаттык іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.

Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

мәмілелерді куәландырады;

шаруашылык серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;

мұралык мүлікті қорғауға шаралар қолданады;

мұраға құқык туралы куәліктер береді;

жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;

мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;

7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзіңділердің дұрыстығын куәландырады;


  1. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

  2. құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

  1. азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;

  2. азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;

  3. құжаттардың берілген уақытын куәландырады;

  4. жеке және занды тұлғалардың етініштерін баскд жеке және занды тұлғаларға береді;

  1. акшаларды депозитке кабылдайды;

  2. орындау қағаздарын жазады;

  3. вексель наразылыктарын жасайды;

  4. күжаттар мен бағалы кағаздарды сактауға қабылдайды;

  5. теңіз наразылықтарын жасайды;

  6. дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасынын заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін. Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Нотариус сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережемен белгіленеді. Нотариус көмекшісінін құқыктық жағдайы мен құзыреті нотариус пен көмекші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.

Нотариустың өз тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустын мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.

Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тіл туралы зандарына сәйкес жүргізіледі және Қазакстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариаттык іс жүргізу туралы нұсқаулыкқа сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінін аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.

Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:

мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;

мұраға қүқық туралы куәліктер бергенде;

жұбайлардың және ортак бірлескен меншік кұқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер бергенде;

тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу туралы құжатгарды куәландырғаңда;

тұрғын үй құрылысы туралы шарттарды куәландырғанда.

Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттык кеңсенің үй-жайына, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттык іс-әрекеттер нотариат кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда кұжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде нотариаттык іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уакыты көрсетіле отырып жазылады.

Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлык қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттык іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төлен-ген күні жасалады.

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:


  1. жеке және занды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болғанда;

  2. құжатгарды сараптамаға жібергенде;

  3. басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған қүқыкты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге калдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.

Нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы).

Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстаң Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы).

Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.

Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген кұқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы сотган жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әре-кеттер жасау сот істі шешкенге дейін токтатыла тұрады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы).

Нотариус нотариаттык іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты немесе жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.

16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасы (асырап алушылар) кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің негізінде анықтайды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы кәмелетке толмағандардың өздері ұсынған тиісті құжатгармен анықталады. Бұған қоса 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау және басқа да занды өкілдер (камқоршылар) аркылы жүзеге асырылады.

Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.

Әскери қызметшілердің жеке басы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің командованиелері беретін әскери қызметшілердің жеке куәлігінің немесе әскери билетінің негізінде анықталады.

Қазақстан Республикасында тұракты тұратын азаматтығы жоқ адамның жеке басы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған куәлігі бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасының аумағына уакытша келген азаматтығы жоқ адамның жеке басы оның тұратын елінің кұзыретті оргаңдары берген және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер бөлімдеріңде тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бойынша анықталады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы жарамды ұлттық төлқұжаты мен Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған уақытша ықтияр хат бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетел азаматының жеке басы белгіленген тәртіппен тіркелген жарамды ұлттықтөлқұжаты бойынша немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Нотариустың нотариаттық іс-әрекет жасау түрлеріне жалпы сипаттама.

2.Мәмілелерді куәландыру.

3.Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру.

4. Өсиеттерді куәландыру

Ұсынылатын әдебиет


  1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.

  2. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  3. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  4. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


Тақырып 11. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері

1. Нотариустың нотариаттық іс- әрекеттерді жасау тәртәбінің ерекшеліктері.

2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың түрлеріне сипаттама

1. Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариатгық іс-әрекеттерді жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттык іс-әрекет жасауға тілек білдірген баска адамдардың қойылған қолдарының түпнұскалығы тексеріледі.

Мәмілелерді куәландырғанда азаматтардың әрекет кабілетгілігі және мәмілелерге катысушы занды тұлғалардын нотариаттык іс-әрекет жасау сәтіндегі күкык кабілеттілігі тексеріледі. Өкілмен мәміле жасау жағдайында оның өкілеттілігі тексеріледі.

Жеке тұлғаның әрекет кабілеттілігі жеке басты куәландыратын кұжатта көрсетілген жасы бойынша, сондай-ақ нотариуспен әңгімелесудің барысында аныкталады.

Мәмілеге катысушылардың кейбірінің жүйке ауруы немесе акыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе өзін-өзі билей алмауы немесе спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдык жағынан ауыр жағдайға ұшырататыны нотариустың болжамына негіз болса, ал адамның әрекет қабілетгілігі жоқ немесе әрекет кабілеттілігі шектелгені жөнінде мәліметтер болмаса, нотариус мәмілені жасауды он күнге кейінге қалдыра тұрады және адамды әрекет кабілеттілігі жок немесе әрекет кабілеттілігін шектелген деп тану туралы сот шешімінің бар-жоғын тексереді. Егер сот осыңдай шешім шығармаса, нотариус Кдзакстан Республикасының азаматтык іс жүргізу заңына сәйкес, өзінің болжамы туралы соттың алдында осы адамды әрекет кабілеттілігі жоқ деп немесе әрекет қабілеттілігін шектеу жөнінде мәселе коюға кұкыкты адамдардың біріне немесе ұйымдардың біріне хабарлайды және кабылданған шешім туралы хабарлауды өтінеді. Кұзыретті адамдардын кабылдаған шешімдеріне қарай нотариус мәмілені не куәландырады, немесе оны сотта іс каралғанға дейін тоқтата тұрады.

Қазақстан Республикасынын аумағында тіркелген заңды тұлғаның кұкык кабілеті оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен Жарғы (Ереже) бойынша анықталады. Занды тұлғаның Жарғысында (Ережесінде) көрсетілген максаттар мен міндеттерге қайшы келетін мәміле немесе басқа нотариаттык іс-әрекет куәландырылмайды.

Шетел занды тұлғасының әрекет кабілеттілігі сауда тізілімінің көшірмесі немесе осы занды тұлғаның белгіленген тәртіпте тіркелгендігін растайтын баска кұжаттар бойынша аныкталады.

Занды тұлға басшысының өкілеттігі Жарғы (Ереже) бо-йынша тексеріледі.

Занды тұлға өкілінін, сондай-ак филиалдың (өкілдіктің) бас-шысының өкілеттілігі занды тұлғанын атынан өкілетті орган берген сенімхат бойынша аныкталады.

Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі заңмен белгіленген тәртіпте куәландырылған сенімхат бойынша немесе заңмен көзделген баска құжаттардың негізінде тексеріледі.

Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларынын мүдделерін білдіру жөніндегі екілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша камқоршылыкка алынушыға (қорғаншылыкка алынушыға) қатысты камқоршының (корғаншынын) өкілеттілігі қамқоршы және қорғаншы органдардың рұқсаты мен Әкімнің шешімі бойынша анықталады.

Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және баска құжаттарға катысушылар нотариустың катысуымен қол қояды. Бұл ретте нотариус кол қоюшының нотариаттык куәландырылатын (нотариустың куәлігімен) құжаттағы және нотариаттык іс-әрекеттерді тіркеу тізбесіндегі колын оның жеке куәлігіндегі (төлқұжаттағы) қолымен салыстырып тексереді.

Егер нотариаттык іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлдебір езге себептермен өзі қол коя алмаса, оның өтініші бойынша және оның іс атысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттык іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың құжатка кол коя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе озге құжатка басқа азамат кол қоя алады.

Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматкерең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттык іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау азаматпен түсінісе алатын кез келген сауатты адам міндетті түрде қатысуы және мәміленің мазмұны оның ниетіне сәйкес екендігін өзі кол қоюмен куәландыруы қажет.

Егер азамат сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүддем кормеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған кұжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол тура-лы құжатка белгі қойылады.

Егер азамат нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттык куәландырылатын құжаттың мәтіні оған осы тілді білетін нотариуспен немесе аудармашымен аударылып беруге тиіс, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

Нотариаттық куәландырылатын немесе расталатын қүжаттын мәтінінде құжаттың мазмұнына катысты сандар мен мерзімдер ең болмағанда бір рет сөзбен жазылуға тиіс.

Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды сүрап занды түлға жүгінсе, онда оның толық атауы, тіркеу нөмірі түрған мекен-жайы толық көрсетілуі тиіс.

Егер нотариаттык іс-әрекет жасауды сүрап жеке түлға жүгінсе, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және түрған жері көрсетіледі, ал шетел азаматтары жөнінде — олардың азаматтығы, азаматтығы жок түлғаларға — бүл жөнінде мәлімет көрсетіледі.

Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға өшіріп тасталған не косылып жазылған, сызылған сөздері және өзге де келісілмеген түзетулері бар құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған қүжаттарды қабылдамайды. Егер үсынылған қүжаттар екі не одан көп парақтардан түрса, олар баулануы және оның парақтары нөмірленуі, ал бауланған парактардың саны қүжат беруші үйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталуы тиіс.

Нотариаттық куәландыратын құжаттың мәтіні анық, дәл жазылуға немесе басылуға тиіс. Сызылуға рүқсат етілмейтін шетелдерде әрекет етуге арналған қүжаттардан басқа күжаттардағы бос жолдар және басқа ашық жерлері сызылып тасталынады. Қосып жазулар мен түзетулер мәмілеге қатысушылар мен қүжатқа кол қойған басқа адамдар қол қойғанға дейін ескерті-луі және куәландыру жазбасының алдыңда қайталануы қажет, сонымен бірге барлық түзетулер, қате жазылған, соңынан сызылып тасталған түзетулер бастапқы мәтінде оқытылатындай болуы тиіс.

Тараптар кол қоймайтын қүжаттың мәтініндегі түзетулер туралы куәландыру жазбасының соңында нотариус қана ескертеді.

Егер куәландыруға немесе растауға жататын қүжаттың мазмүны Қазақстан Республикасы зандарының талаптарына сәйкес келмесе немесе сауатсыз дайындалса, нотариус келген адамдарға оны түзетуді немесе жаңа құжат жасауды үсынады. Жүгінген адамның өтініші бойынша қүжатгы белгіленген тарифтік ставкалар бойынша мемлекеттік нотариус немесе тарап-тардың келісімі бойынша жекеше нотариус ақы алып дайындауы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағы).

Нотариус өзіне нотариаттық іс-әрекет жасату үшін келген адамға оның қүқыктары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ак олардың заңды білмегендігінен өздеріне зиян келмеуі үшін жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге міндетті, ол туралы нотариустың немесе мүдделі адамдардың қалауы бойынша құжаттың мәтініне белге койы-лады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы).

Мәмілелерді куәландырғаңда, құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, кұжаттарға койылған қолдың түп нұсқалығын, кұжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, кұжаттардың берілген уакытын куәландырғанда тиісті құжаттарға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысандарда куәландыру жазбалары жасалынып, нотариустың колы койылып, мөрі басылады.

Куөландыру жазбалары анык басылған немесе қолдан анық жазылған болуы тиіс, өшіруге жол берілмейді, бос қалған жерлері сызылуы, косып жазулар мен ескертілмеген түзетулер бұдан бұрын баяндалған ережелер бойынша ескертілуге тиіс ("Нотариат туралы" Казақстан Республикасы Заңының 45-ба-бының 1-тармағы). Куәлаңдыру жазбаларын жасау үшін тиісті жазу мәтіні бар мөртабандар қолданылады.

Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толык жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақгардың саны нотариустың колымен расталып, мөрімен бекітіледі. Куәландыру жазбасын немесе онын жалғасын жазу үшін парақты қосып желімдеуге болады. Басылған мөрдің бір болігі желімделген бетке түсуі керек.

Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі бір жеке және занды тұлғалардың баска жеке және занды тұлғаларға мәлімдеген жерінде болу фактілері куәландырылғанда, суреттегі тұлға мен азаматтың бір екендігі салыстырып расталғанда, құжаттар сақтауға қабылданғанда тиісті куәліктер беріледі.

Барлық нотариатгық іс-әрекеттер тізілімде тіркеледі ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы).

Тізілімдер бауланып тігілуге, немірленуге тиіс, парақтардың саны нотариустың койған колымен расталып, әділет аумақтык органының нотариат істері жөніндегі бөлімінің немесе аумақтық нотариат Палатасы қызметкерінің қолымен куәландырылуға тиіс, қол тиісті әділет органының немесе нотариат Палатасының морімен бекітіледі. Нотариус әзі жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттер ту ралы мәліметтерді енгізетін жеке тізілім жүргізеді. Егер нотариаттык органда бір нотариустан коп болса, тізілімде олардың әркайсысына дербес сандық индекс беріледі.

Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік нөмір беріледі. Тізілімге нотариаттық іс-әрекет тіркелген нөмір нотариустың беретін куәліктерінде және кұжаттардағы куәландыру жазбаларында көрсетіледі.

Нотариатгық іс-әрекетті тізілімге тіркеуді жазу нотариус куәландыру жазбасына немесе нотариус беретін кұжатка нотариус кол қойғаннан кейін ғана жүргізеді. Жазуларды карындашпен жазуға жол берілмейді.

Нотариаттық іс-әрекет жасауға негіз болған құжаттар нотариуста калдырылатын куәліктердін данасына немесе нотариаттық куәландырылатын мәміленің түп нұсқасына қосылады. Үсынған адамдарға құжаттардың түп нұсқалары қайтарылуы кажет болған жағдайда, нотариус ол кұжаттардың көшірмесін өзіне каддырады. Нотариат кеңсесінің істеріңде қалатын кұжаттың көшірмесінің дұрыстығы нотариустың түпнұсқаның көшірмесінің дұрыстығы, нотариустың койған колы, күні көрсетілген жазбасымен куәландырылады.

Нотариус мынадай құжаттарды немесе олардын көшірмелерін:

занды тұлғалардың атына және солардың атынан мәмілелерді (соның ішінде сенімхаттарды) куәландырғанда — занды тұлғалардың жарғылары мен олар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын (накты мәмілені жасауға берілген біржолғы сенімхаттардан баска) кұжаттарды;

иеліктен алу шарттарын куәландырғанда — автомотокөлік құралдарының техникалық паспорттарын, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және автомотокөлік кұралдарының өзге де тіркеу кұжаттарын;

мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландырғанда — мүлік салығын төлегені туралы түбіртекті калдырмайды.

Аталған құжаттардың бар екеңдігі туралы мәміленің нотариуста қалатын данасына, мұрагерлік кұқык туралы және меншік құқығы туралы куәліктер беру туралы арыздарға белгі соғылады, бұдан кейін олар соларды ұсынған адамға немесе иеленушіге (мұрагерге) қайтарылады.

Өтініш берушінің өзі нотариаттык іс-әрекет жасау үшін нотариуска берген арыздардағы қолдардың түп нұсқалығын өтініш берушінің жеке басын растайтын кұжатты керсете отырып нотариус куәландырады.

Мемлекетгік нотариустар, жеке практикамен шұғылданатын нотариустар, жергілікті аткарушы органдардын нотари-аттық іс-әрекеттер жасауға өкілетті лауазымды тұлғалары,

Қазақстан Республикасының атынан консулдық міндеттерді атқаратын тұлғалар жасалатын нотариаттык іс-әрекеттердің іащялығын сақтауға міндетті.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Нотариустың нотариаттық іс- әрекеттерді жасау тәртәбінің ерекшеліктері.

2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың түрлеріне сипаттама

Ұсынылатын әдебиет


  1. Урсибаева А.А., Қазақстан Республиасының нотариаты: оқу құралы. – Алматы 2011.

  2. Каминская Е.Н. Опыт передовых стран в развитии нотариальной деятельности // Право и образовани. 2006.

  3. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. Астана, 2007ж.

  4. Федоров С.Д. Развитие нотариальной деятельности в начале ХХ века. // Юрист. – 2003.


3.Практикалық сабақтың құрылымы

  1. Тақырып 1. Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері

  1. Қазақстан Республикасындағы нотариат.

  2. Нотариустың құқықтық жағдайы.

  3. Нотариаттық іс жүргізу

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет