Сонымен ойын ережесін таратсақ: әуелі диаметрі 1-1,5 метр болатындай етіп үлкен шеңбер сызылады. Содан, шеңберді айналдыра араларын 5-10 сантиметрдей етіп қиыршық тастар қойылады. Тастар әр түске боялған. Бірінші тас (шеңбер - суретке қараңыз) – СӨРЕ (старт) ; он екінші тас – МӘРЕ (финиш). Тастардың түрлі-түске боялатын себептері:
А) Ақ түс (атың озды – үш тас; яғни, үш жерге қойылады) – бұл тастың тұсына
келген атың алға қарай және үш меже (яғни, үш тас) жылжып барып тоқтайды.
(Ескерту: егер, үш меже алға жылжып келіп тоқтағанда қара не қоңыр тастың
тұсына келіп қалса, бір меже кейінге шегеріліп тұрады);
Ә) Қара түс (атың өлді – екі тас) – бұл тастың тұсына келген жарыс аттары өлген
болып есептеледі; яғни, ойыншы ойыннан (жарыстан) шығады;
Б) Көк түс (қара басты – екі тас) – бұл тастың тұсына келіп тоқтаған аттар кейін
қарай үш меже шегінеді (Ескерту: егер, үш меже кейін шегінгенде ақ не қара
тастың тұсына келіп қалса, солай тұра береді; яғни, ақ тас пен қара тасқа
қойылатын шарттар бұған жүрмейді);
В) Қоңыр түс ( алып қашты – бір тас) – бұл тастың тұсына келген аттар да өздері
алып қашқан болып есептеліп, жарыстан шығады.
Қалған тастар боялмайды.
18
Енді тастардың орналасу тәртібі:
Ақ тас – үшеу; біреу – екінші, біреуі – төртінші, біреуі – жетінші межеге (Ескерту: меже – шеңберді айнала тұрған тастар ) қойылады.
Қара тас – екеу; біреуі – бірінші, біреуі – тоғызыншы межеге қойылады. Көк тас
– екеу; біреуі – алтыншы; біреуі – сегізінші межеге қойылады. Қоңыр тас – біреу; бұл – бесінші межеге қойылады.
(Ескерту: нағыз ойын кезінде диаметрі 1-1,5 метр шеңберді айнала 30- 40 тас тұрғандықтан, боялған тастардың саны бұдан әлдеқайда көп болады.
Мысалы: ақ тас алтау, қара тас төртеу, көк тас жетеу, қоңыр тас бесеу; бұларды ойыншылар ақылдасып отырып, әр жерге қояды).
Жарыстың орындалу ережесі:
Сонымен, ойын басталады. Ойын үлкен шеңберде өтіп жатыр. Шеңберді айналдыра 40 тас қойылған. Ойынға 15 ойыншы, яғни, 15 ат қатыстырғалы отыр. Әр ойыншыда екі-екі асықтан бар: біреуі – сақа, біреуі – бәйгеге қосылатын ат. Барлық басқа ойындар секілді, алдымен сақалар иіріліп, бастаушылар мен қостаушылар анықталады. Сосын, ойын басталады.
Ал, аттардың қалай жүретіні (демек, қалай шабатыны) былайша анықталады: иірген сақаң әлші түссе – 5 жүріс; тәйкі түссе –4 жүріс; шік – 3; бүк
– 2; жанта – 0; омпа – 8; (Ескерту: сақаны иіргенде омпаға көп тұра бермейтіндіктен, оған үлкен жеңілдік беріліп отыр; бірақ «Алмақтың да салмағы бар» демекші, омпа қай тастың қасына келіп тоқтаса да, сол тасқа қойылатын шартқа бағынады; мысалы: қара тастың тұсына келсе–өліп қалады). Сонымен, ойын басталды. Көкала шаңды көкке көтерген алақұйын аламан бәйге естеріңізде шығар. Бұл жерде де сол аламан бәйге басталады. Аттың құлағында ойнайтын шабандоз бала бәйгеге шабу өнерін ең алғаш осы жерден бастап үйренеді десек, еш қателеспейміз. Кішкентайынан осы ойынды мұқият ойнап үйренген бала өсе
келе ат жалын тартып мініп, бәйгеге шапқанда да, анабір абдырап, сасқалақтамайтыны да содан. Неге дейсіз бе? Таратып айтып көрейік, ендеше. Сонымен, бәйге басталды. Бұл – қалай болса солай сақаңды иіріп қойып, құр бекер шеңберді айналып шығу емес. Мәреге жеткенше талай-талай шешуі қиын мәселелер бар алдыңда. Бәйгеде де солай емес пе? Тақымды қай жерде қысып, қай шамада босаңсыту керек; тізгінді қай жерде тартып, қай жерде жіберу керек?
19
Бұл жолы да солай. Ойын (яғни, жарыс) – аяғына дейін, демек, ең соңғы ат мәреге жеткенше ойналады. Өйткені, сөреден мәреге жеткенше жолда бірталай бөгет бар. Бәйгеге қосылған он бес аттың нешеуі мәреге аман-есен жететіні әлі белгісіз. Міне, осы жерде ойыншылардың біліктілігі, алғырлығы, байқағыштығы және ұстамдылығы байқалады. Атың қай тастың тұсына келгенде сақаны қалай иіру керектігі осы тұста ескеріле бастайды. Сақа сыры
–иесіне мәлім. Қатты немес жай иіру, жерге жай ғана тастай салу секілді әрекеттер іске қосыла бастайды. Себебі, айталық: сенің бәйге атың тұрған тастан кейінгі екі межеден соң қара тас тұр. Ал, сенің сақаң иіргенде бүк түспес үшін сақаны қалай, қандай күшпен иіру керек?
Осындай ерекшеліктеріне мән бере отырып қарасаң, ойын алаңында керемет аламан бәйге өтіп жатқанына көзің жетеді. Біреуінің аты мәреге жете бере шаң қауып, «өліп» жатады, біреуінің тым жақсы «шауып» келе жатқан аты әлденеден үркіп ала қашып, жарыстан шығып қалып жатады, тағы біреуінің бірталай жерге барып қалған сәйгүлігі кенет кері қарай «жылжып кетеді (Бұл көріністі аты кері шауып кетті деп емес, артындағы аттар қуып жетіп, басып озды деп түсіну керек), енді біреулер баяғыда мәре сызығын қиып өтіп, аттарын суытып жүреді...
Міне, осы тірліктердің барлығы да кәдімгі шын аттар шабатын үлкен бәйгелерде де болып жатады. Ендеше, кез-келген қазақтың қара баласы үзенгіге аяқтарын салмай тұрып-ақ, оған дейін бәрі біліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |