17
тармақтарын түзету жүргізіледі. Қол жеткізілген мақсат негізінде түзетіледі,
яғни нақтыланады, өзгереді. Экспериментке қатысушылар, мұғалімдер білім
беру процесін жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруде [8]. Ғылымға кіріспе
мен идеяны ғылыми негіздеу қажеттілігін түсінудің шығармашылық процесі
сезіледі. Ал, шығармашылық – бұл сынақтан өткізуді, экспериментті қажет
ететін жаңасын жасау қызметі. Эксперименттік жұмысты жүзеге асыру үшін
құнды шешімдер қабылдауға, жаңа құжаттарды, оқу-әдістемелік кешенді
әзірлеуге әкелетін шығармашылық топтарда ынтымақтастық, қызметтестік
орнайды.
Оқушылардың
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына
деген
қызығушылығы артып, ғылыми жобаларға, пәндік олимпиадаларға
қатысушылар мен жүлдегерлер саны артады. Сонымен қатар, кадрларды
даярлауды жақсарту жолдарын іздеу жетіледі. Мұндай инновациялық ортада
мұғалімдер ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Жұмыстың дайындық кезеңінен бастап ғылыми негізделген, жүйелі
түрде ұйымдастырылған эксперимент қатысушыларға күтілетін нәтижелер
қандай болуы керек екендігі туралы нақты түсінік береді, демек, білім беру
ұйымының жаңа мәртебесін алу арқылы экспериментті одан әрі сәтті
жылжыту іске асады.
Тәжірибелік – эксперименттік алаңдардың жұмысы барысында
экспериментке қатысушылар өз тәжірибелерін педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарында, әдістемелік семинарларда, ғылыми – практикалық
конференцияларда, көрмелерде шығармашылық есептер түрінде ұсынады;
эксперименттің аралық және қорытындылары бойынша оқу–әдістемелік
әдебиеттерді таратады [9]. Ресми түрде берілген тәжірибелік –
эксперименттік
алаң
мәртебесінің
болуы
білім
беру
ұйымына
эксперименттік жұмыс тақырыбына сәйкес қызметтің үлгілік регламентіне
өзгерістер енгізуге, оқытудың мазмұнын, нысандарын, әдістерін өзгертуге;
білім беру қызметкерлері үшін эксперимент нәтижелері бойынша оқу
қызметін жүргізуге құқық береді.
Эксперимент кезеңдері:
Достарыңызбен бөлісу: