жараған азаматы жаңа тегіс аттанып, мына
Жауырдың асуына
қарай беттеп, қарағайға кірді (М. Әуезов).
Жауыртау
жөнінде
де ел арасына тараған аңыз бар. «Айбас ай жүреді апта жүреді.
Бір жерлерге келгенде мінген атының тұяғы сөгіліп, арқасы
ошақтай жауыр болып, мүлдем міністен қалған екен. Осынау
жауыр аттың қалған жері содан бері «Жауыртау» атаныпты дейді қыр
аңызы»
14
. Бұл – аңыз. Бірақ аңыздағы ақиқатты анықтай түсу керек.
Жауыртау, Жауырдың асуы
дегендегі
жауыр
аттың арқасындағы
жара емес.
Жауыр
– анатомиялық атау, кәдімгі – жауырын. Қазіргі
жауырын
сөзі байырғы тіл деректерінде
йағыр
(жауыр) түрінде
ұшырайды
15
.
Жауыр, жауырын
сөздері әуелде жарыса қолданыла
келіп, дербес мағынаға ие болған:
жауырын
– «анатомиялық атау»,
жауыр
– «ат арқасындағы жауыр». Бірақ тіліміздегі жарыспалы
сөздердің барлығы бірдей мағыналық жақтан дараланып кеткен жоқ.
Мысалы,
сауыр, сауырын
сөздерінің білдіретін мағынасы бір.
Бұлардың үш буындысынан гөрі
жауыр, сауыр
тәрізді екі буынды
көне түрі жер-су аттарына негіз болатындығы да назар аударады.
Мысалы,
Сауырдың
тауы,
Сауыр Азия
(Орталық Азия) т. б.
Жер-су атауларын, онда өсетін өсімдік, жүгірген аң, ұшқан құсын
өлеңге қосып, өнер жарыстыру – Жетісу өңірі айтысының ерекше
түрі. Сондай айтыстарда сол өлкедегі өзен-су немесе тау, қоныс
атауларын жүйесімен баяндап, жіпке тізгендей етіп айтып шығу
шарт. Егер айтысушылардың бірі ондай атаулардың бірін қалдырып
кетсе, әріптесінен ұтылғаны. Ел аузынан жазылып алынған сондай
айтыстардың бірінде:
«Тау-таудан Талғар таудың басы биік,
Тұрады
Алмалытау
оған тиіп
Көктауды
көлденеңдеп өлең кылсам,
Күнгейде
Шұбарағаш
күнге күйіп.
Көрінген бұдан былай
Лабасы
Іленің Алтынемел
бергі қасы.
Көктауды
көлденеңдеп өлең кылсам,
Быжының Өгізөкірген, Үңгіртасы.
Жайлауы біздің елдің
Сарыжазық
Көпшілік кедейлерге болған азық» –
14
Достарыңызбен бөлісу: