СӨЗ ТАЗАЛЫҒЫ
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз
тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл
тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби
тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы
қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай кұбылысты тіл-тілдің
барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған,
ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.
Сөздердің мәдени лексика деп аталатын тобына жататын
дәптер
сөзі әуелде грек
(дифтера)
одан, иран тілдері
(дафтара)
арқылы
түркілер мен монғол
(дэвтэр),
тибет
(девтһер)
тілдеріне тараған.
Мұндай мәдени лексика тіл-тілдің барлығында дерлік кездеседі
деуге болады. Бірақ өзге тілден енген сөздердің кейбірі төркін
тілдегіден өзгеше мағынада жұмсалып жатады. Мәселен,
стилистика
(пән аты) тәрізді сөздің қазіргі мән-мағынасы көпшілікке түсінікті.
Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректердің «Stуlоs»
сөзімен төркіндес. Ол – «ұшталған таяқша» деген мағынаны
білдіреді. Ол кезде балауыз жағылған тақтайша жазу-сызу үшін
пайдаланылған. Ойды дәлірек жеткізу үшін таяқша арқылы
тақтайдағы жазуды әлденеше өшіріп, қайта жазуға, түзетіп отыруға
да тура келген. Таяқшаны (стильді) пайдалана білу өнері кейіннен
сөз шеберлігін, тіл мәдениетін арттыра түсу деген мағынада ұғыныла
келіп пән атауы ретінде қалыптасқан.
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден
кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер
(остановқаға барамын,
субботада
келді,
звонит
ет т. б.) мүлде басқа. Дағдының да дағдысы
бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шет
тілдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде
«элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің сөзге
ұқыпсыздығын көрсетеді.
Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден
де байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қала
береді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде-бір француз
сөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бір
басқа», – дейді Л. Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәрізді
ауыс-түйістердің болуы – тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақ
мұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Ондай ұғымдар калька
тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі
земледелие
сөзі,
зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған калька,
(қазақша
егіншілік),
ал
принять меры
француз сөзінің көшірмесі,
(қазақша
шара қолдану)
т. б. Мұндай мысалды келтіре берсек, калька
сөздердің не бір түрлерін табуға болады:
қанатты сөздер
(крылатые