арта қолданады. Бейәдеби элементтерді ретсіз, жөн-жосықсыз
қолдану тіл көркемдігіне нұқсан келтіреді. Өйткені
бойлай, бәткерде
қылу, шекейін
дегендердің әдеби тілдегі баламасын толық бере
алатын, жалпыға ортақ эквиваленттері бар
(үнемі, әшкереледі, дейін,
шейін).
Мұндай сөздер эстетикалық қызмет атқарып тұрса, онда
әңгіме басқа
16
.
Бейәдеби сөздердің көбіне диалогта қолданылуы да жайдан-жай
емес. Шебер құрылған диалогтан оқушы түсінер нәрсе аз болмайды.
Кейіпкер кім, ескінің көзі ме, жаңаның өзі ме? Білімі мен білігі
қандай? Автор кейіпкердің аузына түзу сөз салып отыр ма? Әлде
әдейі бейәдеби сөздермен бұра тарта сөйлетіп отыр ма? Қысқасы,
қалауын тауып қолданса, кейіпкер тілінде кездесетін бейәдеби сөздер
шығармаға әр береді.
Ешбір оқушы ондай шығарманың тілін сөз шұбарлау деп
түсінбейді. Кейіпкер тілінің сипаты да әр түрлі. Олар бірде қысқа
қайырым, диалогқа құрылса, бірде кейіпкердің ой тербеп, сыр
қозғайтын, сөзім күйін ақтаратын толғаныстары арқылы да беріледі.
Ондайда жазушы диалектизмге де, сөйлеу тілінің әдеби түрінен
тысқары жатқан өзге де тілдік амал-тәсілдерге жүгінуі мүмкін.
Тәжірибелі қаламнан шыққан шығармаларда бейәдеби сөздер
эстетикалық қызметте жұмсалып, жарасымын тауып жатады. Енді
бір шығармаларда бейәдеби сөздерді қоюлата қолданудан оқушы
жасандылықты, кейіпкер табиғатына үйлесімсіздікті аңғара
бастайды. Журналдарымыздың бірінде жарияланған бір повесте
нәйеті, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды, кеспір, үзір
т. б. деп
сөйлейтін кейіпкерді ұшыратасыз. Институт бітірген, жас шамасы
қырықтан енді асқан жетпісінші жылдардың білімдар жігітінің
аузына автор осындай сөз салып, ерекше сөйлеткен сайын,
шығарманың шынайылығына оқушы күдік келтіре бастайды. Ой
тұтастығы бұзылып, сөзім селкеуленеді. Сырт қарағанда, бейәдеби
элементтерді қолданудың шарты бұзылмаған да сияқты. Бірақ
оларды қисапсыз көп қолдану, орынсыз жұмсау оқушының
эстетикалық талғамын мұқалтады. Ондай халдегі оқушыға сөз
өнерінің де әсері айтарлықтай болмайтыны белгілі.
Сөйлеуде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнға
қатысты болып, мағыналық жүк арқалап тұруға тиіс. Бірақ кейбір
адамдардың сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан келтіретін,
сөзді әсерлілігінен айыратын «қызметсіз» қыстырынды сөздер жиі
кездеседі. Сөз арасында қызметсіз қыстырылып жүретін
жаңағы,
кетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен
тәрізділерге аузы үйір адам
16
Достарыңызбен бөлісу: