нұсқа Металдарды алу.
Нұсқаулық : Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз
Табиғатта металдар бос күйінде сирек кездеседі, олар химиялық қосы- лыстар түрінде таралған.Металдардың жер қыртысында таралуы әртүрлі.
Ең кең таралған металл: Al, Fe, Ca, Na, Mg, Ti. Қалған металдар өте аз мөлшерде таралған.
Өндірісте металл алуға жарамды, құрамында металдар мен олардың қосылыстары болатын минералдар мен тау жыныстары кен деп аталады. Металдардың маңызды кені- олардың оксидтері мен тұздары. Кендерден металдарды бөліп алу әдістері: пирометаллургия, гидрометаллургия және электрометаллургияболып бөлінеді.Металдарды олардың қосылыстарынан бөлу әдістерінің барлық негіздеріне тотығу-тотықсыздану процестері жатады.
Кең таралған металдар қатарын көрсетіңіз А) N, Fe, O, Ni, Mg, V
В) Al, Fe, Ca, B, Li, W
С) Fe, C, Na, S, Mg, Ti
D) С, F, Вa, Na, Mg, Ti Е) Al, Fe, Ca, Na, Mg, Ti
Металдарды электролиз әдісімен алу-
гидрометаллургия
пирометаллургия
электрметаллургия
пирометаллургия, гидрометаллургия
сутектермия
Құрамында металдар мен олардың қосылыстары болатын минералдар А) қосылыстар
В) тұздар С) кен
D) сульфидтер Е) карбонаттар
Бос күйінде кездесетін металдар қатары
А) Ni, Mg, V В) Ag, Pt, Au С) S, Mg, Ti
D) Вa, Na, Mg, Е) Al, Fe, Ca,
Ортофосфор қышқылы . Ортофосфор қышқылының тұздары.
Фосфор қышқылы (ортофосфор қышқылы) H3PO4 – түссіз, кристаллдық зат (t балқу = 42,5°С) тығыздығы - 1,88 г/см3. Суда жақсы ериді. Фосфор қышқылы -үшнегізді қышқыл, орта дәрежелі электролит. Сулы ерітінділерде
сатылай диссоциацияланады. Фосфор қышқылын фосфор (V) оксидінен алады:
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4
Кальций фосфатына күкірт қышқылымен әсер етіп алады: Са3(РО4)2 + 3H2SО4(конц) = 2Н3РО4+ 3CaSО4
Ортофосфор қышқылы құрамындағы H3PO4 фосфордың тотығу дәрежесін көрсетіңіз
А) +5
В) +3
С) +6
D) 0 Е) -5
Фосфор қышқылының маңызды қосылыстары-
карбонаттар
селитралар
сульфаттар
фосфадтар
сульфидтер
Фосфор қышқылы түзілетін реакция- А) Р2О3 + ЗН2О =
В) Р2О4 + ЗН2О = С) Р2О5 + ЗН2О =
D) Р2О5 + Na2SO4 = Е) Р2О5 + ЗН2О =
3 моль натрий ортофосфор қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек мөлшері
6 моль
3 моль
1 моль
1,5 моль
2 моль
Достарыңызбен бөлісу: |