Nur Otan ("Нұр Отан") – Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды.
2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нур Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды.
1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді. 1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.