Бағдарлама бағыты: Ұлттық ойын.
Тәрбие бағыты: Асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эстетикалық, патриоттық, мәдени тәрбие беру.
Мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызуғушылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
Мектеп базасында дене тәрбиесі сабағында алған білімдерін шыңдап шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту оқушының дарынын ашу.
Асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға қалыптастыру.
Асық ойыны сондай-ақ ептілікке,мергендікке,ұқыптылыққа,сергектікке баулу, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын аттыру.
Қазіргі ұрпақтың санасына алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын түрлерін әсіресе асық ойынын жандандыру.
"Асық ату" бағдарламасында жыл бойына 34 сағатқа аптасына 1 сағаттық бағдарлам қарастырылған.
Бағдарламаның өзектілігі: Мектеп оқушыларының патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігі мол, білімді жəне білекті тұлға қалыптастыру үшін асық ойындары арқылы сабақта жəне сабақтан тыс ықпалдастырылған пəндерді жүргізу қажеттілігі туып отыр.Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Осындай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.
Бағдарламаның жаңашылдығы:
Халқымыздың ұлттық ойындарын жаңғырта отырып, заманауи технология бойынша ұрпақ бойына дарыту;
ұлттық, патриоттық, эстетикалық тəрбие берудің инновациялық негіздерін қалыптастыру, бағдар беру
Оқушы асық ойынын ойнау барысында күтілетін нәтиже:
Асық ойнау барысында логикалық ойлау қабілетін арттырады;
Асық ойыны арқылы негізгі пән аралық байланыс жолға қойылады;
Ойындар арқылы логикалық тапсырмаларды жылдам орындайды;
Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдылары да жетіледі.
.
4
«Асық ойыны» факультативтік бағдарлама
Достарыңызбен бөлісу: |