Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет7/41
Дата25.09.2024
өлшемі4,49 Mb.
#205121
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Асық және бес асық факультатив2020жыл ZZZ

«Жалақ». Барлық асықтар алақанға жиналады, хан жоғары лақтырылып, қалған төрт асықты қапсыра ұстап, сұқ саусақ үш немесе бес рет (келісім бойынша) алға немесе артқа қарай үйкеліп кілемге жалатылады, шамалап 5 см (ерсілі – қарсылы үйкеуге, кілемді нұқуға болмайды). Ханды құлатпай қағып алу керек.




  1. «Алақан». Асықтар кілемге шашылады, қолдың алақаны үстіне қаратылып, кілем үстіне сырт жағымен қойылады, хан жоғарыға лақтырылып, кілемдегі асықтардың біріншісі алынып, алақанға қойылады, хан қайта қағылады. Екінші, үшінші, төртінші асық та осылай ойналады, соңында ханды алақанға қоямыз. Асықтар алақанға ғана жиналады, егер білезіктің үстіне қарай асықтың тұмсығы болса да шығып кетсе қатеге есептеледі.




  1. «Төрт бұрыш». Төрт асық шаршы бойынша (шамамен 20*20см. ересектер, 15*15cм. жасөспірімдер) қойылады. Ойыншы асығын жоғарыға лақтырып, шаршылай тігілген асықтарды бірден жинап, лақтырылған асықты қағып алуы тиіс.




  1. «Алмастыру» Асықтар кілем үстіне шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен бір асық алынып, лақтырылған асық қағылады. Ойыншының қолында екі асық болады. (Хан екінші қолдың көмегінсіз алға яғни саусақтарғ ауыстырылады). Ол жоғарыға лақтырылып, қолда қалған екіншісі кілемде жатқан басқа асықпен алмастырылады да лақтырылған хан қағылып алынылады. Осылайша, асықтарды алмастыра отырып, олар бір жерге жинастырылады. Соңында хан жоғары лақтырылады, қолға төрт асық жиналып алынады да хан қайта қағылады.




    1. «Үндемес» Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты

ұстар кезде қалғандары бір-біріне соқтығысып сартылдаған немесе т.б дауыс шығармауы керек.





  1. «Сарт-сұрт». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде, асықтар бір- біріне тиіп, екі рет сарт – сұрт еткен дыбысы естілуі тиіс.




  1. «Қаршу». Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды үстінен қаршып қағу керек.Сонда қолда екі асық болады.Көтерілген асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек.

4
12 «Нәби». Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған «дарбазаның» үстінен асыра


алдыңғы жаққа асықтарды шашады. Хан жоғарыға лақтырылады, ал қалған асықтарды бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек. Осылайша «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды – «ағалық» («нәби»). Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет