Сутек- ең көп таралған элемент. Ол судың, табиғи газдың, мұнайдың және тірі организмдердің құрамына кіреді. Зертханада сутекті алу үшін металдармен тұз немесе күкірт қышқылын әрекеттестіреді. Натрий, кальций сияқты металдар сумен әрекеттескенде де сутек түзіледі. Өнеркәсіпте сутек алу үшін көмірді, метанды су буымен әрекеттестіреді немесе метанды, суды
тұрақты электртогы арқылы айырады. Сутек - түссіз, иіссіз және дәмсіз ең жеңіл газ. Ол ауадан 14,5 есе жеңіл. Сутек оттекпен әрекеттесіп су түзеді. Сутек көптеген бейметалдармен және белсенді металдармен, сондай-ақ күрделі заттармен әрекеттеседі.
Сутектің гелиймен қоспасы аэростат және дирижабльдерді толтыру үшін қолданылады. Сутекті металл оксидтеріндегі металдарды тотықсыздандыру үшін пайдаланады. Болашақта сутекті экологиялық таза отын ретінде қолдану көзделіп отыр.
Суды электр тогының көмегімен айыру қолданады:
оттегін алу үшін