шаруа малы. «Жабының жалқұйрығы қалың, денесі шымыр,
тұрқы ұзын, мойны мен аяқтары қысқа, жатағандау көрінумен
бірге, ет алғыш, мес, тез арымайтын берік, ыстық-суыққа,
аштыққа, жұмысқа төзімді, шабан болғандықтан, кейде мұндай
жылқыны шаруаның «керігі», «тұғыры», «шобыры», «торысы»
деп те атай беретін»
9
. Шаруаның
шобыры,
қойшының
қойторысы,
тұғыры
тәрізді сөздермен қатар, көне мұра тілінде, батырлық
жырларда
Көрік сөзі жиі кездеседі. «Бұл жердегі
көрік – ат
дегеннің синонимі, бірақ
көрік
сөзі жағымсыз геройға
байланысты жерде айтылады. Көрік мінген қалмақтың ханы,
палуаны болып келеді. Соған қарағанда,
көрік деп жалпы атты
емес, бойы аласа деген сияқты жылқының белгілі бір тұқымын
атаса керек»
1 0
. Көрік сөзі батырлық жырларда теңеудің
компоненті ретінде де қолданылып,
жалпақ, қақпақтай
сөзінің
баламасы ретінде жұмсалынады. Алайда
көрік сөзінің мәніңе
жете мән берілмегендіктен бе, батырлар жырының кейінгі жайын
кесіп-кесіп, өзі айта бастады» (М. Әуезов).
Жылқы
сөзі – төрт түліктің бір түрінің атауы. Шаруа адамы
жалпы қыл құйрықты
жылқы
деп атағанмен, олардың қадыр-
қасиетін ажыратып отырған. Жылқыны алдымен
қазанат
және
жабы
деп үлкен екі топқа бөлген.
Қазанатқа
бәйге аттары,
жаугершілікке мінетін аттар жатқызылып, олар өлең-жырларда
сәйгүлік, арғымақ, тұлпар, қазмойын
деп дәріптеліп отырған.
Арғымақтан туған
қазанат,
Шабуыл салса нанғысыз, Қазанаттан
туған
қазмойын,
Күніңе көз көрінім жер шалғысыз (Махамбет
Өтемісұлы). Көркем шығармалардан, әсіресе халқымыздың асыл
мұрасынан
жабы
сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,
жабыдан
айғыр салмаңыз (Бұхар Қалқаманұлы).
Жабының
жол
бұзатын жорғасындай... (М. Әуезов). Мұндай қолданыстардан
жабының нашар, жарамсыз, жылқы екендігін байқаймыз. Бірақ
бұлай деу – жабыны қазанатпен салыстырғанда ғана
қолданылатын бағалау. Әйтпесе, жабы – еті, сүті мол, нағыз
шаруа малы. «Жабының жалқұйрығы қалың, денесі шымыр,
тұрқы ұзын, мойны мен аяқтары қысқа, жатағандау көрінумен
бірге, ет алғыш, мес, тез арымайтын берік, ыстық-суыққа,
аштыққа, жұмысқа төзімді, шабан болғандықтан, кейде мұндай
9
Достарыңызбен бөлісу: