Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқК



бет31/42
Дата22.04.2024
өлшемі258,87 Kb.
#201161
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
Модо тест Каирбаева,Байтуова

Металдардың физикалық қасиеттері.


Кристалдық тор бойындағы электрондардың еркін қозғалуынан металдар электр тоғы мен жылуды жақсы өткізеді. Металдардың электр және жылу өткізгіштік қаттары солдан оңға қарай артады.
Hg,Pb,Fe,Zn,Mg,Al,Au,Cu,Ag.
Металға механикалық әсер еткенде,оның атомдарының қабаты ығысады, алайда электрондардың бүкіл кристалды бойлай қозғалуы байланыстың үзілмеуіне септігін тигізеді. Металдардың иілгіштігі Алтынан темірге қарай азаяды:
Au, Ag, Cu, Sn, Pb, Zn, Fe
Физикалық қасиеттеріне қарай металдар шартты түрде: төмендегідей жіктеледі а) тығыздығына қарай: жеңіл (р <5г/см3 ) және ауыр(р >5г/см3 ),ең жеңіл металл литий, ең ауыр металл осмий;
ә) балқу температурасына қарай: оңай және қиын балқитындар деп бөлінеді; оңай балқитындар Hg, Na,Ga және қиын балқитындар Cr, Fe, Mo,W. б)қаттылығына қарай: жұмсақ (сілтілік металдар, қалайы, қорғасын)және қатты(ең қатты металдар хром мен молибден) деп бөлінеді.

  1. Электр тоғын ең жақсы өткізетін металл А) Fe

В) Al С) Au
D) Cu Е) Ag

  1. Ең ауыр металл А) W

В) Fe С) Os
D) Co Е) Ni

  1. Балқу температурасы төмен металл А) Na

В) Hg С) Mg
D) Ca Е) Ba

  1. Ең қиын балқитын қосымша топ металы

  1. Pd

  2. V

  3. Мо

  4. W

  5. Au
  1. нұсқа Металдардың химиялық қасиеттері.


Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз
Химиялық қасиеттері: Металдарға тән ортақ химиялық қасиет- олар валенттілік электрондарын оңай беріп, оң зарядты ион түзеді, яғни металдар бос күйінде тотықсыздандырғыш болып табылады: Металдардың тотықсыздандарғыш қабілеті әртүрлі. Металдарды тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кему ретімен орналастырсақ, төмендегі қатар алынады: Li,K,Ba,Ca,Na,Mg,Al,Mn,Zn,Cr,Fe,Sn,Pb,HLi,K,Ba,Ca,Na,Mg,Al,Mn,Zn,Cr, Fe,Sn,Pb,H2,Cu,Hg,Ag,Au.
Металдардың белсенділік қатарында сутекке дейінгі металдар судың және қышқылдың (азот қышқылынан басқа) құрамындағы сутекті ығыстырып шығара алады,ал сутектен кейінгі металдар судың және қышқылдың құрамындағы сутекті ығыстыра алмайды.
Металдардың белсенділік қатарында тұрған әр металл өзінің оң жағында тұрған металды оның тұзының ертіндісінен ығыстырады, ал оң жақтағы металл өзінің алдындағы металды ығыстырмайды. Бірақ мұндай реакциялар үшін литий, натрий, калий, кальций сияқты белсенді металдарды қолдануға болмайды. Өйткені бұл металдар қалыпты жағдайда сумен әрекеттеседі.

  1. Fe, Cu, Pt металдардан сұйылтылған күкірт қышқылымен әрекеттесетіндері:

  1. Fe мен Cu.

  2. барлық металдар.

  3. ешқайсысы әрекеттеспейді.

  4. Тек Fe.

  5. Fe мен Pt.

  1. Алюминий хлоридімен әрекеттесетін металл:

  1. Темір.

  2. Мырыш.

  3. Кальций.

  4. Мыс.

  5. Күміс.

  1. Металл гидроксиді және сутек газы бөлінбейді, егер сумен ... әрекеттесе

  1. хроммен

  2. калиймен

  3. бариймен

  4. натриймен

  5. литиймен

4.. Кальциймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы

  1. H2SO4, LiOH, KCl

  2. HNO3, KOH, O2

  3. HBr, H2O, NaNO3

  4. HCl, CO2, FeSO4

  5. H2SO4, NaOH, H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет