Сынып: 8
|
Күні:
|
Пән мұғалімі
|
Пәні: алгебра
|
Сабақтың тақырыбы
|
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендру .
|
Жалпы мақсаттар:
|
Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара білуж және көбейткішті түбір таңбасының ішіне ендіре білу
|
Ресурстар:
|
Оқулық, тақта, сабаққа қажетті ресурстар
|
Әдіс - тәсілдер
|
Тәсілі : жеке, жұппен, топпен
|
Әдісі: АКТ, СТО,диалог
|
Оқыту нәтижесі:
|
Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді,топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді,өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
|
Түйінді идеялар
|
Квадрат түбірлердің негізгі қасиеттерін біле отырып ,квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендру.
|
Дерек көздер
|
Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, үлестрме материалдар стикерлер, бағыт парақтары
|
Сабақтың барысы :
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
2мин
|
Дене мүшелері арқылы бір-бірімен амандасады;
|
Оқушылар бір-біріне амандасуды жалғастырады;
|
3 мин
|
Топқа бөлу – әртүрлі суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады.
|
Оқушылар ұқсас фигуралар мен бірігіп 4топ құрайды, топ ережесін сақтайды.
|
Ой қозғау
|
20 мин
|
Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы «Арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не? а ≥ 0 болғанда қалай жазылады және қалай аталады ?
Егер а< 0 болса, онда √а өрнегінің мағнасы бар ма ?
√а өрнегінің анықталу облысы қандай сандар жиыны: а ≥ 0
Х2 =а, а ˃ 0 теңдеуінің қанша түбірі бар?
Кез- келген а саны үшін √а2 не орындалады
Көбейтіндінің квадрат түбірі неге тең ?
Бөліндінің кв. түбірі неге тең?
Дәреженің түбірі неге тең ?
√а10 в6, ( а ˃ 0, в< 0 ) өрнегін ықшамдаңыз.
, , бағалаймын.
|
Әр оқушы жеке жеке жауап береді. Теріс емес санның оң ( теріс емес ) квадрат түбір і оның арифметикалық кв. түбірі деп ат.
√ арифметикалық квадрат түбір белгісі. √а
Егер а< 0 болса, онда √а өрнегінің мағнасы болмайды өйткені кез-келген санның квадраты теріс емес сан. Мыс: √-16, √-1,44
Теріс емес нақты сандар жиыны.
Х1/2 = ± √а
√а2 = IaI теңдігі орындалады.
Көбейткіштердің кв. Түбірлерінің көбейтіндісіне тең а ≥ 0 , в ≥ 0 болғанда
√а*в = √а * √в.
Кв. түбірлердің қатынасына тең,
а ≥ 0 ,болса онда к-келген натурал n үшін . √аn = (√а )n теңсіздігі орындалады.
√а10 в6 = √а1|0 в6 5в3 = а5 (-в)3 = - а5 в3
|
Мағынаны ажырату
|
6 мин
|
Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару тәсілі:
√288 = √144 * 2 = 12 √2
Көбейткішті түбір таңбасы астына алу тәсілі:
13√2 = √169 √2 = √169*2 = √338
Әр топқа есеп беріледі, топпен ақылдасып шығарады, талдайды
І топ. Түбірдің мәнін табыңдар: №145
√121*64 =
√0.36*49 =
ІІ топ. 3) √12 1/4 =
√0.04*81 *25 =
ІІІ топ.
√0.09 *16*0.04 =
√1 7/9*4/25 =
ІV топ.
√121/144*2 1/4 =
√12*3*4 =
|
Топта талқылайды, талдайды, есепті шығарады, нәтижені тақтаға жазып, қорғайды.
Бірін-бірі 5 балдық жүйемен бағалайды.
|
Ой шақыру
|
8 мин
|
Әр топқа жұппен жұмыс істеуге, жаңа сабақ бойынша тапсырмалар беріледі.
Түбірдің мәнін табыңдар:
І топ. №147
ІІ топ. №148
ІІІ топ. №1495
ІV №150
|
Әр топ оқушылары жұппен берілген тапсырмалар бойынша есеп шығарады.
Қортынды бағаны көреді. Бағалау жүйесі
100 - 90 балл - « 5 »
70 – 89 балл – « 4 »
50 – 69 балл - « 3 »
|
Тақта алдында жұмыс
|
2 мин
|
Әр топқа тақырып бойынша есеп беріледі. Сол еесптерді тақтада шығарады
|
Бірін-бірі 5 балдық жүйемен бағалайды.
|
Бағалау
|
1
мин
|
Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар , 5 балдық жүйе арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
|
Кері байланыс
|
1 мин
|
Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
№151, №1152 , №153
|