«Түйең нешеу» деп сұраған адамға тура санын айтпай, «бір соқыр»
немесе «екі соқыр» дейтін болған. Онысы – «жүз» немесе «екі жүз»
дегені.
Түйе малының тағы бір атауы –
мойнақ.
«Мойнақ – түйенің
алқымынан басына (құлақ түбіне) дейінгі мойын терісі. Мойнақ
түйеде ғана болғандықтан «түйе» деген сөздің орнына «мойнақ» деп
те сөйлейді. Мысалы, бес-алты мойнағымыз бар деген сөзден бес-
алты түйесі бар екенін білеміз»
12
.
Сөз байлығының бір саласы – жер-су атаулары мен кісі есімдері
(ономастикалық атаулар). Жер-су атаулары тіл білімінде топонимдер
деп аталады.
Қазақстан топонимдері зерттеушілер үшін аса құнды
лингвистикалық, тарихи, этнографиялық деректер береді. Сондықтан
жер-су, әр түрлі мекен аттарын сақтау, бұрмаламай дұрыс қолдану
мәселесі арнайы зерттеулерде де, мерзімді баспасөзде де сөз болып,
географиялық атауларға да «Қызыл кітаптың» кажеттілігі орынды
айтылып жүр.
Жер-су аттарында көптеген ашылмаған сыр, шешілмеген жұмбақ
жатыр. Кей-кейде жер-су аттары «Неге бұлай аталған»? деген
сауалға орай, ел арасында айтылып жүрген әр түрлі аңыздарды да
кездестіруге болады. Сондай аңыздың бірінде: «Ұзақ жол, алыс
сапардан шаршап-шалдығып келе жатқан жолаушы жолай кездесе
кеткен дарақтың түбіне келіп, дем алып, аяқ суытпақ болады да,
қолындағы асасын (таяғын) жерге қадай салады. Біраздан соң қараса,
жаңағы аса тұрған жерден мөлдіреп бұлақ ағып, аяғы арналы өзенге
айналып кетіпті. Содан бұл өзен Аса деп аталған екен», – дейді.
Шынында, Асаның суы мол, нулы өңір екендігін аңыздағы ақиқат
десе болады. Бірақ бұл атауды аңызда айтылғандай
аса
(таяқ) сөзімен
байланыстыра қою қиын. О бастағы дыбысталуы басқаша болуы
ықтимал. Жер-жерде кездесетін
Аса
(Жамбыл облысы),
Асы
(Алматы
облысы),
Яса, Иаса
(Түркістанның XII ғасырға дейінгі аты)
тәрізді атауларды зерттеушілер Қазақстанның Оңтүстік
аймақтарын, Қырғызстан жерін мекендеген ежелгі
ас (асс)
тайпасымен байланысты қарайды.
Өзен-су, қыр-қырат атаулары жердің табиғи көрінісіне,
жаратылыс ыңғайына, өсімдік (фауна), жан-жануарларына
(флорасына) қарай да атала беретіндігі белгілі.
Қарағанды,
Мойылты, Шілікті, Аршалы
топонимдері сол жердің фаунасына
қарай аталса,
Текелі, Жыланды, Арқарлы
атаулары осы мекеннің
флорасына байланысты пайда болған. Бірақ көптеген жер-су
12
Достарыңызбен бөлісу: