Нұргүл Оқашева Қазақтың Қайымы С



Дата10.10.2020
өлшемі13,25 Kb.
#64116

Нұргүл Оқашева

Қазақтың Қайымы

С. Муқанов атындагы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада жазушы, ғалым, әдебиеттанушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлыгының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылан әдеби кеш өтті. Шараға қатысқан өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен ұстаздары, студенттері мен оқушылары қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан қаламгердің тауқыметті тағдырымен, шыгармашылық мол мұрасымен танысты.
Ол саналы ғумырының басым бөлігін киелі шығыс өңіріндегі Семей мемлекеттік педагогикалық институтына арнаған. Оның алдын көрген шәкірттерінің дені бүгінде әдебиет пен тілдің білгір мамандары атанып, жемісті қызмет етуде. Солардың бірі — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Жанар Таласпаева ұстазының абайтануға, шәкәрім-тануға сіңірген қыруар еңбегі жайлы сөз сабақтады. Жазушы Мұхтар Әуезовпен қарым-қатынасы туралы әңгіме өрбітіп, көзі тірісінде шәкірттеріне көрсеткен тәлімі, ғылымға адалдығы, турашылдығы және сыпайылығы жайында баяндады.

Жиналғандар сан қырлы тұлға туралы әңгіме өрбіткен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры Зарқын Тайшыбай мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Зейнолла Әкімжановты да ықылас қоя тыңдады.



Шараға өңіріміздің әдебиетке әуес өрендері де белсене атсалысты. Мәселен, студент Мұрат Мәметжан қаламгердің "КарЛаг" және "Теміртау" лагерьлерінде айдауда жүргенде жазған "Балаларыма" өлеңін оқып берді.
// Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 28 қаңтар
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет