Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет16/41
Дата25.09.2024
өлшемі4,49 Mb.
#205121
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Асық және бес асық факультатив2020жыл ZZZ

«Ханталапай» ойыны

Бұл енді ойынның төресі. Иісі қазақ бұл ойынды ежелден ойнап келеді. Бұл ойынды да басқаларды былай қойып, қыздарға дейін ойнауға болады. Негізінен бұл тек балалар ойыны. Және бір ерекшелігі - бұл ойынды үлкен адам басқарып (яғни, ойнатып) отырса, ойынға өзіндік бір ерекшелік, сән кіріп отырады. Қызығушылық артады.


Ойнау ережесі: Ойынға бес адамға дейін қатыса алады. Бес адам көнге (яғни, ойнап отырған ортаға) бес-бес асықтан тігеді – көнде 25 асық. 26-шы қып-қызыл түске боялған үлкендеу асық – ХАН. (Баяғыда балалар асықты қынаға немесе киіздің ою-өрнегін бояуға арналған бояумен бояп алатын, ал, қазір асық бояуда ешқандай қиындық жоқ дүкендерде бояудың түр-түрі толып тұр). Бұл ұтыс емес ермек ойыны. Әуелі, сақаларын иіріп, кезек ретін анықтап алғаннан кейін (Осы жерде: естеріңізде ме, жоғарыда «Қыз Жібек» фильміндегі көрністі келтіргенбіз: онда ойынды балаларға Төлегеннің әкесі Базарбай шал ойнатып отырады), ойын бастаушы (яғни, ойынды басқарып отырған үлкен адам) қос алақанындағы барлық асықты: «Асықтарым жайлы түс, сый-құрметке майлы түс» деп жерге шашып кеп жібереді. Барлық ойыншылардың көздері жерге шашылып түскен асықтарда. Егер, Ханалшы түссе, ойыншылар жерде шашылып жатқан асықтарға жапатармағай бас салады. (Ханталапай деген осы; жапатармағай бас салғанда, кім аз-көп асық жинағанына қарамай, хан қай ойыншыға түссе, келесі ойынды сол бастайды). Сонымен, ойын басталады. Хан алшы түскен жоқ.Сондықтан, бірінші кезектегі ойыншы асықтарды ата бастайды. Атқанда: жұдырығын түйген қалпы, шошайып тұрған сұқ саусағымен


20
бүк пен бүкті, шік пен шікті, әлші мен әлшіні, тәйкі мен тәйкіні атады. Атқан кезде тигізіп отырса (қатты ату шарт емес, керісінше, мұқият, жәйлап ату керек), тигізген асығын ұтқан есебінде ала береді. (Егер атқан асығы басқа асыққа тиіп кетсе немесе ұтқан асығын алып жатқанда, қолы басқа асыққа тиіп кетсе, ойын тоқтатылып, ату кезегі басқа ойыншыға көшеді). Осылайша көндегі асық біткенше ата береді. (Ескерту: атушы бөгелместен бес асық атып алса, алтыншы Ханды атады. Атқаны дәл тиіп, Ханды олжаласа, келесі ойынды сол бастайды. Әрі қарай ата береді. Әрбір атқан асығын ұтқан есебінде ала береді. Көндегі асық біткенше). Егер, атқалы жатқан асығы тым әріректе жатса немесе ортада бөгет боп басқа асықтар жатса, ондай жағдайда бас бармақты сулап жіберіп, ататын асықты жапсырып алады да, атылатын асықтың үстіне әкеліп, өзі түсіп қалғанша ұстап тұрады. Әкеле жатқанда түсіп қалса, не ұстап тұрғанда басқа саусағың тиіп қалса, не түскенде басқа асыққа тиіп кетсе ойын тоқтатылып, ойын келесі кезектегі ойыншыға өтеді. Егер бес асық атып алғаннан кейін, алтыншы Ханды ататын асық болмай қалса (Мысалы: Хан тәйкі тұр, қалған асықтар бүк, шік, әлші болып жатыр), ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. (Ол жерде жатқан қалған барлық асықтарды алақанына жинап алады да, жерге шашып жібереді. Хан әлші тұрмаса, асықтарды рет- ретімен ата бастайды).


Сонымен, ойын бітті. Енді ойыншылар қолдарындағы ұтқан асықтарын санайды. Біреуінде 7-8, біреулерінде 2-3 асықтан. Демек, 2 асығы бар адам 3 асықтан ұтылып тұр. (Естеріңізде ме, ойынның басында әр ойыншы бес-бес асықтан тіккен еді). Олай болса, ұтқан адам (өзінің бес асығынан артық алған ойыншы ұтқан болып есептелінді) әрбір ұтылған ойыншыда неше асық жетпей тұр, сонша ұпай салғаны. Немесе, өз бұйрығын орындатады: ән айт деуі мүмкін, әйтпесе, басқалай іс-әрекеттер жасатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет