Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқК



бет14/42
Дата22.04.2024
өлшемі258,87 Kb.
#201161
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Модо тест Каирбаева,Байтуова

нұсқа


Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Нұсқаулық : Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз
Атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу- тотық-сыздану реакциялары деп аталады. Тотығу-бөлшектердің электрондарын беру процесі. Нәтижесінде элементтің тотығу дәрежесі артады. Электрон-дарын беретін зат тотықсыздандырғыш деп аталады.
Тотықсыздану – бөлшектердің электрондарды қосып алу процесі. Нәтижесінде элементтің тотығу дәрежесі төмендейді. Электрондарды қосып алатын бөлшек тотықтырғыш болып табылады. Тотығу-тотықсыздану процесі қатар жүреді. Тотықсыздандырғыштың берген электрон саны, тотықтырғыштың қосып алған электрон санына тең болады.

  1. Тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар:

А) тотығу
В) тотықсыздану С) ион алмасу
D) тотығу-тотықсыздану Е) қосылу

  1. Атом , молекула немесе ионның электрондарын беру процесі 

  1. Тотығу

  2. Тотықсыздану

  3. тотығады

  4. тотықсыздандырғыш

  5. тотықтырғыш

  1. Тотығу-тотықсыздану теңдеуіндегі H2O + NO2 + O2 → HNO3 барлық коэффициенттер қосындысын көрсетіңіз

А) 17
В) 7
С) 11
D) 14 Е) 5

  1. Атом , молекула немесе ионның электрондарды қосып алу процесі 

  1. Тотығу

  2. Тотықсыздану

  3. тотығады

  4. тотықсыздандырғыш

  5. тотықтырғыш



Күкірт қышқылы және оның тұздары.


Күкірт қышқылы H2SO4 – күшті электролит, түссіз, ұшпайтын, май тәріздес , суда жақсы еритін сұйық зат.Тығыздығы 1,84г/см3 , массалық үлесі 98%. Ол 2800С-та қайнайды,ал 10,40С-та кристалданады. Күкірт қышқылы – күшті су тартқыш зат.Егер концентрлі қышқыл толтырылған стақанды біраз
уақыт ашық қалдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады. Концентрлі күкірт қышқылы адам терісіне , матаға, ағашқа тисе, оны қарайтып күйдіреді. Күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек.Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет. Концентрлі күкірт қышқылы - күкірт атомының +6 тотығу дәрежесі әсерінен күшті тотықтырғыш болып табылады.
Екінегізді H2SO4 күкірт қышқылы сатылап диссоциацияланады, екі типті тұз түзеді: орта тұз- сульфаттар, қышқыл тұз- гидросульфаттар. Ол индикаторлардың түсін өзгертеді.

  1. Күкірт қышқылы молекуласындағы күкірттің тотығу дәрежесі- А) +2

В) +6
С) -2
D) +4 Е) 0

  1. Концентрлі күкірт қышқылына тән қасиет.

  1. тотықсыздандырғыштық

  2. әлсіз тотықтырғыштық

  3. әлсіз тотықсыздандырғыштық

  4. күшті тотықсыздандырғыштық

  5. күшті тотықтырғыштық

  1. Массасы 12 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін күкіртті газдың көлемін (қ.ж) есептеңіз.

А) 4,48л В) 4,46л С) 4,18л D) 4,28л Е) 44,8л

  1. Күкірт қышқылының орта тұздары-

  1. Фосфаттар

  2. Гидросульфаттар

  3. Сульфаттар

  4. Сульфиттер

  5. Сульфидтер


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет