қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тіл
байлығын құрайды
7
.
Бұл айтылғандардың бәрі әдеби тіл арнасының ішінде тек көркем
әдебиет стиліне қатысты болып көрінуі ықтимал. Шындығында, сөз
байлығы жөнінде көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерге
қойылатын талапты әдеби тілдің ғылыми, кеңсе стилі тәрізді
салаларына қойылатын талаппен бірдей деп қарауға болмайды.
Әдеби тіл арналарының ішінде тіл байлығын аса керек ететін сала –
көркем әдебиет. Ал ғылыми стиль немесе кеңсе стилімен
салыстырғанда, сөз молдығы – публицистикалық стильге аса қажетті
сапалардың бірі. Мәселен, курс немесе факультеттің комсомол
жиналысының қаулы, қарарларын жазуда сөз байлығынан гөрі іс-
қағаздарына тән стандартты қолданыстарды қатаң сақтау, кеңсе
стиліне тән сөздер мен грамматикалық формаларды талғай білу,
синтаксистік құрылымдарды меңгеру алдымен ауызға алынады.
Әрине, сырт қарағанда, тіл байлығы тек жазушы немесе
журналистерге ғана қойылар талап тәрізді көрінуі де мүмкін. Алайда
колына қалам, қағаз ұстамайтын, коллективтен тыс қоғам мүшесі
жоқ. Оның да іс-әрекеті коғамдық өмірдің сан алуан саласына
тәуелді. Диқан, малшы, жұмысшы, ғалым, жазушы, дәрігер, мұғалім
т. б. микрофон, телевизия, газет, журнал, кітап тәрізді информация
құралдары арқылы өз ойлары мен тәжірибелерін көпшілік
талқысына салмай ма? Сол айтарын сөз байлығы арқылы әсерлі,
оралымды тілмен жеткізсе, көпшілік жүрегіне жол табады.
Сонымен, сөз байлығы деген сапаның функционалдық
стильдердегі көрінісі әр түрлі болғанымен, қоғам мүшелеріне
қойылар талап бірдей. Өйткені тіл байлығы – сөз мәдениетінің аса
маңызды құрамдас бөлігі.
Тілдегі сөздер аспан әлеміндегі жұлдыздар тәрізді. Жарығы бар,
көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасында
ғайып болатын ғұмыры келтелері бар... Қазақ тіліндегі сөздердің
саны қанша? Оның дәл санын ешкім айта алмайды. Ешбір тілде
сөздің санын математикалық дәлдікпен айту мүмкін емес. Бірақ
тіліміздегі сөздердің мыңдап, жүз мыңдап саналатыны белгілі. Әр
түрлі заттар мен құбылыс атауларын білдіретін сөздерді мол
камтыған, жіпке тізгендей саралап берген сөздіктердің өзінде сөз
саны жарты миллионға жетпейді, ерекшелігіне қарай толық сөздіктің
өзінде кісі аттары, фамилиялары, жер-су атаулары, тым тар өрісті
терминдердің қамтылмай, шеткері қалып қоятындығы белгілі. Оның
үстіне кейбір сөздердің 20-30-дан астам мағынасы бар. Сөздің
7
Достарыңызбен бөлісу: