мағынасын білдіреді. Осылайша өзгеше мағынада жұмсалатын
сындық ұғымдағы сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады.
Заттық ұғымды білдіретін кейбір сөздер де тұрақты тіркес
құрамында айтылғанда күшейткіш мәнге көшеді. Сондай сөздердің
бірі –
қан: қан сонар
– «нағыз сонар»,
қан сәске
– «ұлы сәске»,
«түске таяу шақ»,
қан сорпа
– «қызыл май болу»,
қан қаза
– «ауыр
қаза»,
қан қазына
– «зор», «үлкен қазына», қан базар – «қайнаған
базар». Осы соңғы тіркес ақын-жазушы, өзге де қалам иелерінің сөз
қолданысында «у-шу», «қызық думан» деген мағынада жұмсалады.
«Абай да бұрынғы жылдар осы Көлқайнардан сонау Байқошқар
өзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды қызығы бітпес
қан базардың
көшкеніндей көретін» (М. Әуезов). Мұндай
қолданыстардағы
қан базар
тіркесін
хан-базар
түрінде
«дұрыстаудың» қажеті шамалы. Тілімізде
қан базарға
ұқсас тіркестің
бірі –
қан жайлау.
Кейбіреулер бұл тіркестің мағынасын дәл
түсінбей, «үлкен жайлау» деп те ұғады. Шындығында, малшы
тұрмысында
қан жайлау
мезгілдік ұғымға байланысты айтылады
5
.
Өйткені жайлаудың алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өз
көрінісімен әсем. Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды
жайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Жайлау отының сонысына тіс
тимей, құрағының қаймағы бұзылмай тұрады. Бұдан кейінгі кез –
қан жайлау.
Бұл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып,
бас-аяғы түгел жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс,
өнер жарыс т. б. қызықтардың өткізілетін шағы да осы тұс.
Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі
қан жайлау
деп аталса керек. Ел салтына байланысты айтылатын мұндай сөздер
М. Әуезовтей ұлы суреткердің қаламынан қаға беріс қалмаған.
«Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл сағаттағы қаракеті қалың топыр,
қан жайлаудағы
бәс пен астан бір кем емес» (М. Әуезов).
Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған, жапырылмаған
сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған, базардың тарқар
сәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол –
сары жайлау.
Жайлаудың
мерзімге байланысты атауларын ғана емес, кеңістікке қатысты
аттарын кездестіреміз:
ой жайлау
немесе
етек, бөктер жайлау, төр
жайлау; кер жайлау.
Осылардың ішінде
кер жайлауды
«кең жайлау»
деп түсінетіндер де бар. Бұл түсінік дәл емес.
Кер жайлау
– «ең
алыс», «ең биік» жайлау. Мұндай жайлауда у-шу аз болады. Мал
оңаша бағылып, қоңды күтіледі.
5
Достарыңызбен бөлісу: