сыңары деуге болады. Егер қазақ тілі тек қана ғылымның немесе
ресми қарым-қатынастың ғана тілі болса, онда экспрессиялы
қолданысқа зәру де болмас едік. Бірақ, жоғарыда аталғандай,
экспрессиялы сөз қатарларын қызметіне сай жұмсамау әдеби тілдің
стильдік нормасына нұқсан келтіреді, кей жағдайда тіпті өрескел әрі
түсініксіз көрінеді (мысалы, ешбір адамның
«5 тонна қара алтын
түсіріп алдым,
бір қап алтын дән алдым»
деп сөйлемейтіндігі белгілі).
Сөз мәдениеті алдымен тіл амал-тәсілдерін дұрыс қолданудан, сөз
жатықтығынан басталады. Ал жатық сөздің негізгі арқауы – әдеби
тілдің нормасы. Бірақ жоғарыда айтылған бірлі-жарым мысалдардың
өзінен-ақ әдеби тіл нормасының табиғаты күрделі кұбылыс
екендігін, оның әр түрлі ерекшеліктері болатындығын да байқадық.
Әсіресе қатаң норма мен босаң норманы дәл айыра білу, босаң
нормаға байланысты тілдік варианттардың ерекшелігін, жарыспалы
сыңарлардың бір-бірінен артықшылығын сөзіне білу, олардың қыр-
сырын дұрыс байқай отырып саралай жұмсау, түптеп келгенде, сөз
жатықтығына қойылар талаптар.
Қазіргі қолданысымызда босаң нормаға жататын
мүлде басқа –
мүлдем басқа, мынадай – мынандай, шын мәніндегі – шын мәнісіндегі,
жалғыз – жаңғыз, түгелдеу- түгендеу
т. б. варианттардың алдыңғы
сыңарына баспасөз беттерінде редактор қаламының еркіндік бере
бастағаны сезіледі. Бұлай болуы орынды да, өйткені
мынандай
дегенге қарағанда
мынадай
нұсқасы ықшам. Тіл-тілге ортақ
заңдылық бойынша ықшам, жинақы қолданыстар (варианттар) тілдің
коммуникациялық қызметіне қолайлы көрінеді. Ал
жалғыз – жаңғыз,
түгелдеу – түгендеу
варианттарындағы
жалғыз, түгелдеу
тәрізділердің
артықшылығы – бұлардың өзге тұлғада кездесуі мен дербес
қолданылуы:
жалғыз, жалқы, түгелдеу, түгел, түп-түгел.
Осылардың
жарыспалы сыңарлары
жаңғыз (жаңқы
түрінде қолданылмайды),
түгендеу (түген, түп-түген
деп айтылмайды) тәрізділерден мұндай
ерекшелік байқалмайды. Варианттардың бір-бірінен осындай
өзгешеліктері сөзіле бастаған кезде-ақ әдеби тіл нормасына
немқұрайлы қарамайтын оқушы артықшылығы бар сыңарларға жіп
таға бастайды. Ал қатаң норма түріне байланысты ақау жіберу әдеби
тіл нормасына жаттықпаған, тіл мәдениетіне жүрдім-бардым
қарайтын адамдарда жиі ұшырасады.
Ой қырымда елімнің аты қандай,
Әр атауда талай сыр
жатырғандай,
Жай көл емес, киелі мынау айдың.
Жазираға жарасқан жарқын маңдай
Достарыңызбен бөлісу: