Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет19/41
Дата25.09.2024
өлшемі4,49 Mb.
#205121
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Асық және бес асық факультатив2020жыл ZZZ

Алшы деп асық иірдім


Әсілінде, халқымыздың ұлттық ойындары сан қырлы, мазмұнға бай баға жетпес қазына екендігі даусыз.

Ең бастысы, ұлттық ойынның қай-қайсысы да адам көңілін көтеретін ойын-сауықтық рөл атқарып ғана қоймай дененің шынығуына, ептілік пен күш-қайраттың қалыптасуына, ақыл-ойдың жетілуіне сан ғасырлар бойы игі әсер етіп келеді. Бұған қоса қазақтың ұлттық ойындарының ұрпақ арасында бірлік пен ынтымақты дамытуға тигізетін ықпалы да орасан зор.


Асық ойынын біраз жылдан бері зерттеп жүрген этнограф-ғалым Нәпіл Базылханның пікірінше, асықты о баста көшпенділер наным-сенімдік әрі ырым-жосындық қызмет атқаратын киелі құрал ретінде пайдаланған. Археолог-ғалымдардың сонау бір замандарда ғұндар жерленген зираттарға жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында үстіне алуан түрлі таңбалар сызылған асықтар табылған. Сонымен қатар көне түрік дәуірінің археологиялық жәдігерлері арасынан да асық мол кездескен. Мысалы, Махмұд Қашғаридің «Диуани луғат ат Түрік» сөздігінен ašuq> ашұқ, асық, ašuq šürtüšti> асықпен жарысты, bök>бөк, бүге, čik> чік, шіге сөздерін де кездестіреміз.


– Мысалы, ортағасырлық жазба деректерде он бір жасар Темүжін мен Жамұқаның өз дәуірінде алтын, күміспен апталған құлжа, сақаларды алмасып серттескендігі туралы сөз болады. Бұл көшпелілердің асықтың молшылықты шақыратын киесін түсініп, болашақты болжау үшін айрықша қадір тұтқандығын аңғартады. Тіпті кейбір бақсы-балгерлер де аң, жануарлардың асықтарын өте киелі әрі қастерлі санаған. Олар, әсіресе, қасқырдың асығын ерекше қастерлеп, ол «құт, байлық әкеледі» деп сенген. Мұның өзі сонау замандарда көшпенділердің бойында асыққа деген құштарлықтың болғанын айқындай түседі. Осындай құштарлық жағдайында асық ойынының өмірге келгенін байқау әсте қиын емес. Сөйтіп, сонау ерте замандардан бастау алған асық ойындары


25
балалар мен ересектердің ойын түріне айналып қана қоймай, төлтума өркениеттің құрамдас бір бөлігіне айналды. Айрықша назар аударатын жайт, жануарлар мен ірі қараның, ұсақ малдың асықтары өзінің ерекше бітімімен ерекшеленеді. Ойынның түрлері де асықтың бітімдеріне сай орайластырылған. Әдетте, асық ойыны үшін ұсақ малдың асықтары кеңінен қолданылады. Қазақтарда асықтың қырларын алшы, тәйке, бүк, шік, оңқай, солақай, оңқы (омпы), шоңқы (шоңқай) деп атайды. Халық арасында жиі айтылатын «Асығың алшысынан түссін!», «Үйір-үйір жылқың болсын!» деген игі тілек те халқымыздың асықты айрықша қастерлей білгенін аңғартса керек. Мысалы, көшпелі халықтың бірі моңғолдар асықты šaga> шага, шағайын деп атайды. Олар да асық ойынын ұлттық ойын ретінде қабылдаған. Моңғолдардың кәрі-жасы әлі күнге дейін жазда арнайы алаңқайда, қыста өзен, көл, мұз айдындарда асықпен нысананы көздеп ату ойындарын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді. Дегенмен ұлттық ойынның төресі саналатын асық ойынына ел Үкіметі барынша назар аударып, оның әрбір аймақта жандануына ықпал етсе құба-құп болар еді, – дейді Н.Базылхан.


Десек те, елімізде жеке қаржысына ауыл балалары арасында жылма-жыл асық ойынын ұйымдастырып, жүзден жүйрік шыққан бүлдіршіндерді марапаттап, осы бір ұлттық ойынның дамуына аз да болса үлес қосып жүрген адамдар да жоқ емес. Туған ұлтына үнемі бүйрегі бұрып тұратын, асық десе «ішкен асын жерге қоюға дайын» азаматшаның бірі – «Гүлстан» бірлестігінің жетекшісі Гөзел Құлжабаева. Мұны шегелеп айтып отырғаным, осыдан біраз бұрын Алматыдан арнайы шақырылған бір топ зиялы қауым өкілдері Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Басши ауылында мектеп оқушылары арасында асық атудан өткен «Асығың алшысынан түссін!» сайысын тамашаладық. Шалғайдағы ауыл балалары үшін ұлттық ойынды ұйымдастырып, балдырғандардың ризашылығына бөленіп жүрген Гөзел Құлжабаева екен. Басқа-басқа Гөзел сол жолы бір мыңға жуық асықты арнайы жинап, оны көк, қызылды-жасылды боятып, балаларға арнайы тарту етті. Бізге айрықша ой салғаны қарапайым ауыл балаларының асық ойынына деген қызығушылығы, ерекше іңкәрлігі болды. Сол іңкәрліктен болса керек, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы іргелес жатқан үш ауыл – Басши, Нұрым және Аралтөбе ауылдарының бастауыш сынып оқушылары бірнеше жылдан бері сабақтан қолдары босай қалса болды, асықтары мен сақаларын сайлап, ауыл-ауыл бойынша асықтан өзара сайысқа түсіп, мәре-сәре болады екен. Біз болсақ, ауыл балаларының асық ату өнерін едәуір меңгеріп, тіпті асық ойыны ержелеріне де төселіп қалғанының куәсі болдық. Ең бастысы, қарапайым ауыл балаларының бойындағы құштарлықты байқап, егер шындап қолға алсақ асық ойынын да елімізде қайта жаңғыртуға болатынын түйсіндік.

