қатысты. Зерттеуші небір тарихи документ, археологиялық
деректер арқылы қоғамдық институттардың принциптерімен
заңдарын ашады. Ал тарихи, археологиялық деректер үнсіз
қалған тұста ше? Онда сөздер сөйлейді. Мысалы,
сауын айту.
«Күні кешеге дейін қазақ қауымында сауын айту дәстүрі болған.
Сауын айту
– жай хабар айту емес, белгілі бір салттың ритуалы
ретіндегі хабар. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз
үлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кез
келген адамға емес, байлар мен билерге, батырлар мен
белділерге айтылады, олар сол ұлы жиынға өз үлестерін қосқан.
Саба-саба қымыз бен сойылар малын, бәйгеге шабатын
жүйріктерін, күреске түсетін балуандарын т.т. апарады. Бұл
тіркестегі
сауын
сөзінің
сауу
етістігіне қатысы жоқ. Оның түбірі
– көне түркі тілдеріндегі саб/сап (5ау) сөзі... қазақтың
сауын
айту, сөз саптау
мен
сәуегей
сияқты сөздерінде сақталып
қалған».
Сауын айту
тіркесінің «хабар айту» деген мағынасы
кейбірімізге бейтаныс болмағанымен, қоғамдық термин
функциясында жұмсалғандығын осындай зерттеулер арқылы
танимыз.
Тіліміздегі көптеген сөздің дыбыстық тұрпаты, байырғы
мағыналары өзгеріп, жаңа мазмұнға ие болып жатады. Ондай
өзгерістер көбіне-көп тіл-тілді салыстыру, байырғы жазба тіл
деректеріне сүйену т. б. арқылы анықталады. Қазіргі
дарқан
дала, дарқан дастарқан, дарқан адам
т. б. тізбектегі айтылатын
көтеріңкі лептегі
дарқан
байырғы мағынасынан өзгеріп қана
қойған жоқ, терминдік функциясын жоғалтқан сөз екен.
«Дарқан
сөзінің бастапқы мағынасы – қару-жарақ, сауыт-сайман
жасайтын шебер, ұста. Мұндай ұсталар – хан, батыр-
бағландардың қолдан-қолға тигізбейтін адамдары. Барабара бұлар
барлық алым-салықтан босатылып еркін жүріп, еркін тұратын қауым
мүшелеріне (сословияға) айналды. Тіпті кейбір шығыс елдерінде
тарқан
деген атақ, лауазымдар пайда болды. Ұсталарға тиген осы бір
емін-еркіндік, бостандық, колы жеткен молшылық, баршылық –
осынын бәрі бұл атауды жаңа мағынада қолдануға себеп болды.
Тіліміздегі
дарқан
сөзінің емін-еркін, кең-мол деген «жаңа»
мағынасы о бастағы «ұста», «шебер» деген ұғымнан қанша қашықтап
кеткенің де, бірақ белгілі байланысын үзбегенін де түсінуге болады»
(проф. Қайдаров Ә. Т.).
Достарыңызбен бөлісу: