Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партиядеп – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады. Партияның мақсаты- саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияның міндеттері:
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;