– Асық ату сайысын ауыл балалары арасында ұйымдастырудағы басты мақсатым


– жас жеткіншектерді ең алдымен күні бойы компьютерде отырудан құтқару. Өйткені компьютердің жақсы да, жаман да жақтары бар. Мысалы, компьютер арқылы сан түрлі сайқал сайттарға кірген оқушы әп-сәтте әлгі сайттың арбауына түсіп, интернетке «байланады». Рас, бүгінде интернет балалардың арасында әлеуметтік ауруға айналды. Қырда да, қалада да оқушылар ұзақ уақытын


26
ғаламторда өткізеді. Мамандардың пікірінше, бұл – балалардың денсаулығына, мінез-құлқына өте зиян. Сондықтан біз ауыл балаларын асық ойынына тарту арқылы оларды ең алдымен, осы бір қасіретті «аурудан» аластатпақпыз. Бұл – біріншіден. Екіншіден, асық ойнай білу баланың ойлау қабілетін дамытып, мергендік пен дәлдікке, белсенділік пен тапқырлыққа, жағдайды жедел бағамдап, шұғыл шешім қабылдауға, ақыр соңы, бауырластыққа, ұжымдаса білуге, көшбасшылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ Елбасының айтып жүргеніндей, асық ойынын қайта жаңғырту арқылы біз ауыл балалары арасында салауатты өмір салтын қалыптастырмақпыз. Өйткені балалар біздің болашағымыз емес пе? –


деді бізге Гөзел Құлжабаева. Астана қаласының туған күнін тойлау кезінде ұйымдастырылған асық ойыны халықаралық жарысына арғысы Моңғолияның, бергісі Қырғызстан мен Тәжікстаннан «сен тұр, мен атайын» кіл мергендер жиналды. Мұның өзі дәл осы елдерде асық ату ойынының жан-жақты дамығанын аңғартты. Тіпті қырғыз ағайындар асық ойынын мектеп бағдарламасына енгізіп те үлгеріпті. Ол ол ма Қырғызстанда асық ойынында айрықша шеберлігімен көзге түскен азаматтарға спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіндегі атақтар беріліп, мемлекеттік үлгідегі арнайы сертификат табысталады екен. Сонау ғасырлардан көненің көзіндей бүгінгі күнге жеткен ұлттық ойын асық ойынына деген мұндай көзқарас – шынайылықтың, ыждағаттылықтың нәтижесінде қалыптасса керек. Ал асықты «ашых» деп атайтын тәжіктер асық атуды ежелден төл ойындары санап, оны ел аумағында дамытуға талпынуда. Сондай-ақ Өзбекстан, Түркия тәрізді бірқатар мұсылман елдерінде де асық ойыны кең тараған. Алайда алуан түрлі кедергілерге тап болған ойынның бұл түрі бұл елдерде біраз жылдар бойы ескерусіз, ұмыт қалған-ды. Дегенмен соңғы жылдары бұл мемлекеттер де


ойынның дәл осы түрін дамытуды қайтадан қолға алып, оны әлемдік додаға қосуға бел байлап отыр.


Сонда бүкіл әлемге егемендігімізді паш етіп, көк байрағымызды көкке көтергелі 30жылға жуықтаған біздің еліміздегі ахуал қандай? Қуантатыны сол, көршілес елдердегі тәрізді Қазақстанда да Асық ату федерациясы бар. Осы федерацияның жүгін арқалап, асық ату ойынын ілгерілетуді мақсат етіп жүрген азаматтардың пікірінше, елімізде асық ойыны біртіндеп дамып, қазіргі күні бұқаралық сипат ала бастаған сыңайлы. Федерациядан алынған ақпаратқа жүгінсек, қазіргі күні әрбір аймақта асық ойынына деген қызығушылық артып, ойыншылар қатары да көбейе түскен. Мысалы, дәл қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 73 асық сек-циясында шамамен 1600-дей жасөспірім асық ату өнеріне бейімделуде. Бұған қоса, алдағы жылдары еліміздің сегіз облысында арнайы орталықтар ашу жоспарлануда. Тағы бір дерек, таяуда Қостанайда асық атудан Қазақстан чемпионаты өткізіліп, жүзден жүйрік шыққан шынайы шеберлер марапатталды. Әсілінде, асық ойыны – адамды шеберлікке, сергектікке, мергендікке баулитын өнердің бірі. Бұған қоса, асық ойыны балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Мұны қазіргі күні спорт мамандары жастарға кеңінен айтты.


27
Сабақ жоспарлары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет