Қабылдау комиссиясының негізгі бағыттары: қабылдау науқаны жұмысының ұйымдастырылуы;
қабылдау науқанының жұмысын жарнамалық – үгіттеу және кәсіби бағыттау жақтан қамтамасыз ету;
қабылдау науқанының жұмысын ұйымдастыру – құқықтық жақтан қамтамасыз ету;
қабылдау комиссиясының жұмысы.
Қабылдау комиссиясының міндеттері: 2020-2021 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының басты қызметтері мыналар:
Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген азаматтардың білім алу жөніндегі құқының сақталуын қамтамасыз ету, қабылдау жұмыстарының ашық және әділ өткізілуін қамтамасыз ету;
қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық – әдістемелік жақтан жақсарта түсу;
онлайн режимде egov арқылы оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру;
талапкерлердің мүмкіншіліктеріне, білік және дағдыларына қарай мамандықты таңдауға кеңес беру;
колледжде құжаттарды тапсыру барысында талапкерлер мен ата-аналардың қауіпсіздігін сақтау;
келесі оқу жылына талапкерлердің, жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып қабылдау жоспарының үлгісін құру.