Мұғалімнің шешімі: Бағалау 2-ден 5-ке дейінгі барлық шәкілде бөлінген, оқушылардың нәтижелері бағалаудың сенімді екеніне дәлел, яғни, нәтижелердің ара қатысы бар екенін және дифференциацияланатынын көрсетеді.
Нашар оқитын оқушылармен жұмысты күшейту қажет.
Директордың пікірі: Оқушылардың нәтижелерінен Б және В сыныптарында мұғалімдер жақсы жұмыс жүргізгенін көруге болады. Олардың оқушылары тоқсан соңында жақсы нәтиже көрсетіп отыр.
А және Г сыныптарында нәтиже біршама төмен. Осы сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге орындау пайызына назар аудару қажет және қиындық туындаған балаларды кезеңдік талдау арқылы анықтау керек, әрі қарай жұмыс жүргізу үшін жоспар жасауы тиіс. Сондай-ақ, мұғалімдер арасында іс-тәжірибемен бөлісуді ұйымдастыру қажет.
Мұғалімнің шешімі: Оқушылардың нәтижелері материалды жақсы меңгергенін және оқудың тиімді тәжірибесін көрсетеді.
Мұғалімнің шешімі: Оқушылар ТЖБ-да жоғары нәтиже көрсетті, тоқсан барысында оқу үдерісі дұрыс жолға қойылғанынан хабар береді. БЖБ қорытындысы бойынша сапалы кері байланыс берілген, ол оқушыларды бағыттауға және оларды ТЖБ-ға дайындауға көмектеседі.
Мұғалімнің шешімі: Оқушылар өздерінің оқу жетістіктері деңгейлерін БЖБ және ТЖБ кезінде растайды. БЖБ бойынша төмен балл алған оқушылар ТЖБ-да да шамамен сондай нәтиже көрсетті. Кейбір оқушыларда ілгерілеу бары байқалады, БЖБ-ға қарағанда ТЖБ-ның пайызы жоғары. БЖБ-ға қарағанда ТЖБ-дан төмен нәтиже көрсеткен оқушы бар. Қатемен жұмыс жүргізу қажет.