Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет13/41
Дата25.09.2024
өлшемі4,49 Mb.
#205121
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Асық және бес асық факультатив2020жыл ZZZ

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тәйкі
«Ұтыс» ойыны
Енді Ұтыс ойынынан таратып көрелік: мұның Алшы, Тәйкі деген екі түрі бар.

  1. Алшы ойыны. Әуелі, «Хан болып шық» ойынындағы секілді ойынға қатысушы балаларды сақалары иірліп, көнге бірінші болып кім, одан кейін кімдер шығатыны анықталып алынады. Ойын басталмас бұрын әр ойыншы көнге, яғни, ойын сызығына бір-бір асықтан тігеді. Содан, ойын басталады.

Көнге кезек-кезек шығып жатқан ойыншылардың бірінің сақасы «алшы» тұра қалған жағдайда, ол көнге өзі үшін бір асық қалдырып, қалғандарын қалтасына салып (яғни, ұтып) алады. Сөйтіп, ойын басынан басталады. Егер, көнге кезек-кезек шығып жатқан ойыншылардың бірінің сақасы «тәйкі» тұра қалған жағдайда, ол сол бетінде көн сызығында тұрған асықтардың бірін көздеп атады.Тигізген асықты көн сызығынан табан өлшемінен әрі асырып жіберсе, ол ұтқан болып есептеліп, көнге өзі үшін бір асық қалдырып, қалғандарын қалтасына салып алады. Ойын басынан басталады. (Ескерту: егер ол тигізген асығын көн сызығынан табан өлшемінен әрі асырып түсіре алмаса (яғни, өлік болса), не мүлде тигізе алмаса, көнге айып ретінде бір асық тігіп қояды. Ойын әрі қарай жалғаса береді).


Сонымен, көнге барлық ойыншылар шығып болған соң, көн сызығынан ең алыс қашықта жатқан ойыншы көн сызығында тұрған кез-келген асықтың бірін көздеп атады. Егер, ол тигізген асық көн сызығынан табан өлшемінен әрі асып түссе, ол ұтқан болып есептеліп, ойын басынан басталады; ал, асық жатқан жер

15
мен көн сызығының арасы табан өлшеміндей ғана болса, ол асық өлік деп есептелініп, қалған ойыншылар енді сол асықты (өлікті) атады. Ойын осылай жалғаса береді.




2.Тәйкі ойыны. Бұл ойынның Алшы ойынымен ережесі бірдей болғанымен, ептеп айырмашылығы бар. Мысалы, көнге шыққан ойыншының сақасы тәйкі тұрған жағдайда, ол өзі үшін көнге бір асық қалдырып, қалғанын ұтқан есебінде қалтасына салып алады. Ойын басынан басталады. Егер көнге шыққан ойыншының сақасы әлші тұрса, онда қалған ойыншылар көн сызығының қасында тұрып, кезек ретімен сол сақаны атады. Қайсысы тигізсе (қалай тигізсе де), сол ұтқан болып, ойын басынан басталады. Әрі қарай осы бағытпен ойналады. Байқап отырған шығарсыздар, екі ойынның ережелері бірдейге жақын; тек біріндеАлшы қожайын болса, келесі бірінде Тәйкі қожайындық етеді. (Ескерту: осы екі ойынға да ортақ қатаң тәртіп: көн сызығына тігілген асықтарды бірыңғай алшы, не бірыңғай тәйкі тігуге болмайды – ондай жағдайда ойыннан сырт тұрған (яғни, ойнамай тұрған) кез-келген бала көн сызығындағы асықтарды түгел «шұр-р» деп, сыпырып ала алады).


Енді, осы екі ойынның мүлде басқаша ойналу тәсілін қарастыралық:
1.Алшы ойыны.

№1-сызық

№2-сызық

№3-сызық

№1- сызық пен №2- сызықтың арасы 1 метр, №2- сызық пен №3- сызықтың арасы 30-40 сантиметр. №2- сызық – КӨН сызығы.

Сақалары иіріліп, бастаушы-қостаушылары анықталғаннан кейін, ойын басталады. Ойыншылар көннен №1- сызыққа қарай, одан әрі асырып шығады. Кейін кезек-кезек ата бастағанда, көндегі тұрған асықты №3- сызықтан бері асырып жіберулері тиіс. Бар айырмашылығы осы. Яғни, бұрынғыдай сақа тиген асықты табан өлшеміне салып жатпайды. Бұл-сақа тиген асық «өлік» болды деп дау-жанжал шығармас үшін өте пайдалы. (Әрине, сақа тиген асық №3-сызыққа сәл жетпей қалса – онда өлік болғаны)


Қалған ойнау ережесі жоғарыдағы Алшы ойынының бірінші нұсқасында айтылғандай өрбиді.





  1. Тәйкі ойыны.

16
Бұл тәйкі ойынының жоғарыдағы Тәйкі ойынымен ойнау ережесі біп- бірдей болғанымен, бір-ақ айырмашылығы бар. Ол –мынау: айталық, кезегі келген ойыншы көндегі тұрған көп асықтың бірін атты. Егер сақа мен сақа тиген асықтың екеуі де шік (әйтпесе, бүк) жатса, демек ұтқаны. Ол ұтқан асығын алады да, әрі қарай ата береді. Мақсат: сақа мен сақа тиген асық бірдей жатулары керек. Сөйтіп әр ойыншы кезек-кезегімен көндегі асық біткенше ата береді. (Бір


ойыншы асық біткенше атып, ұтып кетуі мүмкін).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет